Сайтқа кіру Тіркелу

Сенсорика. Кірпі

Білім беру саласы: таным, қатынас.
Бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: «Кірпілер»
Мақсаты: «көп», «аз», «біреу», ұғымдарын қалыптастыру; заттарды түстері бойынша топтауды, заттың көлемін ажыратуды үйрену; кеңістіктік түсініктерін дамыту; сөйлеу тілінде заттың орнын білдіруші кеңістік ұғымдарын қолдана білу (астында, үстінде, жанында); жалпы және ұсақ моториканы, тактильді түйсікті, эстетикалық мәдениетті дамыту; жануарларға деген қамқорлық қатынас пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: ойыншық кірпі, кірпіні жасауға арналған ермексаз, күнбағыс дәні, мүсіндеуге арналған тақтайша, қыстырғыш, ши, алмұрт, жүзім мен сүлгі.
Сөздік жұмыс: тікенекті
Билингвальды компонент: кірпі - ежик, жасыл - зеленый, сары - желтый.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің басқару іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Қуанамыз, күлеміз,
Бар әлемді сүйеміз.
Қол ұстасып, қуанып,
Достармен бір жүреміз.
Жұмбақ:
Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
Кірпі – талғаусыз қоректенетін жануар. Ол әр түрлі жәндіктерді аулап, жеміс - жидектерді жақсы көреді. Жақсы естиді және иісшіл болады. Ол қорыққан кезде домалана қалып, жауынан қорғанады. Ол орманда тіпті елді мекенде де тіршілік етеді. Кірпілер қараша айында ұйқыға кетіп, көктемде оянады.
«Кірпінінің балаларын тап» дидактикалық ойыны:
- Балалар қараңдаршы, кірпі - ана бізге қонаққа келді. Бірақ ол көңілсіз сияқты. Неге көңілсіз екенін өзінен сұрайық?
Кірпі - ана: кішкентай балаларым тығылып қалды. Балалар балаларымды табуға сендерден көмек сұраймын. Менің балаларымның қайда жасырынып қалғанын білесіңдер ме?

Билингвальды компонент: кірпі - ежик, жасыл - зеленый, сары - желтый.
Балалар жауаптары.
кірпі
Кірпі анамен амандасады.

Балалар кірпінің балаларын іздейді.(үстелдің орындықтың астынан, себеттің ішінен, төсектің астынан)

Ұйымдастырушылық - ізденістік «Кірпілер қандай?» дидактикалық ойыны.
- Кірпі - ана қандай?
- Ал кірпінің балалары қандай?
- Кішкентай кірпілер қанша?
- Ал үлкені ше?
- Қараңдаршы, жасыл көгалда қанша кірпі отыр?
Балалармен жұмыс жүргізеді.
Сергіту сәті:
Тікенекті кірпі келеді.
Шыршаға ұқсап шайқала,
Жинап жеміс жидекті,
Асығар үй жайына!
Сөздік жұмыс: тікенекті.
«Кірпіге көмек» дидактикалық ойыны.
- Ал қазір, балалар, үстелдеріңе жақындаңдар. Қараңдаршы, сендердің үстелдеріңнің үстінде кірпілер жатыр. Бірақ олар бір түрлі екен. Оларда не жоқ?
- Кірпілердің арқаларына тікендерін қайтаруға көмектесейік пе?
- Ол үшін жеміс - жидектерді (алма, алмұрт, құлпынай) таңдап, түрін, түсін, қандай жеміс – жидек екенін ажыратып топқа бөлінеміз.

- Үлкен
- Кішкентай
- Көп
- Біреу
Аз

Қимыл қозғалыстар жасайды.
Қайталайды:
Тікенекті
Үстелге жақындайды.

- Тікенек жоқ.
Бәрі келіседі.

Балалар жауабы.
Алманы таңдаған балалар қыстырғыштан,
Алмұртты таңдаған балалар шиден, құлпынай таңдаған балалар күнбағыс дәндерінен тікендер жасайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Жарайсыңдар, балалар! Кірпілеріміз тамаша болды. Кірпілерімізді арқаларынан сипайықшы.
- Олар қандай болып шықты?
«Кім тапқыр?» дидактикалық ойын.
Мақсаты: Жануарлар арасынан кірпіні тани білуге үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту.

- Тікенекті болды.
Балалар қызыға ойын ойнайды.

Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: әр түрлі қажетті, қажетсіз заттардан кірпіні жасауды меңгереді;
Түсінеді: кірпі тікенекті болатынын; «аз», «біреу», және көп ұғымдарын және кеңістік ұғымдарын (астында, ішінде, т. б ) түсініп, сұрақтарға жауап бере алады;
Қолданады: кірпі туралы және оның өмір сүру ортасы туралы түсініп айта алады.

Тәрбиеші: Қ. Мусағалиев
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×