Сайтқа кіру Тіркелу

Төрт түлігім – ырысым

Рудный қалалық әкімдігінің №18 орта мектебі КММ
Досымбетова Гүлсім Тұрдыбекқызы

Сабақ өткізудің технологиялық картасы
Білім беру аймағы: «Қатынас, Таным, Шығармашылық»
Сала: Тіл дамыту
Тақырыбы: Төрт түлігім – ырысым
Мақсаты:
Білімділік: Үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Үй жануарларының төлдерін ажыратып айтуға, олардың қалай дыбыстайтынын меңгерту.
Төрт түліктің пайдасы, олардан алынатын өнімдермен таныстыру.
Дамытушылық: Сабақ барысында сөздік қорын байыту, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру. Ұлтжандылық сезімін ояту.
Тәрбиелік: Үй жануарларын күтуге, қамқор болуға, ересек адамдардың еңбегін құрметтеуге үйрету.
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, салыстыру, топтастыру
Технология: ойын, дамыту оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Көрнекіліктер: төрт түліктің суреттері, құрт, тұзды қамыр, сүт өнімдері

Мотивациялық - шығармашылық
Шаттық шеңбері:
Біздің топта ұл - қыздар
Тату - тәтті жүреміз
Тілек айтып өзара
Шаттықпенен күлеміз
Жүрекшеміз сиқырлы
Тілекке толы әр түрлі
Балалар мен мұғалім бірге:
Ұл сымбатты, қыз сұлу,
Болу үшін әмәнда
Мұғалім: Денеміз
Балалар: Тік
Балалар: Аяғымыз орнында
Қолдарымыз партада
Ережені сақтаймыз
Сабақты енді бастаймыз

Ізденіс - ұйымдастырушылық
Дидактикалық ойын «Ненің даусы»
Балалар, енді мұқият тыңдаңдаршы, ненің даусын естіп тұрсыңдар?
Суретпен жұмыс
Ал енді кім маған мына суреттердің арасынан сиырдың суретін алып көрсетеді?
Мынау не?
Сиыр қайда болады?
Сиыр қалай дыбыстайды?
Сиыр не жейді?
Сиыр бізге не береді?
Сиырды қалай шақырады?.
Жылқы, қой, түйе, ешкінің даусын есту арқылы ажырата білу, суретпен жұмыс жасата отырып, сұрақтарға жауап береді.
Бұлардың барлығын қалай атаймыз?
Басқаша қалай атаймыз?
Бұл жануардың барлығын төрт түлік дейді.
Біздің жануарлар бір – біріне ұқсайды ма? Ендеше мен сендерге түйе мен сиырдың суретін беремін. Сендер ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табасыңдар.
Түйе және сиыр
Үлкен үй жануары, екі көзі, екі құлағы, аузы, мұрны, 4 аяғы, өркештері, сабалақ жүні бар, бізге шұбат, көлік болады.
Балалар қараңдаршы, біз үй жануарларын жақсы біледі екенбіз.
Балалар біз бүгін 3 орталықпен жұмыс жасаймыз.
1. Ғылым орталығы: Онда біз сүт өнімдерінің түрлерін зерттеп, танып білеміз.
а) сүт, қымыз, шұбат деген не?
б) сүттен жасалатын тағамдарды көрсету.
в) ет тағамдарын көрсету суреттердің арасынан қоршап көрсету

2. Өнер орталығы: Құрт жасауды үйренеміз.
Тұзды қамырдан құрт жасап, «Қазақстанда жасалған» маркамен шығару.
3. Кітап орталығы:
Біз білімімізді одан әрі тереңдетуміз керек.
Ойын « Асық алу»
жұмбақ жасыру
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Мінсең көлік болады,
Жақындасаң қасына,
Қорқытады баланы (Түйе)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар
(Қой)
Төрт бұлағы сүт
Баққанға ол құт (Жылқы)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен,
Бұл не, өзің тауып ал?
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жаптырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
Төрт аяғы бар,
Басында екі таяғы бар,
Иегінде екі сақалы бар.
/Ешкі/.
Сақалы бар,
Санасы жоқ.
Жарайсыңдар.
Орталыққа 6 - 7 минут уақыт беріледі ортаға белгі бойынша жиналады.
Сергіту сәті
Сабау алып қолыма,
Қойдың жүнін сабадым
Уызын ішіп сиырдың,
Уықтарды қададым. (қимылмен жасайды)
Балалар малдың баласын қалай атайды.
Малдың баласын төл дейді.
«Төл»- сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Неше дыбыс неше әріп бар.
Буынға бөлу.
Неше дауысты дыбыс, неше дауыссыз дыбыс бар.
Олар қандай текшемен белгіленеді. текшемен сөзді жазу.
Суреттегі жануарларды төлдерімен қосып айту. Тақтадағы жануарлардың төлдерін атау.
Дидактикалық ойын: «Төлін тап»
Балалар сендердің алдарыңда ақ парақ бар, келесі жағын аударсаңдар, тапсырма бар. Берілген үй жануарларының төлдерін сызықпен қосу керек.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×