Сайтқа кіру Тіркелу

«Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің» - мерекелік ертеңгілік

Ханшайым: Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды)
Біз қандай елге келдік, ақылшы періштем?
Періште: Бұл «Балауса» балдырғандар елі.
Бұл елде өте әдемі, ақылды, білімпаз, өнерпаз балалар тұрады.
(осы сәтте бір топ бала шығады)
Марал: Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай - ау, алақай Той тойлайық, балақай
Қыздырғанша алақан Кел, соғайық балақай.
Құрал: Бейбітшілік әніміз өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз
Майра: Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша
Гүлмира: Гүлмен келсін келер күн
Бала - бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
(Бір топ бишілер: «ча - ча - ча»биімен ортаға шығады)
Ханшайым: Ой, қандай керемет балалар, қандай өнерлі балалар, қандай әдемі балалар.
Періште: Көрдің бе сүйікті Ханшайым менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай. Мен сізге уәде беріп едім ғой, егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп. Міне мен өз уәдемде тұрдым. (Осы кезде Шайтан келеді) Шайтан: О - О мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп қалдыңдар а? Неге айтшы Ханшайым, мен де сенің досың едім ғой.
Періште: Сен Ханшайымымды азғырма. Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді. Сенімен дос болғысы келмейді, сен тек жаманшылыққа бастайсың. Шайтан: Иә, саған мен де Ханшайымымның досымын. Өткенде өзеннен алтын балық ұстап алғанда Ханшайымым оны аяп қайтадан өзенге жібере салғысы келді. Ал, мен болсам Ханшайымымды үгіттеп 3 тілегіңді орындат дедім.
1 - ші тілегің «Мен әлемдегі ең әдемі Ханшайым болсам»деп айт дедім. Ол тілегі орындалды.
2 - тілегің «Мен әлемдегі ең бай Ханшайым болсам»деп айт дедім. Ол тілегі де орындалды.
3 - ші тілекті айтқалы жатқанда сен келіп киліктің Періште білесің бе, есіңе түсті ме?
Періште: Иә, мен кешігіп қалдым. Әйтпесе 3 тілегін де әділдікпен адалдық тек ғана жақсылыққа арнатар едім. Тек соңғы тілекте ғана «Мен әлемдегі өте адал, мейрімді, өнерлі, білімпаз балалардың өмірін көріп өзім де солардан өнеге алғым келеді»деген тілек еді. Міне, сол тілек орындалып біз Ханшайым екеуміз «Балауса» балдырғандар еліне келіп тұрмыз. Ханшайым: Сендерге не болған, қойыңдар енді. Маған сөз беретін түрлерің жоқ ғой. Маған Періштенің ақылы ұнады. Өйткені мен осы жасқа келгенше мынадай ғажайып елде болған емеспін. Сондықтан Шайтан сен бұл ғажайыпты бізбен бірге тамашала! Ойыңды сосын айтарсың. Шайтан: Құп! Мәртебелі Ханшайым Құзырыңа құлдық.
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке, қуанышта балалар, хош келдіңдер, хош келдіңдер ата - ана, қонақтар!
Құрметті «Мөлдір бұлақ» балабақшамыздың көркі де, сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын, аспандарың ашық, елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін. Бүгінгі 1 - маусым Балалар күніне арналған «Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісі апайымыз мен балабақша ата - ана комитетінің төрайымына береміз.
Жүргізуші: Бүгінгі ертеңгілігімізге «Ертегі әлемінің қонақтары да келіпті, хош келдіңіздер! Төрден орын алыңыздар. Құрметті Ханшайым менімен бірге бүлдіршіндер өнерін жүргізуге басшылық жасауға қалайсыз? Келісесіз бе?
Ханшайым: Жарайды, келісемін мен де соны қалап тұр едім
Жүргізуші: Өте, тамаша келіңіз менің қасыма. Біздің балаларға қандай тартуыңыз бар. Мүмкін ән айтып не би билеп берерсіз.
Ханшайым: Әрине менде құр қол келген жоқпын. Періштем менің әуенімді қосшы. («Бала тілегі» әнін орындайды)
Жүргізуші: Өте тамаша, рахмет өнеріңе. Кезекті біздің балаларға берейік. Өнер десе өрілген Биіктерден көрінген Бишілерді шақырсақ «Қара жорға» биімен «Мектеп алды даярлық» тобы.
Жүргізуші: Айдында жүзген аққудай Айжан қыздың биін - ай әуеніне қол соғып, биіне қол соғыңдар. Мырзахан Перизаттың орындауында «Аққу» биі
Ханшайым: Келесі кезекте Нұрғиса Мұқтардың орындауында «Айгөйлек»әні
Жүргізуші: «Орыс биімен» бишілер тобын шақырамыз
Ханшайым: «Достық» әнімен Досжан Мұратты шақырамыз
Жүргізуші: Енді ортаға «Катюша» биімен бишілерді шақырамыз.
Ханшайым: Біздің елге қайтатын уақытымыз болды. Бізге рұқсат бересіңдер ме балалар? Менің достарым қайда? (Періште мен Шайтан келеді)
Жүргізуші: жарайды, келіп бізбен бірге мерекені тойлағандарың үшін рахмет! Жолдарыңыз болсын!
Ханшайым: Сіздің балаларыңыздан көп өнеге алдық. Мен енді тек бойыма жақсы қасиеттерді жинауға уәде беремін, осындай ғажайып әлеммен таныстырған Періште досыма көп рахмет. Періште: Достар хош болыңдар кездескенше күн арайлы болсын!
Шайтан: Мен де енді жақсы дос болуға уәде етемін, кешіріңдер мені (Қоштасып үшеуі шығып кетеді)
Жүргізуші: Қане балалар жақсы әнімізбен достарымызды шығарып салайық - «Әрқашан күн сөнбесін» әні

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9"Балауса" балабақша тәрбиешісі
Шынар Мүберекова Тыныштыққызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×