Сайтқа кіру Тіркелу

Орман иесіне көмек

Ересек топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қазақ тілі. Құрастыру.
Тақырыбы: Орман иесіне көмек
Мақсаты: Жабайы жануарлар тақырыбы бойынша берілген сөздер аю, түлкі, қасқыр,
кірпі, қоян, тиіндердің жабайы аң екендігін ұғындыру, қазақ тіліне тән дыбыстатардың дұрыс дыбысталуын меңгерту, сөз, сөз тіркесі, сөйлеммен сөйлеуге дағдыландыру, балалардың қол моторикасын, ойлау қабілетін кьюзенер таяқшалары, танграмм, воскобович шаршысы, фонариктер арқылы дамыта отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыру;
Тәсілдер кезеңі:
Педагогтың қызметі Балалардың іс - әрекеті:
Мотивациялық - қозғаушы
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Қалдарың қалай?
Телефонға қоңырау келеді. Балалар, қоңырау кімнен болды екен, қарайықшы.
- Мен орман иесімін. Орманда тұрамын. Бірақ менің орманымдағы барлық аңдар жоғалып кетті. Оларды таба алмай қалдым. Табуға көмек беріңдерші? Балалар келген қонақпен амандасады.
Орман иесінің достарын табуға келісімін береді.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
1 слайд: Ағаштың артында жасырынған қоянның бейнесі:
- Балалар, қараңдаршы, мына жерде жасырынған жануар бар сияқты? Мынау ненің құлағы?
- Дұрыс айтасыңдар. Қоянның сендерге арнаған 1 тапсырмасы:
Дыбыстық жаттығу.
Дыбыстық жаттығу:
- ян, - ян, - ян, мынау қоян,
- қыр,- қыр,- қыр, ашулы қасқыр,
- ін, - ін,- ін, кішкентай тиін,
- кі, - кі, - кі, қызыл - сары түлкі,
- пі, - пі, - пі, кішкентай кірпі
тапсырманы орындайды.
- Тамаша, жарайсыңдар.
2 слайд: Жасырынған тиіннің суреті
- Ал мынау ненің бейнесі?
Тиіннің тапсырмасы.

2 слайдтан тиіннің суретін танып, тапсырмасын орындайды.
Тиіннің тапсырмасы:
Қалташаларға тиісті суреттерді сандары бойынша орналастыру және оларды дұрыс қазақша оқу.
1 5 3
8 2 7
6 9 4
Қалташаларға сурет пен санды сәйкестендіріп салады.

3слайд: Аюдың бейнесін және тапсырмасын көрсетеді.
Аюдың тапсырмасы:
«Сызбаларды сөйлет» Слайдтан сызбаларды қайталау және сөйлемдерді сөйлету.
Мыс:
Әр бала өз сөйлемін оқиды.
Қоян орманда тұрады.
4 слайд: Қасқырдың тапсырмасы.
«Фигурасын жаса»
ТАнграмм, кюйзенер таяқшалары, воскобович шаршысы, фонарик арқылы жануардың бейнесін жасау.
Үлестірілген карточкаларға сәйкес тиісті жануарды жасайды және ненің бейнесін жасағанын айтып өтеді. Мыс: Мынау түлкі. Түлкі қызыл - сары.
5 слайд. Кірпінің суреті. Тапсырма: Сергіту сәті.
Музыка әуенімен билей отырып орындайды..
Аю келеді қорбаңдап,(2 рет), Аю.
Қоян келеді секеңдеп, (2 рет), Қоян,
Түлкі келеді қылмаңдап, (2 рет), Түлкі.
Қасқыр келеді ырылдап, (2 рет), Қасқыр.
Түлкі, аю, қоян
- Тамаша, жарайсыңдар.
6 слайд. Түлкінің бейнесі. «Жануар жайлы әңгімеле»
Айтып берші
Балалар ойыншықтар көмегімен жануарлар жайлы әңгімелейді.
Мыс: Мынау аю. Аю қоңыр. Аюда құлақ, бас, аяқ бар. Аю орманда тұрады
6 тапсырма. «Жануар жайлы әңгімеле»
Айтып берші
Балалар интерактивті тақта арқылы көрсетілген бейнені танып, қоянның құлағы екенін атайды.
Рефлексифті - түзетуші Сурет көрінеді.
- Тамаша, жарайсыңдар.
- Міне, балалар, барлық жануарлар табылды. Сендер маған көмектестіңдер. Рахмет. Мен енді орманға ораламын. Сау болыңдар.
Балалар жануарларды табуға көмектескендеріне қуанады. Орманшымен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Аю, түлкі, қоян, қасқыр, тиін, кірпі – жабайы аңдар екенін, орман иесіне көмек көрсету керектігін ұғынады;
Педогогтың тапсырмасының мақсатын, орындалу ретін, тапсырма шартын түсінеді;
Қазақ тіліне тән дыбыстарды атау, сан мен суретті коврограф арқылы сәйкестендіру, мнемосызбалармен сөйлем құрастыру, танграмм, кьюзенер таяқшалары, фонарик, воскобович шаршысынан жануарларды құрастыру, берілген сұраққа толық жауап беру қолынан келеді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жабайы жануарлардың тіршілік мекені

Жабайы жануарлардың тіршілік мекені

Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Оларды орманда мекен ететіні жөнінде айту. Балалар үй жануарлары және жабайы жануарларды ажырата...
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарларды айыра білуге, атай білуге үйрету. Аңдардың балаларын тани білуге, атай...
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін...
Жабайы жануарлар

Жабайы жануарлар

Мақсаты: Әр аңның атын, балаларын ажыратып дұрыс атауға, жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға...
Жабайы аңдар

Жабайы аңдар

Өскемен қаласындағы мектепке дейінгі мекемелердегі қазақ тілі мұғалімдерінің бірлестігінің жетекшісі, №7 «Радуга» балабақша - бөбекжайы КМҚК-ның...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×