Сайтқа кіру Тіркелу

Балабақшаға арналған сабақтар

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№11 «»Балапан балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан

Сабақ тақырыптары:
1. Қыс кереметі
2. Бәйтерек
3. Саңырауқұлақтар әлемі


Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті

Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Шығармашылық
Білім беру бөлімі: Тіл дамыту. Қ. М. Ұ. Қ. Сурет
Тақырыбы: Қыс кереметі
Мақсаты:
1. Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін, тілін дамыту
3. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылыққа баулу.
Түрі: Аралас
Әдісі: Түсіндіру. Серуен. Раунд - Робин.
Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер (электронды), қысқы орман
көрінісі, сурет салуға қажетті құрал - жабдықтар.

Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, оларды шаттық шеңберіне шақырады.
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң балалар!
Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қане санай отырып, рет - ретімен атайықшы
- Қыс мезгілінде ауа - райы қандай болады екен?
- Тағы қандай өзгерістер болады?
- Көктем мезгілінде немесе жаз мезгілінде қар жауады ма?
- Қай кезде ғана жауады?
- Жарайсыңдар. Міне көрдіңдер ме, балалар, бұл да қыстың бір кереметі.
Яғни біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: Қыс кереметі деп аталады.

Іздену, ұйымдастыру
(Осы кезде есік қағылып, қолында сиқырлы таяғы бар Қыс ханшайымы келеді)
Ханшайым: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! Сіздердің мен туралы айтқандарыңды естіп едім, қыс мезгілі туралы жақсы біледі екенсіңдер. Ал қыс туралы қандай болжамдар біледі екенсіңдер?
- Қыс аязды болса жаз ыстық болады
- Қыс қарлы болса жаз жаңбырлы болады
Ханшайым: Жарайсыңдар балалар, ал мына жұмбақты шеше аласыңдар ма?
- Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады.
Ол не?

Тәрбиеші: Қыс ханшайымы біз орманға барып қыс кереметін тамашалағымыз келеді. Солай ма, балалар?
Ханшайым: Жарайды. Онда бәріміз орманға барайық. Мен сендерге сиқырлы таяғыммен қанат бітірейін.
(Барлығы ұшып орманға келеді)
Табиғатты тамашалайды
Бұтақта отырған тиінді көреді.
Тәрбиеші: - Ой, балалар, мынау қандай аң?
- Тиін туралы кім тақпақ біледі екен?
- Мен тиінмін, тиінмін
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
(Келе жатып жолдан түлкіні кездестіреді)
- Балалар, мынау түлкі я?
Түлкі туралы де тақпақ жаттаған едік қой.
- Түлкі атаулы қу ғой
Жүрген жері ду ғой.
Жатып алып жағада
Көздегені су ғой.
(Бір кезде келе жатып, бұтаның түбінде жылап отырған қоянды көреді)
- Балалар, мынау қоян ғой. Қоян, сен неге жылап отырсың?
Қоян: - Менің үйімді біреулер таптап, бұзып кетіпті. Енді тоңып отырмын
- Балалар қоянға көмектесеміз бе?
- Ендеше, қоянға үй салып берейікші.
Үйді бірінші неден бастап салатын едік?
- Одан кейін не істейміз?

- Оның пішіні қандай?
- Енді не қалды?
- Шатыры қандай пішінде болады?
(Қоян қуанып қалады)
- Жарайсыңдар, балалар. Енді бәріміз қоян туралы көңілді тақпақ айтайықшы.
Өтірік өлең
- Салпаң құлақ қоян,
Тартып отыр баян.
«Браво» десті мәз болып,
Құрбақа мен шаян.
- Балалар, жоғары қараңдаршы, күн бұлттанып тұр.
- Бірдеме жауғысы келіп тұрған сияқты.
(Осы кезде қар жауады)
- Балалар, қардың түсі қандай?
- Пішіндері қандай?
- Олай болса, осы қарды қағаз бетіне бейнелеп көрейікші
Тәрбиеші қардың салу үлгісін көрсетеді

Рефлексиялық
- Ой, жарайсыңдар, балалар!
Балалардың салған суреттерін көрмеге ілу
Ханшайым: Сендер тамаша, білімді балалар екенсіңдер. Рахмет сендерге. Сау болыңдар!
Қуанышты хаьарлама тарату. (Қар бейнесі)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×