Сайтқа кіру Тіркелу

Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат

«Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат»
/әлеуметтік орта, шығармашылық білім беру салалары бойынша көркем әдебиет оқу іс – әрекеті/

Кубденова Жанылсын Сабитқызы
Атырау қалалық №20 «Алтын балық»
мүмкіншілігі шектелген балаларға
арналған балабақшасы тәрбиешісі

Оқу - іс - әрекетінің мақсаты: Балаларды ертегідегі берілген хайуанаттар мінез – құлқын, іс - әрекетін түсінуге, соның ішінде түлкінің жағымсыз қылықтарын көре білуге үйрету. Хайуанаттар мінез - құлқын салыстыра отырып, жағымсыз қылықтарды ажырата білуін жетілдіру. Түлкі туралы ертегілер айтқызып, халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Оқып беру, түсіндіру, әңгімелеу, рольдерге бөліп ойнату.
Алдын - ала жұмыс: Балаларға алдын - ала түлкі туралы ертегі оқып беру,
мақал - мәтелдер үйрету.
Көрнекіліктер: Түлкі туралы ертегілер, ертегі көріністерінің суреттері, атрибуттар, киімдер
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері Бір шаңырақ астында
Тату тәтті тұрамыз
Біз балдырған баламыз
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын көк аспан
Дос боп бірге жүрейік,
Күліп өмір сүрейік

Тәрбиешінің іс - әрекеті
- Балалар мен сендерге өлең оқып беремін.
Бұл өлең кім туралы айтылған?
Тал шыбықтай бұралып
Кербез сұлу қу бикеш
Алдыңнан шықса қуанып
Аңтарылып қалма кеш
Құйрығы ұзын әдемі
Көркіне сән береді.
Таңдандырып әлемді
Бізге де сол керегі
Ерінбей інін қазады
Өзі сылқым бұл анық
Қыстан тоңбай шығады.
- Бұл өлеңде не туралы айтылған?
- Түлкі туралы түсіндіріледі.(Түлкінің суреті ілінеді)
- Ол жыртқыш аң, өзінен ұсақ жануарларды аулайды. Оның кішкентай күшіктерін «Мыршай» деп атайды.(қайталау)
- Мына суретте балалар қараңдаршы түлкі мұртынан күліп тұр. Яғни оның қу екенін, айлакер, алдаушы екенін көруге болады. Өзінің сан түрлі қылықтарымен алдайды.
- Балалар сендер түлкі туралы қандай ертегілер білесіңдер?
Біздер қандай ертегілер өттік?(Оқылған ертегілердің аттарын сұрау.)
Балалар түлкі барлық ертегілерде өзінің айлакерлігімен, қулығымен ерекшеленеді.
Мысалы:«Торғай мен түлкі» ертегісінде өзінен кішіге әлімжеттік жасайды, басқаның еңбегін пайдаланады.«Түлкі мен ешкі» ертегісінде өзінің қулығын асырып, құдықтан шығып кетеді. Түлкі сияқты іс - әрекетті жасауға болады ма?

Балалар қазір мен сендерге тапсырмалар беремін. Балалар кубикті тастау арқылы санға сәйкестендірілген ертегінің мазмұнын айтуларыңыз керек. Келесі бала ертегі мазмұнын жалғастыруы керек.
1) Торғай мен ешкі
2) Түлкі мен арыстан
3) Қоянның үйі
4) Түлкі мен құмыра
5) Торғай мен түлкі
Осы ертегілерге байланысты мақалдар айту.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар»
«Ұрлық түбі – қорлық»
«Еңбек етсең, емерсің»
Тәрбиеші: Осы айтылған мақал - мәтелдер қай ертегінің оқиғасына сәйкес келеді, қайсысының түйіні болады? Балалар осы ертегілерге қатысты суреттерді құрастырып көрейік.
(«Торғай мен түлкі»ертегісінің бір көрінісін 12 бөліктен құрастыру.)
Балалар осы түлкі туралы айтылған ертегілерімізді айта келе «Түлкі мен Арыстан» ертегісін сахналап көрейікші.
«Түлкі мен арыстан» ертегісін балалар сахналайды.
Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай ауламайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ,- деп, барлық аңдарға хабар таратады.
Аңдар бір - бірлеп арыстанның халін білуге барады. Арыстан аңдардың біреуінде қайтармайды. Бәріде жем болады.
Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да:
- Хәліңіз қалай, тақсыр?- деп, көңілін сұрайды
- Хәлім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел түлкіжан, азырақ сөйлесейік?- дейді арыстан.
Түлкі:
- Мен саған жақын барар едім - ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ!- деп жүріп кетіпті
Тәрбиеші:
- Балалар бүгінгі оқу іс - әрекетімізде түлкі туралы ертегілерге тоқталдық. Түлкінің түрлі жағымсыз қасиеттерін білдік. Түлкі сияқты іс - әрекеттерді қайталауға болмайтынын түсіндік.
Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді мынадай сөзбен аяқтайық.
Серуендесең орманда
Қу бикешке алданба
Ісіңе берік батыл бол
Жақсылық саған табар жол
Ұрының ісі оңған ба
Өнеге ал пайдаң сол
Өтірік айтып лаң салма
Беделді бол ортаңда
Кір келтірме атыңа
Сай болсын ісің затыңа
Сабақты аяқтау. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білді: Түлкі туралы ертегілер
Меңгерді: Жақсы және жаман қасиеттерді ажыратуды
Жасай алды: Ертегіні сахналады, құрастырды
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Түлкі мен ешкі ертегісі

Түлкі мен ешкі ертегісі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті....
Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегілер халқымыздың...
Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегілер халқымыздың...
Түлкі мен қоян

Түлкі мен қоян

Мақсаты: ертегінің мазмұнын түсіндіру, ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту; балаларды батырлыққа, өжеттілікке,...
Мақта қыз бен мысық

Мақта қыз бен мысық

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×