Сайтқа кіру Тіркелу

Серуен

Серуен №1
Мезгіл: Жаз.
Жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Балаларға жаңбыр қайдан және қалай пайда болатынын түсіндіру.
Сендер аспанда не көріп тұрсыңдар?
Олар неге ұқсайды? Олар неге жылжып жатыр?
Жаңбыр бізге не үшін қажет? Жаңбыр қандай?
Жаңбыр жауғанда не болады?
Жаңбыр қай мезгілде жауады?

Сергіту сәті:
Жау, жау жаңбыр,
Жау жаңбыр.
Арық суы мол болсын!
Жауған жерің шөп болсын.

Қимылды ойын: «Соқыр теке»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу. Дене бұлшық етін дамыту.
Ойын шартын бұзбай ойнауға үйрету.
Ойынға керекті құралдар: Көз байлайтын орамал.
Ойынның шарты: Балалардың арасынан санамақ арқылы бір бала таңдалып алынады.
Оның көзін орамалмен байлайды да, беске дейін санап айналдырады. Сөйтіп, соқыр теке
Басқа балаларды ұстауға кіріседі.
Егер соқыр теке балалардың біреуін ұстап алса, сол бала соқыр теке болады.
Сондықтан балалар соқыр текеге ұсталмауға тырысады.
Солай ойын жалғасын табады.

Еңбек: Ауланы қоқыстардан тазарту.
Мақсаты: Бір - біріне көмектесіп, еңбектену дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдар: Қалақша, қолғап, шелектер.

Серуен №2
Мезгіл: Жаз.
Желді бақылау.
Мақсаты: Жел туралы мағлұмат беру.
Желдің түрлерімен таныстыру.

Жел дегеніміз не?
Жел қандай болады?
Жел қалай пайда болады?
Жел не үшін қажет?
Жел бізге керек пе, жоқ па?
Желді көрмесек қалай сеземіз?
Оңтүстік, солтүстік қайда, батыс пен шығыс ше?
Жел қай жақтан соғып тұр?

Сергіту сәті:
Жел соғады бетімізге,
Тербеледі ағаштар.
Тыныш - тыныш отырыңдар,
Биік - биік ағаштар.

Қимылды ойын: «Аққу - қаздар»

Мақсаты: Ойын шартын бұзбай ойнауға дағдыландыру.
Сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты: Құсшы құстарды жем жеуге босатады да, былай дейді:
- Аққу - қаздар2жем жедіңдер ме?
- Су іштіңдер ме?
- Құстар жауап береді.
Балалардың ішінен бірін қасқыр етіп сайлайды.
Құсшы: Сақ болыңдар, аш қасқыр! келеді - деп дауыстайды.
Аққу - қаздар иелеріне қарай ұшулары керек.
Ал, аш қасқыр болса құстарды ұстап алып жеуге тырысады.
Ұсталған аққу - қаздар, қасқырға көмектеседі.
Сөйтіп аққу - қаздар азайып, біткенше ойын жалғасады.

Еңбек: Гүлдерге су құю.
Мақсаты: Тазалыққа, бірлікке, еңбекқорлыққа баулу.
Керекті құралдар: Күрек, су, шелек.

Серуен №3
Мезгіл: Жаз.
Табиғат әсемдігін бақылау.

Мақсаты: Балабақша айналасындағы ең көрікті жерді таңдап, бақылау жасау.
Табиғаттың сұлу көркіне балалардың қызығушылық
сезімдерін арттыру. Табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Әр жыл мезгіліне қарай табиғаттың өз сұлулығы, әсемдігі болатынын айтып түсіндіру.
Бағыттаушы сұрақтар қою арқылы «Тірі және өлі»табиғаттың өзара байланысын түсінулеріне көмектеседі.
Шөптің қырауы, жапырақтардың түсуі(күзде) ағаштардың бұтақтары, үйлердің шатырларын, айналаны ақ қар жапқан
(қыста) жер көгереді (көктем) айнала қызыл - жасыл гүл, аспан
шайдай ашық (жазда)
Неге осы жерді не үшін ең көрікті жер деп ойлайсыңдар?
Тақпақты жаттау: Жаз келіпті дегенше,
Алма пісіпті дегейсің.
Бақшамызда ендеше,
Алма теру көбейсін.

Жұмбақ шешу: Қайнамай піскен,
Асықпай түскен. (жеміс - жидек)

Қимылды ойын: «Қуып жет»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, бір - бірінің қолдарынан ұстап,
«Айгөлек»әуенін айта келе:
Айгөлек - ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Осы топтың ішінен,
Анар атты қыз (Асан атты ұл ) керек - деп шақырады.
Анар күш жинай жүгіре барып, қолдарын үзіп өту керек.
Қолдарын үзе алмаса, сол топта қалады. Үзіп қашып кетсе, екі топтың қай біреуі, қуып жетіп ұстау керек. Өзінің тобының балалары ұстап алса өз тобына қайтадан келеді. Олай болса, бұл баланың яғни шапшаңдығын, күштілігін аңғарамыз.

Еңбек: Ауланы сыпыру.
Мақсаты: Ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрету.
Керекті құралдар: Сыпырғыш, күрекше, қорапша.

Серуен №4
Мезгіл: Жаз.
Ағашты бақылау.
Мақсаты: Ағаш туралы мағлұмат беру.
Ағаштардың жыл мезгіліне байланысты құбылыстарын түсіндіру.
Ағаш қандай?
Ағаштар бізге не үшін қажет?
Ағаштар қай мезгілде көктейді?
Ағаштардың бізге қандай пайдасы бар?
Ағаштардың түсі өзгере ме?
Ағаштардың өсуі үшін не қажет?
Ағаштың 300 - ден астам түрі бар.
Ағаштар көбінесе көп жылдық болып келеді. Ағаштар көміртегін сіңіріп, от - тегін бөліп шығарады.

Тақпақ жаттау: Көгілдір аспан да,
Көк сеңгір тастар да
Құлпырып жайнайды,
Мамыр гүлін ашқанда.
Қымыздық теремін,
Көп қызық көремін.
Апама сәукеле
Гүлдерден өремін.

Қимылды ұлттық ойын: «Арқан тарту»
Мақсаты: Ұлттық ойынды жаңғырту, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойын шартын бұзбай ойнауға үйрету.

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, арқанның екі ұшынан ұстап, белгіленген меже бойынша күш сынасып тартысады.
Берілген межеден асып кеткен топ жеңіледі.
Оларды өздеріне тартып алған топ мәреге жетеді.
Сөйтіп ойын кезекпен жалғасын табады.

Еңбек: Ағаштарға су құю, арам шөптерін жұлу.
Мақсаты: Ағаштарға қамқорлық көрсетуге баулу. (су құю, бұтақтарын сындырмауға үйрету)

Керекті құралдар: Күрек, шелек, су.

Серуен №5
Мезгіл: Жаз
Желді бақылау.
Мақсаты: Жел туралы мағлұмат беру.
Желдің түрлерімен таныстыру.

Жел қалай соғады?
Біз желді көреміз бе?
Оны көрмесек қалай сеземіз?
Желдің дыбысы қандай?
Біз оны естиміз бе?
Оң жақ қайда? Сол жақ ше?
Ал, енді бізге жел қай жақтан соғып тұр?

Сергіту ойыны:
Жел соғады бетімізге,
Шайқалады ағаштар.
Тыныш - тыныш отырыңдар,
Биік - биік ағаштар.

Қимылды ойын: «Аралар»
Мақсаты: Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Ойдан сөз, сөйлем құрастыруға дағдыландыру.
Ойын шарты: Бір топ бала қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады да үш - төрт бала ортаға шығады. Олар аралар:
Баудағы кім?
Ара болсаң, ызыңда,
З, з, з, з, з, з, з, з.......
Жұмыс істе тығылма.
Аралар бір - бірімен сөйлесе бастайды. Қандай жұмыс түрін көрсететіндері туралы кеңеседі. «Жұмыс істе, тығылма»- деген сөзді естіген кезде тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, ағаш аралағандай қимыл - қозғалыстар жасайды.
Балалар осылай әндетіп, аралардың қимылын қайталайды.

Еңбек: Айналаны сыпыру.
Мақсаты: Тазалыққа бейімдеу, жұмыстарды бірге істеуге баулу.
Керекті құралдар: Сыпырғыш, қалақша, шелек.

Серуен №6
Мезгіл: Жаз
Құстарды бақылау.
Мақсаты: Құстар туралы жалпы мағлұматтар беру.
Жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы
түсінік беру.

Қандай құстарды білесіңдер?
Құстар немен қоректенеді?
Жылы жаққа ұшып кететін құстарды білесіңдер ме?
Құстардың жазғы тіршілігі қандай?
Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?
Құстар қандай дыбыс шығарады?

Тақпақ жаттау: Бөдене, бөдене,
Бұғып қалып көдеге,
Ұстатпайды қусам да,
Тойғызар ем бедеге.

Қимылды ойын: «Ұшты - ұшты»

Мақсаты: Балаларды ұшатын заттар мен ұшпайтын заттарды
ажырата білуге үйрету.
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға ұшатын құс, әуе көлік атауларын, сонымен қатар кез келген атауларды атайды.
Егер олар ұшатын болса құс қанатын қағып қимыл көрсетеді.
Ал, егер ұшпайтын зат атауын атаса, онда қолдарын қимылдатпайды.
Егер керісінше ұшатын затта қимылдатпай, ұшпайтын затта қимылдатса, бала ойыннан шығарылады.
Мысалы: Ұшты - ұшты, ұшақ ұшты – десе, қолдарын қимылдатады.
Ұшты - ұшты, кітап ұшты – десе, қолдарын қимылдатпайды.

Еңбек: Ауланы сыпыру
Мақсаты: Ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрету.
Керекті құралдар: Сыпырғыш, күрекше, қорапша.

Серуен №7
Мезгіл: Жаз
Жазда гүлдерді бақылау.
Мақсаты: Балаларға гүл туралы мағлұмат беру.
Гүл деген не?
Гүл қандай болады?
Ол қайда өседі?
Гүлдің қандай түрлерін білесіңдер?
Гүлдің пайдасы бар ма?

Тақпақты жаттау:
Гүл өсір сен бағыңда,
Тұрсын көздің жауын ап.
Бүршік жарған шағында,
Үзе көрме жұлып ап.

Қимылды ойын: «Тығылмақ»

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Санамақ арқылы бір бала тығылған балаларды іздеуші болып тағайындалады. Ал, басқалары тығылады.
Тәрбиеші 10 - ға дейін санап болғанша, іздеуші бала көзін жұмып тұрады.
Осы сәтте қалған балалар тығылып үлгерулері керек.
Бірінші болып табылған бала, іздесуге көмектеседі.
Осылай ойын жалғасын таба береді.

Еңбек: Гүл егу
Мақсаты: Гүлді өсіре білуге, табиғатты қорғауға, гүл табиғаттың бір бөлшегі екенін түсіндіру.
Керекті құралдар: Гүл тұқымы, күрек, шелек, су.

Серуен №8
Мезгіл: Жаз
Топырақты бақылау.
Мақсаты: Балаларға топырақ, құм туралы мағлұмат беру.

Топырақ деген не?
Топырақтың түсі қандай?
Топырақ қайдан пайда болады?
Құм дегеніміз не?
Топырақ болмаса жер болушы ма ед?
Топырақ не үшін қажет?
Топырақ, құмсыз адамзат, табиғат тіршілік ете ала ма?
Құм мен топырақтың айырмашылығын түсіндіру.

Сонымен қатар барлық тіршілік ететін адамзат, жан - жануарлар, өсімдіктер үшін топырақтың алар орыны өзгеше.

Қимылды ойын: «Қоян»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, икемдікке үйрету.

Ойын шарты: Бір топ бала жазық алаңға жиналып, бір - бірінен қашықтығы 50 - 60 метрдей жерде екі қоршау жасайды. Қоршауды «Орда» деп те атайды. Содан кейін бастаушы балаларды сапқа тұрғызып, есептей бастайды. Ол есептегенде кәдімгі санмен есептемей, мүлде басқаша тәртіппен, мысалы: «алдар, солдат, балдат, капитан, сен қаласың, ал мына сен топтан шығасың»,- деп есептейді. Содан кейін ол балаларды қайта санайды. Осылай санап келгенде - ең соңғы ойыншы «тазы» болады.
Есептеп болғаннан кейін «қояндардың» бәрі баяғы екі қоршауда тұрады, «тазы» олардан 3 - 4 метрдей жерде орналасады. «Қояндар» бірінші қоршаудан екінші қоршауға қашады, ал «тазы» оларды қуып жүріп ұстайды. «Тазы» кімді ұстаса, сол «тазы» болады да, «қояндарды» ұстауға көмектеседі. Бірақ «тазылар» «қояндарды» қоршауда тұрған жерінде, не қоршауды бойлап жүріп бара жатқанда ұстауға тиіс емес. Оларды қоршау мен қоршаудың арасында ұстауға тиіс. Ойын осылай созыла береді.

Еңбек: Алаңды сыпырып тазалау.
Мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Сыпырғыш, қалақша, тартпа.
Серуен №9

Мезгіл: Жаз
Бұлттарды бақылау.
Мақсаты: Балаларға бұлт туралы мағлұмат беру.
Балалар бұлт дегеніміз не?
Бұлт қалай пайда болады?
Бұлттың түсі қандай?
Бұлттан не пайда болады?
Бұлтты күн сендерге ұнай ма?
Бұлттардың көшуі дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті:
Бұлттар - бұлттар аусаңшы,
Қалаға, далаға.
Бұлттар - бұлттар жаусаңшы
Селдетіп, көлдетіп.
Нөсер - нөсер төк - төк,
Болсын егін көп - көп.

Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Ойын шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады.
Араларынан екі бала таңдалып алынады. екі баланың бірі - мысық, бірі - тышқан болып сайланады.
Тышқан: Бұтақты да кемірдім,
Кітапты да кемірдім,
Мен осындай жемірмін,
Шиық - шиық, шиық - шиық.
Секектеймін ыршып та,
Кезікпеймін қырсыққа,
Ұстатпаймын мысыққа,
Түк - түк, түк - түк,
Қане, ортаға шық - шық.
Мысық: Мияу2,
Кім, әй, мынау?
«Шиық - шиық»- демей,
«Шық - шық» дейді.
Бұл тышқанның өнерін,
Қане, байқап көрейін.
Тышқан мысықты қуа жөнеледі.

Еңбек: Ауланы жинау.
Мақсаты: Тазалық сұлулықтың белгісі ұранымен баулу.
Керекті құралдар: Күрек, шелек.

Серуен №10
Мезгіл: Жаз
Құрт - құмырсқаларды бақылау.
Мақсаты: Құрт - құмырсқалар туралы қысқаша мағлұмат беру.
Олардың тіршіліктерін бақылау.
Құрт - құмырсқалар дегеніміз не?
Олар немен және қалай қоректенеді?
Сендер құрт - құмырсқа көрдіңдер ме?
Құрт - құмырсқалар бунақ денелілерге жата ма?
Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына
Оңға қарады, солға қарады
Тауда ешкім қалмады.

Қимылды ойын: «Көк ту»
Мақсаты: Достыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа баулу.
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топта өз тулары болады.
Әр тудың қорғаушысы болады. Ту қорғаушылар тудың қасында тұрады.
Ал, басқа балалар қарсыластарын өз тобына ауыстырулары керек.
Екі топтың ортасынан сызық сызылады да, қарсыластарына қарама - қарсы тұрады. Бір - бірінің қолдарынан ұстап, өз топтарына тартып алуға тырысады.
Сөйтіп қай топ балаларды көп жинай алса, сол топ жеңіске жетеді.
Жеңілген топтың туына шабуыл жасалады.
Егер де туларын қорғап қалса, ойын жалғаса береді.

Еңбек: Алаңдағы қоқыстарды жинау.
Мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Қолғап, тырнауыш.

Серуен №11
Мезгіл: Жаз
Жапырақты бақылау.
Мақсаты: Балаларға жапырақ туралы мағлұмат беру.
Жапырақтың мезгіл ерекшеліктеріне қарай құбылыстарын байқау. Жапырақтарды жинап кептіру.

Балалар жапырақ қандай түсті?
Олар қайда өседі?
Жапырақ қай мезгілде түседі және қай кезде өсіп шығады?
Балалар жапырақ күзде сарғайып түсіп қалады.
Ал, көктемде қайта бүр жарып өседі.

Жұмбақ жасыру:
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе сары.
(Жапырақ)
Табиғатсыз адамзаттың тіршілігі жоқ. Табиғаттың әсемдігін, көркемдігін, құдыреттілігін айтып түсіндіру.

Қимылды ойын: «Етек - етек»
Мақсаты: Топтан қалыспай тез қимылдауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар ішінен біреуі құс болады.
Ал, басқалары бірінің етегінен бірі ұстап, бастапқы баланың артынан жүреді.
Етектен айырылып қалған баланы құс ұстап жеп қояды.
Ол бала ойыннан шығарылады.
Ал, ұстаңдар етектен,
Айырылмаңдар жетектен,
Біз шөжелер боламыз,
Алдымызда анамыз.
Кім айырылса етектен,
Шығып қалса жетектен,
Соны ұстайды карақұс,
Сол болады құсқа жем,
Ұрынады қатерге,
Ана сөзін екі еткен.

Еңбек: Ағаш түбін қопсыту.
Мақсаты: Жинақылыққа баулу.
Керекті құралдар: Күрек, тырнауыш.

Серуен №12
Мезгіл: Жаз
Жапырақты бақылау.
Мақсаты: Балаларға жапырақ туралы мағлұмат беру.
Жапырақтың мезгіл ерекшеліктеріне қарай құбылыстарын байқау. Жапырақтарды жинап кептіру.

Балалар жапырақ қандай түсті?
Олар қайда өседі?
Жапырақ қай мезгілде түседі және қай кезде өсіп шығады?
Балалар жапырақ күзде сарғайып түсіп қалады.
Ал, көктемде қайта бүр жарып өседі.

Тақпақ жаттау: Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді,
Жаз баптап өсірсе,
Күз жинап тереді.

Табиғатсыз адамзаттың тіршілігі жоқ. Табиғаттың әсемдігін, көркемдігін, құдыреттілігін айтып түсіндіру.

Қимылды ойын: «Мәлкі тотай»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Бұл ойын алаңда, клубта ойналады. Ойнаушылар саны жұп, әрі алтыдан кем болмауы керек. Олар өз ішінен екі басшы сайлайды. Ойынға қатысушы балаларды санамақ арқылы екіге тең етіп бөледі. Содан кейін әрбір бастаушы өз адамдарымен он метрдей қашық барып, қол ұстасып, қатар түзеп тұрады. Бірінші топтың бастаушысы: «Мәлкі тотай» деп айқайлайды. Екінші топтың бастығы одан: «Саған кім керек?»- деп сұрайды. Сонда ол керек адамның атын атайды. Аты аталған бала шақырған тізбекті (қолдарын жаздырып) кету үшін бар пәрменімен жүгіріп барып, киіп өтеді. Егер тізбекті үзіп кетсе, одан ол өз тобына бір баланы ала келеді, ал егер үзе алмаса, сонда қалып қояды. Содан кейін екінші топтың бастаушысы сөз бастап, ойынды бұрынғышынша қайталайды. Қай топта көп бала жиналса сол топ жеңімпаз болады.

Еңбек: Ағаш түбін қопсыту.
Мақсаты: Жинақылыққа баулу.
Керекті құралдар: Күрек, тырнауыш.

Серуен №13
Мезгіл: Жаз
Жәдіктерді бақылау.

Мақсаты: Балаларға жәндіктер туралы түсінік беру.
Жәндіктердің тіршіліктерімен таныстыру.
Жәндіктерге еш қиянат жасамауға үйрету.

Жәндіктер дегеніміз не?
Олар немен қалай қоректенеді?
Сендер жәндіктер туралы не білесіңдер?
Тақпақ жаттау: Шыбындар
Қабырғаны жағалап,
Қуалаймыз сабалап.
- Шыбындар, лас кірсіңдер,
Мұнда неге жүрсіңдер?!
Бір қап кір бар аяқта,
Қонасыңдар етке де,
Танау менен бетке де,
Ызыңдамай кетіңдер,
Терезе ашық өтіңдер.
Кір аяқ, лас шыбындар,
Өлмей тұрып шығындар!

Қимылды ойын: «Бояулар»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа үйрету.
Тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты: Сатушы бояуларды түгендейді.
Түстерді әр топқа бөледі: Қызыл, жасыл, сары, көк, қызыл сары, ақ көк,
Көгілдір, сұры, күлгін, қара, т. б.... сол сияқты.

Ал, бояулар өз түстерін есте сақтау керек. Сатып алушы келіп: Тук - тук
Сәлеметсіз бе? Сіз бояу сатады деп естідім.
Сатушы: Сізге қандай түс керек десе?
Саудагер: Маған ақ түс керек - десе, ақ түсті бояу қашуы керек.
Ал, саудагер қашқан түсті ұстап алса, ол түс саудагерде қалады.
Егер, ұстай алмаса, ол түс дүкенге келіп қайта сатылады.
Сөйтіп, ойын жалғасын таба береді.

Еңбек: Алаңдағы шыбықтарды жинау.
Мақсаты: Балаларды жинақылыққа үйрету.
Керекті құралдар: Тырнауыш, қолғап

Серуен №14

Мезгіл: Жаз
Күннің көзін бақылау.
Мақсаты: Балаларға күн туралы мағлұмат беру.
Білімдерін жетілдіру.
Балалар аспанда жарқырап тұрған не?
Ол неге ұқсайды?
Күннің көзі болмаса біз өмір сүре аламыз ба?
Күннің бізге қандай пайдасы бар?

Тақпақ жаттау:
Күн шыққанда:
Алақай, алақай!
Күн шықты күн шықты!
Жер үстінде нұр шықты!

Қимылды ойын: «Күн - түн»
Мақсаты: Ұйымшылдықпен ойнай білуге баулу.
Ойын шарты: Балалар көңілді шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші: «Күн»- десе балалар қозғалып жүреді, қимылдайды.
«Түн»- десе балалар қимылсыз, ұйқыға кеткендей қатып қалады.
Осы сәтте бір бала ойын шартын бұзса, ойыннан шығарылады.
Дұрыс ойнаған балалармен ойын жалғасын табады.

Қимылды ойын: «Көк ту»
Мақсаты: Достыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа баулу.
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топта өз тулары болады.
Әр тудың қорғаушысы болады. Ту қорғаушылар тудың қасында тұрады.
Ал, басқа балалар қарсыластарын өз тобына ауыстырулары керек.
Екі топтың ортасынан сызық сызылады да, қарсыластарына қарама - қарсы тұрады. Бір - бірінің қолдарынан ұстап, өз топтарына тартып алуға тырысады.
Сөйтіп қай топ балаларды көп жинай алса, сол топ жеңіске жетеді.
Жеңілген топтың туына шабуыл жасалады.
Егер де туларын қорғап қалса, ойын жалғаса береді.

Еңбек: Ауладағы қоқыстарды жинақтау.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа, бірлікке баулу.
Керекті құралдар: Сыпырғыш, шелек, қалақша.

Серуен №15
Мезгіл: Жаз
Айналадағы қоршаған ортаны бақылау.
Мақсаты: Айналадағы қоршаған ортамен таныстыру.
Бақылай білуге баулу.

Айналадағы қоршаған ортаға не жатады?
Айналадағы қоршаған ортаны қалай танып білеміз?

Олай болса жан - жағымызға қарайық. Айналадағы көздеріңе түскен заттар, табиғат құбылыстары қоршаған орта болып табылады.
Ендеше бүгінгі табиғат табиғат құбылыстарынан не байқадыңдар? (Жел, жаңбыр)
Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Ойын шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады.
Араларынан екі бала таңдалып алынады. Екі баланың бірі - мысық, бірі - тышқан болып сайланады.
Тышқан: Бұтақты да кемірдім,
Кітапты да кемірдім,
Мен осындай жемірмін,
Шиық - шиық, шиық - шиық.
Секектеймін ыршып та,
Кезікпеймін қырсыққа,
Ұстатпаймын мысыққа,
Түк - түк, түк - түк,
Қане, ортаға шық - шық.
Мысық: Мияу2,
Кім, әй, мынау?
«Шиық - шиық»- демей,
«Шық - шық» дейді.
Бұл тышқанның өнерін,
Қане, байқап көрейін.
Тышқан мысықты қуа жөнеледі.

Еңбек: Ауланы сыпыру.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа бірлікке үйрету.
Керекті құралдар: Сыпырғыш, күрек, шелек.

Серуен №16

Мезгіл: Жаз
Ауа - райын бақылау.
Мақсаты: Балаларға ауа - райы туралы мағлұмат беру.
Балалар ауа - райы дегеніміз не?
Ауа - райы жазда қандай болады?
Балалар бүгін ауа - райы қандай?

Жыл мезгіліне байланысты ауа - райы әртүрлі болады. Жазда көбінесе аспан ашық, күн ыстық болып келеді.

Тақпақ жаттау:
Болмас бірден бөгелген,
Дем ал іштен тереңнен.
Ентігіміз басылсын,
Тынысымыз ашылсын.

Қимылды ойын: «Шар үрлеу»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрып тәрбиешінің ал, балалар шар үрлеп ойнаймыз ба? деген сұрағына жауап береді.
Тәрбиеші, ендеше жиналамыз да, бәріміз бірге бар күшімізбен шар өрлейміз
деген бұйрығы бойынша: ауаны кең жұтып, шарды үрлегендей қимылмен шеңберді үлкейте береді.
Шардың тырс етіп жарылғандай дауысы шыққан кезде, балалар ілгері қадам аттап, жиналады.
Сөйтіп, ойын жалғаса береді.

Еңбек: Ауланы тазалау.
Мақсаты: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Керекті құралдар: Сыпырғыш, қалақша, шелек.

Серуен №17
Мезгіл: Жаз
Көбелекті бақылау.
Мақсаты: Балаларға көбелек туралы мағлұмат беру.
Балалар көбелекті көргендерің бар ма?
Көбелек қайда мекендейді?
Көбелек немен қоректенеді?
Көбелек пен гүлдің арасында қандай байланыстар бар?

Тақпақ жаттау:
Көрінеді көп көбелек,
Көл бетінде көлбеңдеп.
Кестелеген қанатын,
Кербез қағады көргін – деп.

Қимылды ойын: «Кім артық»

Мақсаты: Жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету.

Ойын шарты: Балалар екіден шеңбер құрып тұрады, ал, сыңары жоқ бала
шеңбер бойымен жүгіріп, сыңарымен тұрған баланың артына барып тұрады.
Енді бұл топта үш бала болады. Бірінші бала шеңбер бойымен жүгіреді де,
өзіне басқа топтан серік іздеп табады.
Ал, ол топтың алдындағы бірінші бала өзі және жаңа серік іздеуге кіріседі.
Сөйтіп, ойын әрі қарай жалғасады.

Еңбек: Жапырақтарды жинау.
Мақсаты: Тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу.
Керекті құралдар: Тырнауыш, қап, қалақша.

Серуен №18
Мезгіл: Жаз
Жаңбырдан кейінгі шалшық суды бақылау.

Мақсаты: Балаларға шалшық су туралы мағлұмат беру.
Жыл мезгілдеріне қарай су күйінің өзгеруін түсіндіру.

Судың түсі қандай?
Су қайдан пайда болады?
Сусыз адамдар, өсімдіктер, жан - жануарлар өмір сүре ме?

Су - ішуге: Жарамды
Жарамсыз болып 2 - топқа бөлінеді.
Жарамды суға: Ағынды сулар, бұлақ сулары жатады.
Жарамсыз суларға: Көл, мұқит, теңіз, шалшық сулары жатады.

Жұмбақ жасыру:

Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді. (Су)

Қимылды ойын: «Үзіп кет»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, бір - бірінің қолдарынан ұстап,
«Айгөлек» әуенін айта келе:
Айгөлек - ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Осы топтың ішінен,
Анар атты қыз (Асан атты ұл ) керек - деп шақырады.
Анар күш жинай жүгіре барып, қолдарын үзіп өту керек.
Қолдарын үзе алмаса, сол топта қалады. Үзіп қашып кетсе, екі топтың қай біреуі қуып жетіп ұстау керек. Өзінің тобының балалары ұстап алса өз тобына қайтадан келеді. Олай болса, бұл баланың яғни шапшаңдығын, күштілігін аңғарамыз.
Қимылды ойын: «Әнші құстар»
Мақсаты: Балаларды әр түрлі құстардың дыбысын сала білуге үйрету.
Ойын шарты: Балалар әнші құстар болады.
Тәрбиеші балаларға қай құстың суретін көрсетсе, сол құстың дыбысын,
жүрісін қимылмен көрсетеді

Еңбек: Жапырақтарды жинау.
Мақсаты: Тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу.
Керекті құралдар: Тырнауыш, қап, қалақша.

Серуен №19
Мезгіл: Жаз
Жаңбырдан кейінгі кемпірқосақты бақылау.
Мақсаты: Балаларға кемпірқосақ туралы мағлұмат беру.
Сендер кемпірқосақты көрдіңдер ме?
Ол неге ұқсайды?
Кемпірқосақ қай кезде, қандай жыл мезгілінде шығады?
Кемпірқосақта неше түс бар?
Кемпірқосақ неден пайда болады?

Қимылды ойын: « Бояулар»

Мақсаты: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа үйрету.
Тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: Сатушы бояуларды түгендейді.
Түстерді әр топқа бөледі: Қызыл, жасыл, сары, көк, қызыл сары, ақ көк,
көгілдір, сұры, күлгін, қара, т. б.... сол сияқты.

Ал, бояулар өз түстерін есте сақтау керек. Сатып алушы келіп: Тук - тук
Сәлеметсіз бе? Сіз бояу сатады деп естідім.
Сатушы: Сізге қандай түс керек десе?
Саудагер: Маған ақ түс керек - десе, ақ түсті бояу қашуы керек.
Ал, саудагер қашқан түсті ұстап алса, ол түс саудагерде қалады.
Егер, ұстай алмаса, ол түс дүкенге келіп қайта сатылады.
Сөйтіп, ойын жалғасын таба береді.

Еңбек: Ауладағы арам шөптерді жұлу.

Мақсаты: Жинақылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Бірігіп жұмыс жасауға баулу.

Керекті құралдар: Қолғап, тырнауыш. шелек.

Серуен №20
Мезгіл: Жаз
Көлік түрлерін бақылау.
Мақсаты: Балаларға көлік туралы жалпы мағлұмат беру.
Көлік түрлерімен таныстыру.
Балалар қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Сендерде қандай көлік түрлері бар?
Және де жеңіл көліктер, ауыр көліктер болып бөлінеді.
Жеңіл көліктерге: кішкене машиналар;
Ауыр көлік түрлеріне: үлкен машиналар жатады. Мысалы: трактор, комбайн, камаз, маз, касемсот.
Сонымен қатар әуе жолымен жүретін көліктер де бар.
Оларға: ұшақ, тік ұшақ, зымыран т. б жатады.
Оларға керектенетін жанармайлар: бензин, соляркалармен
т. б сол сияқты.
Тақпақ жаттау: «Тракторшы»
- Папа, мен де тракторшы,
Моторымды бұрап берші;
Кәне, келші жәрдем ет,-
деп,-
Оталғышты тарттым ептеп.
Тракторым тыр - тырлады,
Түтін шықты бұрқылдады;
Сонша болмай гүрілдеттім
Жер жыртуға жүріп кеттім.
Қимылды ойын: «Аққу - қаздар»
Мақсаты: Ойын шартын бұзбай ойнауға дағдыландыру.
Сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты: Құсшы құстарды жем жеуге босатады да, былай дейді:
- Аққу - қаздар2жем жедіңдер ме?
- Су іштіңдер ме?
- Құстар жауап береді.
Балалардың ішінен бірін қасқыр етіп сайлайды.
Құсшы: Сақ болыңдар, аш қасқыр! келеді - деп дауыстайды.
Аққу - қаздар иелеріне қарай ұшулары керек.
Ал, аш қасқыр болса құстарды ұстап алып жеуге тырысады.
Ұсталған аққу - қаздар, қасқырға көмектеседі.
Сөйтіп аққу - қаздар азайып, біткенше ойын жалғасады.

Еңбек: Үйдегі көліктерін жуу.
Мақсаты: Ата - аналарына қолқабыстарын тигіздіре отырып,
жинақы болуға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Көлік жууға арналған сұйық сабын, шүберек.
Серуен №21
Мезгіл: Жаз

Ауладағы адамдардың еңбектерін бақылау.
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа, сұрақтарға толық жауап бере білуге баулу.
Балалар сендер жұмыс істей білесіңдер ме?
Ендеше бүгін біз сендермен ауладағы адамдардың жұмыстарын бақылаймыз.
Жыл мезгілдеріне байланысты жұмыста әртүрлі болып келеді. Сонымен жазда қоқыстарды жинап аула сыпырса,
ал қыста басқаша. Қыста қар күрейді.

Сергіту сәті: Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Шынығамыз, шаттанамыз,
Үлкен жігіт боламыз.

Қимылды ойын: « Орамал»

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа баулу, ойынға деген
қызығушылықтарын арттыру.

Ойын шарты: Балалар шеңбер құрып отырады, ал шеңбер бойымен бір бала жүгіреді, қолында орамалы болуы тиіс. Шеңбер бойынша отырған баланың біріне орамалды артына тастап кетуге тиісті. Бала артына бұрылып қарап, орамалды алып, орамал тастаған баланы қуып жетіп орамалды лақтырып тигізуі керек. Егер тигізе алмаса, ойынды өзі жалғастырады. Орамал тастаған ойыншы қуып келе жатқан баланың орынына отыруы керек. Қуушы бала, орамал тастаушыға орамалды тигізсе, онда ойынды орамал тастаушы бала өзі жалғастырады.

Еңбек: Ауладағы қоқыстарды жинау.

Мақсаты:
Балаларды бірлесе жұмыс жасай білуге баулу.

Керекті құралдар: Қолғап, шелек.

Серуен №22
Мезгіл: Жаз

Басқа топтың балаларының киіп жүрген киімдерін бақылау.
Мақсаты: Балаларды өздерінің ойларын толық жеткізе білуге үйрету. Қалай киіну керектігін үйрету. Балалар біздің балабақшада барлығы неше топ бар?
Олар жас ерекшеліктеріне байланысты қалай аталады?
Ал, сендердің топтарың қай топ?
Біз қазір далаға серуенге шығамыз және де ересек, естияр
топтарындағы балалардың киген киімдерін бақылайтын боламыз.
Балалар қараңдаршы, ересек тобының балалары жазда қандай киімдер киген екен?
Ал, қыста қандай киімдер киеміз?
Міне, балалар яғни жыл мезгілгілдеріне, ауа - райына байланысты киімдер киеді екенбіз.
Тақпақ жаттау: « Сондай бала бола ма?»
Күнде бетін жумайды,
«Жу»десең - ақ жылайды.
Өз - өзіне өкпелеп,
Жатып алып тұрмайды.
Дейді жылап: «Жолама!»
Сондай бала бола ма?
Беті қандай кір еді!
Айниды адам жүрегі
Көрсе осы кескінін,
Күледі - ау жұрт, күледі.
Сондай бала бола ма?
Сендер оған жолама.

Қимылды ойын: «Қойлар мен қасқыр».
Мақсаты: Балаларды ойын шартын бұзбай бірлесіп ойнауға, бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
Ойынға қажетті құралдар: ағаш ат немесе резеңке ат, қамшы.
Ойын шарты: Қойшы қойларды өрісте бағып жүреді, ал қойлар алаңсыз жайылып жүреді. Кенет аш қасқыр жақындап келіп қалады. Қасқырды байқап қалған қойшы: қойларым, қашыңдар, аш қасқыр! келіп қалды дегенде қойлар аш қасқырдан қашулары керек. Ал қойшы қойларын аман алып қалу үшін, атымен шауып, қолына қамшысын алып қасқырды қуады. Қасқырды қойшы соғып алса, қойшы қасқырға ән, бй билетеді. Ал қасқыр қойларды ұстап алса ұсталған қой ойыннан шығарылады.

Еңбек: Ауладағы гүлдерді суару.
Мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: шелек.

Серуен №23
Мезгілі: Жаз

Шөптерді бақылауы.
Мақсат: Балаларға шөп туралы мағлұмат беру.

Балалар шөп туралы не білесіңдер?
Шөп қайда өседі?
Шөптер қашан көктей бастайды?
Шөптің қандай пайдасы бар?
Шөптің адамдарға, жан - жануарларға тиер пайдасы қандай?
Шөптің адамдарға тиетін пайдасы көп.
Малдардың жейтін азығы.
Шөптің малдар жейтін салалысы және жемейтін ұзын арам
шөп түрлері болады.
Ауылда адамдар шөп шауып, қыстаққа мал азығын дайындап алады.

Тақпақ жаттау: Кешкілік пе, күндіз бе,
Өсіп тұрған көкті үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастағалы жүрміз бе?
Қимылды ойын: « Шырмауық»
Мақсаты: Балаларға ойын шартын түсіндіру. Ойынды аяғына дейін тиянақты ойнауға үйрету.

Ойын шарты: Санамақ арқылы балалардың ішінен бір бала алынады. Ол бала шырмауықты шешкіш. Ал басқалары шеңбер бойымен тұрады да бір - бірінің қолдарын жібермей, қолдарының астынан олай - бұлай өтіп шырмала бастайды. Сөйтіп балалар шырмалып біттік дегенде, шырмауықты шешуші келіп шырмалған балаларды шешуі керек. Шеше алмаса айыбын өтейді.

Еңбек: Ауладағы арам шөптерді жұлу.
Мақсаты. Бірлесіп еңбектенуге баулу.
Керекті құралдар: Қолғап, тырнауыш, қап.

Серуен №24
Мезгіл: Жаз
Басқа топтың балаларының жазғы киімдерін бақылау.
Мақсаты: Балаларды толық ойларын жеткізе сөйлей білуге баулу. Көрші топтың балаларын өздерімен салыстыра білу.

Балалар көрші топтың балаларының аттарын білесіңдер ме?
Олар қалай ойнайды екен?
Олардың апайларының аттары кім?
Көрші топта неше ұл бала, неше қыз бала бар екен?
Санайықшы.
Олар қалай киініп алыпты?
Тәртіптері қалай екен?

Қимылды ойын: « Тышқан мен мысық»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Ойын шартын бұзбай, тату ойнауға дағдыландыру.
Ойын шарты: Балалар шеңбер құрып бір - бірінің қолынан үстап тұрады. Екі бала таңдалып алынып, біреуі тышқан – қашушы, екіншісі мысық - қуғыншы болып сайланады. Тышқан шеңбердің іші - сыртымен қашады, ал мысық тышқанды ұстап алуға тырысады. Шеңбер құрып тұрған балалар мысықтың тышқанды ұстап алуына кедергі жасайды. Егер мысық тышқанды ұстап алса, басқа балалар мысық пен тышқан болып сайланады. Сөйтіп балалар ауысыу арқылы ойын жалғасады.

Қимылды ұлттық ойын: «Арқан тарту»

Мақсаты: Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойын шартын бұзбай ойнауға үйрету.

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, арқанның екі ұшынан ұстап, белгіленген меже бойынша күш сынасып тартысады.
Берілген межеден асып кеткен топ жеңіледі.
Оларды өздеріне тартып алған топ мәреге жетеді.
Сөйтіп ойын кезекпен жалғасын табады.

Еңбек: Арам шөптерді жұлу, гүлдерді суарып, топырақтарын қопсыту.
Мақсаты: Ауланы көзінің қарашығындай сақтауға баулу.
Керекті құралдар: Қолғап, шелек, қап.

Серуен №25
Мезгіл: Жаз
Түймедақ гүлін бақылау.
Мақсаты: Түймедақ гүлінің басқа гүлдердің ерекшелігін бақылау.
Басқа гүлдермен салыстыру.
Балалар, түймедақ гүлін білесіңдер ме?
Түймедақ гүлінің бейнесі қалай?
Түймедақ гүлінің ортасы күннің көзі сияқты сары әрі дөңгелек болады.
Ал, күлтешелері ақ, сары әрі екі жолмен орналасып келеді.
Және күй талғамайды, кез келген жерде өсе береді.

Тақпақ жаттау: Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл,
Не қалады сиқынан,
Қызыл - жасыл жерден бұл?
Жайнап өсіп далада,
Көздің жауын ала ма.
Бірде - бірін жұлғызба,
Қасыңдағы балаға.

Қимылды ойын: «Бояулар»

Мақсаты: Ойынның шартын бұзбай аяғына дейін ойнауға үйрету. Ептілікке тәрбиелеу.

Ойын шарты: Сатушы бояуларды түгендейді, түстерге бөледі. Ал бояулар өз түстерін есте сақтаулары керек. Сатып алушы келіп: сәлематсыз ба? сіз бояу сатасыз ба? Сатушы: сізге қандай түс керек? Саудагер: маған ақ түс керек десе, ақ түсті бояу қашуы керек. Ал саудагер қашқан түсті ұстап алса ол түс саудагерде қалады. Егер ұстай алмаса ол бояу дүкенге келіп басқа түс болып қайта сатылады.

Еңбек: Гүлдерді суарып, топырақтарын қопсыту.
Мақсаты: Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: күрекше, қолғап.

Серуен № 26
Мезгілі: Жаз
Жауыннан кейінгі кемпірқосақты бақылау.
Мақсаты: кемпірқосақтың нешеу екендігін, кемпірқосақтың пайда болуының мақсатын түсіндіру.
Түрлі - түсті жолақшалардан кемпірқосақ жасап, түсінік беру.
Жауыннан кейінгі кезеңде ғана болатынын түсіндіру. Кемпірқосақтың бейнесін жер бетіне түрлі - түсті борлармен салу. Таза ауада қағаз бетіне салдыру.

Тақпақ жаттау: Жаңбыр жауғанда
Біз - кішкентай балдырған,
Сескенбейміз жаңбырдан.
Төбемізде қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.

Жұмбақ шешу: Өзен үстінде иін ағаш (кемпірқосақ)
Қимылды ойын: « Жаңбыр мен күн» қол шатырмен ойындар.

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа үйрету. Жаңбыр мен күн
Туралы алған мағлұматтарын кеңейту.

Ойын шарты: Ойынды жүргізуші балаларға «Жаңбыр» дегенде балалар жүргізушінің қасына қолшатырдың астына жиналулары керек, ал егер «Күн» десе бала
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×