Сайтқа кіру Тіркелу

Наурызым бақытым шаттығым!

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Саға ауылы, «Мөлдір» балабақшасы
тәрбиешілері: Тлеубаева Ақбөкен Амангелдіқызы
Бұрханова Райля Биғазизқызы

Тақырыбы: «Наурызым – бақытым, шаттығым.»
Мақсаты: Балаларға Үлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Отанын сүюге, патриоттық рухты және ұлттық салт - дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу. Ұлттық сана - сезімін ояту.
Көрнекіліктері: Ұлыстың ұлы күніне арнаулар, интерактивті тақта арқылы суреттер.
Жүргізуші: Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз, - Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз. - Үй дастархан думанымыз, сахнамыз, - Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз. (Ортаға наурыз қыз шығады)
Наурыз қыз: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған,
Мұнда біз бар!
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар,
Наурыз тойы басталды,
Бір орында тұрмаңыздар!
- Бүгін біздің ата - әжелеріміз көрші ауылға қонаққа кетті. Бастаңғы жасаймыз ба?
- Бастаңғы, бастаңғы жасаймыз. Қыздар, жігіттер жүріңдер бастаңғы жасаймыз.(музыка әуенімен ұл - қыздар кіреді. Үстелдің жан - жағына отырады)
Жүргізуші: Ал, балалар тұрмайық,
Әндетейік, шырқайық,
Думандатып би - билеп,
Інжу - маржан шашайық.
Келген қонақ таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық - деп бүгінгі ертеңгілігімізді тақпақтармен жалғастырайық!
1 - бала С. Айару
О, жарандар, жарандар,
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды,
Бәрің мұнда қараңдар!
2 - бала І. Нұрайым
Күн мен теңеледі
Жер шуаққа кенеледі
Соны тойлап ел енді
Наурыз - көктем басталды.
3 - бала Ж. Айым
Салт - дәстүріміз жарасса
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той - тойлайық тамаша.
Көрініс «Күн мен түн»
Күн: Сәулесі мол күнмін
Түн: Жұлдызы мол түнмін
Екеуі бірге: Бірдей болып біздер, теңелерміз бүгін.
Түн: Ал ертең күн ұзақ
Күн: Түн қысқа бірақ
Екеуі бірге: Ұйқыларың қанбай, жүрмеңдер жылап.
4 - бала М. Айару
Ал балалар келіңдер,
Той қызығын көріңдер
Наурыз тойға бас иіп
Күнге сәлем беріңдер!
5 - бала Ж. Мерейлім
Ақ түйе қарны жарылды,
Наурызды елім сағынды.
Асыққын сенде сол тойға
Барлық жұрт мұнда ағылды
6 - бала М. Санжар
Тақпақ айтам жыл басы
Құлағыңды сап тыңдашы
Бар бөбекке өзіңдей
Тыныш өмір сыйлашы
7 - бала А. Назар
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз
Ән салып жас кәріміз
Би - билейік бәріміз

Би «Сүгір - ай»
Ойын «Қыз қуу»
Жүргізуші: Айтыссыз мына өмірдің несі көктем
Айтыс десе қазекемнің есі кеткен
Ақынның тауып айтқан өткір сөзі
Көкейінен тыңдаушының тесіп өткен – дей келе айтыс десе делебесі қозбайтын қазақ барма қане ортаға айтыскерлерімізді шақырайық.
1 - бала: Ата – баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз
Айтыс десе тіл қышып
Қыздар іздей бастаймын
2 - бала: Біржан болып сен келсең
Ақын Сара мен болам
Сәйгүлік сен шапсаң
Аққу құсың мен болам
1 - бала: Бармаймын деп бақшаға
Жылауыңды қойдың ба
Көтерші деп арқаға
Сұрауыңды қойдың ба
2 - бала: Ерке қызбын білесің
Бірақ кімге күлесің
Кәмпит сұрап өзіңде
Күнде жылап жүресің
Барлығы: Сөз өнерге шөліркеп
Рахаттана бір жұтқан
Қоштасайық халықпен
Ақындарын пір тұтқан.
Би «Асатаяқ»
Алдар көсе кіреді:
Мен Алдармын Алдармын
Жамандарды алдармын
Жақсылармен дос болып
Алда десең алдармын – Уа, халайық есек сатамын, бағасы арзан өзі дәмді, өзі жылдам жүреді.
Бай: Ей, Алдар сен есекті қаншаға бағалайсың
Алдар көсе: Екі мың теңгеге бағалаймын
Жүргізуші: Алдар көсе байеке саудаласқандарыңды қойыңыздар, бүгін бізде мереке болып жатыр. Одан да балалармен ойын ойнаңыздар!
Ойын демекші күшімізді сынамаймыз ба байеке?
Ойын «Аударыспақ»
Әже кіреді: Дәмнен асқан не нәрсе бар жалғанда
Кім боламыз оны ұмытып қалғанда
Шашу – шашып бауырсақтан мінекей
Дәм татыңдар ал халайық жалғанда.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын Аспанымыз ашық Еліміз тыныш болсын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×