Сайтқа кіру Тіркелу

Мамандықтың барі жақсы

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы,
«Мөлдір» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі
Калиева Камшат Садыковна
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Өткізілетін түрі: көңілді сәт
Мақсаты: әр мамандық иесі туралы, олардың пайдаланатын құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Мамандық атаулары туралы мағлұмат бере отырып, әрбір маман иесіне құрметпен қарау сезімін дамыту.
Монологтік сөйлеу тілін қалыптастыру.
Көрнекіліктері: шаштараз, дүкенші, дәрігер құралдары.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: балалар, байқайсыңдар ма, біздің топқа көп қонақтар келіпті. Ал, қане қонақтармен амандасайық:
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті
Балалар: сәлеметсіздер ме, апайлар?!
Апайлар: сәлеметсіздер ме, балалар!
Тәрбиеші: балалар, бүгінгі қонақтарымыз кім екен? Қане, бірге айтайық: дәрігер, дүкенші, шаштараз апай.
Дәрігер: қане, балалар маған бір - бірлеп келіп қаралуларыңа болады. Мен сендерге қолымнан келген көмегімді беремін. Балалар шаштарың өсіп кеткен екен, шаштарыңды алдырыңдар жарай ма?
Балалар: жарайды апай, сіз бізге көп көмектестіңіз, рахмет.
Шаштараз: балалар, сендер мені іздеп келдіңдер ме?
Балалар: иә, апай, біз шашымызды қиғызып, әдемі етіп сәндетейік деп едік.
Шаштараз: ендеше, балалар маған келген екенсіңдер, мына орындыққа отырыңдар. Мен сендердің шаштарыңды әдемі етіп сәндеп беремін.
Балалар: апай, біздің шашымызды қиып, өріп бергеніңізге көп - көп рахмет.
Тәрбиеші: балалар, сендер қайда барасыңдар?
Балалар: біз дүкенге бара жатырмыз.
Тәрбиеші: балалар мен сендерді осы жерде күтемін, сендер дүкенге барып, алатын заттарыңды алып келіңдер.
Дүкенші: балалар не аласыңдар?
Балалар: біз қолымыздағы ақшаға алма алуға келдік.
Дүкенші: балалар алманы жуып жеңдер, жарай ма?
Балалар: рахмет апай, біз алманы жуып жейміз.
Тәрбиеші: балалар, қазір сергіту сәтін орындайық, бәріміз бірге!
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз.
Қалтамызға саламыз,
Тәрбиеші: - қане, енді «Кім тапқыр» ойынын ойнайық. Ойын шарты: үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығару. Балалар екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды.
Тәрбиеші: балалар, сендерге мамандық иелері ұнады ма? Жарайсыңдар, балалар ендеше рахметімізді айтып, апайлармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×