Сайтқа кіру Тіркелу

Ынтымақты отбасы

Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 «Балауса» балабақшасы
Мүберекова Шынар Тыныштыққызы

Мақсаты: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт- дәстүрі туралы білімдерін байқау.
Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Әдісі: Ата – аналар мен балалармен айыс түрлері өтеді.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздерінің суреттері, Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал- мәтелдер жазылған плакаттар.
Барысы:
Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй – базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Олай болса бүгінгі №9 «Балауса» балабақшасы «Балдырған» тобында өткізілгелі отырған «Ынтымақты отбасы» сайысына хош келдіңіздер.
Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.

1. Самұратовтар жанұясы.
2. Әділбековтер жанұясы.
3. Бердіхалықовтар жанұясы.
4. Кеңесовтер жанұясы.
Әділ қазы алқаларын таныстырып өтсек.
1. Ата – аналар комитеті Б. Татаева
2. Балабақша меңгерушісі Ұ. Әшірбекова.
3. №100 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карибаева Г.

Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады.
І – бөлім . Отбасы өз- өзін таныстыру
ІІ – бөлім. Сұрақтарға жауап беру, яғни жан – жақты білім деңгейін сөйлеу мәдениеті, ұлттық тәрбиені меңгеруін байқау.
І тапсырма
1. Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқазар едіңіз?
2. Сәлемдесу, жөн сұрасудың өз - өзіндік дәстүрі бар. Осы жайында не айтасыз?
3. Бала шыр етіп дүниеге келгенде жасалатын салт- жораның түрі қандай?
4. Бала тәрбиесі қай жастан бастап қолға алған дұрыс?

ІІ тапсырма
Мақалдың мәнін ашу
1. «Тұлпар тайдан өседі»
2. «Ана- балаға жастық , әке көрпе»
3. «Отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі»
4. «Бала – отасының айнасы»
ІІІ тапсырма. Жағыдаятттар
1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3. Балабақшадан келген балаңыз. «Мен ертең балабақшаға бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4. Балабақшадан келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін балабақшада ..... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы : «Сенің де басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.

Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?
Балаларға суретті тест беру.
ІІІ – бөлім. «Көңілді жарыс»
А) Өз баласын иісінен айыру.
Б) картоп аршудан жарыс.
ІУ - бөлім . «Көңілді аспаздар»
Әкелер картоп аршудан жарыс
Аналар : Менің баламның сүйікті асы.
У- бөлім. Өз өнерлерін көрсету
әр отбасы ән айту, би билеу т б
УІ – бөлім.
А) Мен баламды қалай еркелетемін
Б) Алтын балыққа тілегіңіз.

Жүргізіуші: Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

Жүргізуші: Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәрбие үйден басталады

Тәрбие үйден басталады

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің...
Ынтымақты отбасы

Ынтымақты отбасы

Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Отбасы - отанның бір...
Отбасы – өмір аясы

Отбасы – өмір аясы

Ата - аналар мен тәрбиеленушілерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт – дәстүрі туралы білімдерін байқау, отбасы – Отанның...
Ынтымақты отбасы

Ынтымақты отбасы

Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернаты тәрбиешісі Абишева Нұргүл Шаймерденқызы...
Ынтымақты отбасы

Ынтымақты отбасы

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Аққұдық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Уразтаева Асет Куандыковна....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×