Сайтқа кіру Тіркелу

Л дыбысын қою

Қостанай қаласы, Затобол ауылы ҚМҚК
«Петушок» балалар бақшасының логопед мұғалімі
Валеева Ғалия Сағынбайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Л дыбысын қою»
Сабақтың мақсаты:
1. Фонематикалық қабылдауын дамыту
2. Артикуляциялық моторикасын дамыту
3. Зейін болуға тәрбиелеу

Жоспар:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Сабақтың тақырыбы
3. Артикуляциялық жаттығулар
4. Л дыбысын қою
5. «Л» дыбысын қоюға арналған дайындық артикуляция жаттығуларын орындау.
6. Фонематикалық анализдерді дамыту
7. Л дыбысы мен әріптің арасындағы байланысты бекіту
8. Сабақтың қорытындысы

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Логопед мұғалім лақтың суретін көрсетеді.
- Бұл не? Дұрыс ләқ ал ләқ деген сөздің бірінші дыбысы қандай?
- Л
- Дұрыс айтасың
- Кеме қалай гуілдейді? ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ Қане қолымызды майыстырып кеме болайық..
2. Сабақтың тақырыбы
- Бүгін біз Л дыбысын естіп, дыбыстап және оны сөйлемде табуды үйренеміз.
3. Фонематикалық анализдерді дамыту
Логопед мұғалім: Мен қазір сөйлемдерді айтамын, ал сен Л дыбысын естіген кезде шапалақ ұр. Жарай ма?
Логопед мұғалім сөздерді айтады қала, қалам, кеме, алмұрт т. б.
Ал бала Л дыбысын естіген кезде шапалақтайды.
- Мына суреттерге қарашы Л дыбысы болса таңдап ал. Бала суреттерді қарайды.
Кілем, балық, доп, теледидар, алма, қол, көлбақа
Логопед мұғалім:
- Ал енді ойын ойнайықшы «Төртінші артық» Л дыбысы жоқ сөздер артық болады. Мысалы, дала, қора, ала, мал.
Логопед мұғалім сөзді атап, төрт суретті баланың алдына ашады. Бала артық суретті алып тастайды.
Мұғалім логопед: Сен поезға мінгің келе ме? Сенің алдыңда үш вагон және суреттер тұр(осы үш вагонға Л дыбысы суретте қайда кездесетінін көрсет және орналастыр (басында, ортасында, соңында)
4. Артикуляциялық жаттығулар
«Сылақшы», «Ине», «Құлыншақ», «Кеме» артикуляциялық жаттығуларды орындау.
5. Дұрыс артикуляция қалпы дағдыларын өндеу.
«Л» дыбысы дұрыс шығуы үшін тістердің арасы ашық тұруы керек, ал тіл ұшы үстіңгі тістің түбіне немесе қызыл иегіне барып тіреледі.
6. «Л» дыбысын қою
Логопед мұғалім дыбысты қою үшін үш тәсілді қолданады.
1.(Еліктеу )
- Кеме сияқты гуілде ( ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ)
2.(Айнаға қарап қайталау)
- Инені көрсетші, қандай үшкір еді. Енді жоғары қарай таңдайға майыстыр. Енді кеме секілді гуілде ЫЫЫЫЫЫ. Тілдің ұшын босатпа.
3.(Екі тіс арасындағы Ы дыбысы)
- Логопед мұғалім: Жалпақ тілді тістің ұшымен тістеп, Ы деп дыбыстаймыз. Л деп естіледі.
7. Сабақтың қорытындысы.
- Қандай дыбысты өттік?
- Л дыбысын
- Л дыбысы қалай дыбысталады екен? (Бала Л дыбысының артикуляциясын қайталайды)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×