Сайтқа кіру Тіркелу

Тірі және өлі табиғат

БҚО, Орал қаласы, №35 «Шұғыла»
бөбекжайы МКҚК - ның тәрбиешісі
Татпанова Жадыра Тұрарбекқызы

Білім саласы: Қатынас,
Бөлімі: таным Экология негіздері
Тобы: ересектер тобы
Түрі: аралас
Тақырыбы: «Тірі және өлі табиғат»
Құзыреттілікке жеткізетін мақсат міндеттері:
а) ақпараттық құзыреттілік: балаларға өлі және тірі табиғат туралы ұғымдарды бекіту, адам игілігі денсаулығы үшін пайдасын түсіндіру.
ә) Коммуникативтік құзыреттілік: сурет бойынша сөйлем құрату, сөздік қорын байытумен бірге есте сақтау, баланың ойлау қабілетін арттыру.
б) Проблема шешу құзыреттілік: берілген сұраққа нақты толық жауап беруге үйрету, табиғатты аялап қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: аралас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне қолданылатын технологиялар: оқыту, дамыта оқыту.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне қолданылатын әдіс - тәсілдер: сөздік, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой - қозғау. сахналау.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне қолданылатын оқыту құралдары: өлі және тірі табиғатқа арналған суреттер, құстар, ағаштар суреті, үйшік.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиеші іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып,
Армысың, шапағатты күніміз
Армысың, мейірімді жеріміз
Армысың, табиғат анамыз. Келді сізге өзіңіздің балаңыз! Сүйейік, табиғатты аялайық Біз де одан жақсылықты аямайық.
- Енді бір бірімізге жүрек жылуымызды достарыңа арнаңдар.
- Балалар бізге табиғат ана орманға саяхатқа шақырып жатыр. Саяхатқа барасыңдар ма?

Ұйымдастыру кезеңі
- балалар біздер орманға саяхатқа шығамыз.
- Сендер ұзын жіптің бойымен тізбектеліп жүресіңдер!
- Балалар аспанға қараңдаршы! Бізге күлімдеп тұрған бүкіл әлемге жылуын шашып тұрған не?
- Алыстан бізге не көрініп тұр? Өзі биік жанында ағаштар өсіп тұр екен.
- балалар жолда нелер жатыр? Тасты жолдың шетіне шығарып қояйық.
- Балалар табиғат өлі және тірі табиғат болады.
- Балалар мөп - мөлдір болып ағып жатқан не?
Қане суды басуға, ластауға болмайды. Олай болса суды аттап өтейік.
- Міне балалар біздер таза ауамен дем алып, ұзақ жол жүріп орманға да жеттік.
Ауамен тыныс алу жаттығуы
«Ауаны ұста»
- Қане балалар бәріміз жайғасып отырайық.
- Жолда келе жатырғанда не көрдіңдер?
- Күн, ауа, жер, су, тас, тау - бұлар өлі табиғат.
Бүкіл адамдар, жануарлар, өсімдіктер қоршап тұрған табиғат тірі табиғат.
Өлі табиғат – өспейді, өнбейді, өзгермейді.
«Ғажайып сәт»
(құстың даусы, ағаштың сыбдыры естіледі)
- Балалар ненің дыбысы естіледі?
- Ненің даусы естіледі?
- Жан жағымызға қарайық нелер өсіп тұр?
- Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?
Ағаштарды суарып күтіп баптау керек. Оларға су, жарық, күн, көзі, ауа керек. Ол тірі өсімдік. Ағаш та тірі табиғат.
- Құстың қандай түрін білесіңдер?
- Құстар қалай тіршілік етеді?
- Су ішіп жем, құрт - құмырсқаны жейді. Жұмыртқа басып балапандарын көбейтеді. Құстар да тірі табиғат.
- Орманда мекен ететін қандай аңдарды білесіңдер?
- ал біздер адамдар тірі табиғатқа жатамыз. Біздер тамақ ішеміз, еңбек етеміз, жұмыс істейміз, оқып - білім аламыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×