Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіз елдің ұланымыз

Ертеңгілік іс - шара тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»
Мақсаты: Балалардың бойына тәуелсіздік күні туралы түсіндіру. Отан, Рәміздер, Елбасы, ұлтының қазақ, Қазақстан елінде тұратынын білуге үйрету. Жеке тұлғаның бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Ата - аналарға үш топқа бөліп, «Көркейе бер, Қазақстан» тақырыбында алақан арқылы, қылқалам мен, майлы бояумен сурет салдыру, салынған суреттің мағынасын түсіндіру.
1. Тәрбиеші: Құрметті «Асанәлі» балабақша ұжымдары, ата – аналар, балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні»мерекесіне арналған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
2. Тәрбиеші: Рәміздерім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала – дағы ең кіші.
Рәміздерім - ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Балаларға ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА сурет бойынша түсіндіру.
Көк туымыздың түсі көк болатынын ұғындыру.
Хор: ӘНҰРАН
1. Тәрбиеші: Балалар біздің Отанымыз Қазақстан деп аталады.
Біздің отанымызды әлем таныды. Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй - тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі балаларым.
Біздің Қазақстанымыз тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Қазақстан еліміздің Елбасшысы біздің атамыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Еліміздің елордасы Астана қаласы.
2. Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздік мерекесіне арнап кім тақпақ айтады екен
Дулат.
Тәуелсіздік жолында,
Талай – талай тер тамған.
Ағлен
Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы.

Салтанат
Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде.
Інжу
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.

1. Тәрбиеші: Біздің бүлдіршіндер биін тамашалайық.
2. Тәрбиеші: Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар туымыздың түсі көк.
Суреттегі атамыз кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар, Қазақстан.

1. Тәрбиеші: Құрметті ата – аналар үш топқа бөлініп,
«Көркейе бер, Қазақстан» тақырыбында алақан арқылы, қылқалам мен, майлы бояумен сурет салуларыңызды өтінеміз, салынған суреттің мағынасын түсіндіру. Тәуелсіз елімізге арнап қандай суреттер салар едіңіздер.
Ата - аналар өз ойларын ортаға салады.
2. Тәрбиеші: « Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті, еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, нанымыз көп болсын, бүлдіршіндер күлкісінен айырмасын, деніміз сау болсын, көңіл бөліп келгендеріңе көп - көп рахмет қош сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×