Сайтқа кіру Тіркелу

Ана тілім - ардақтым

Балабақшадағы тіл мерекесі «Ана тілім – ардақтым»

Жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Өнердің түскен жолына,
Жас досым саған мың сәлем.
Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер!
Ертеңгілігімізді әнұраннан бастайық.
Әнұран: барлық балалардың орындауында.
Қонақ (Америка Құрама Штатынан келген)
- Гуд монинг! Мен Америка Құрама Штатынан келдім! Кешіріңіз мен қазақша сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.
Жүргізуші: Балалар, амандасайық қонақпен!
Жүргізуші: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?
Қонақ: Америка өте әдемі, шағын мемлекет. Бас қала – Вашингтон деп аталады.
Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
Жүргізуші: Рахмет, Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл мерекесі өтіп жатыр. Қонақ болыңыз! Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.
Жүргізуші: Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
- Бас қала қай қала?
- Біздің қаламыз қалай аталады?
- Қай балабақшаға барамыз?
- Нешінші топқа барамыз?
Жүргізуші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
- Дұрыс, тіл адам бір - бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу үшін керек.
Жүргізуші: Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. 150 ден астам әртүрлі ұлттар тұрады.
- Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы.)
Жүргізуші:
- Дұрыс. Осы халықтар өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек.

Жүргізуші: Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.

Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен - ақ басқа боп барамыз ба?

Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл – ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!

Жүргізуші: Ал қазір, балалар, тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарды, мақалдарды тыңдайық.

Ана тілім – менің
Әлдилеген әнім.
Ана тілім – демім,
Ана тілім жаным.

Отан – жерім,
Отан – суым.
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран
Отан – туым
Отан – мәңгі гүлденеді.
Жүргізуші: Қазақстанда көп ұлттар турады, олар барлығы тату - тәтті өмір сүріде деп айттық. Ал, қазір өзіміздің балабақша туралы бір ән тыңдайық.
Өлең: « Біздің балабақшада»
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада - аспан әлемі

Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың бауырың.
Отан - өлкең астанаң
Отан – аудан, ауылың

Ана тілің, арың бұл.
Ұяттың боп тұр бетте.
Өзге тілдің, бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.
Жүргізуші: Балалар, біз кішкене бойымызды жазып ойын ойнайық.
Қазақтың ұлттық ойыны: «Қыз қуу».
Жүргізуші: Мерекемізді жалғастырайық. Өздерінің тақпақтарын оқып береді:
Ана тілім – елім,
Қажыр, қайрат, күшім.
Ана тілім – менің,
Баста бақыт құсым.

Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.

Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Жарқыраған шамым.

Ел таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күнім.

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек,
Елдің ашық қабағы.
Жүргізуші: Тілді дамыту үшін біз әрдайым мақал - мәтелдерді жаттаймыз.
Мақал мәтелдерді қазақ ересек тобының балалары дайындап келді.
Талаптыға нұр жауар
Ақыл - азбайды, білім - тозбайды.
Оқу білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Туған жер – алтын бесік
Жүргізуші:
Әр ұлттың өзінің билері бар. Ал біз бүгін өзіміздің қазақ биін тамашалаймыз!

Қонақ: Маған өте ұнады. Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлеріңді көрдім.
Жүргізуші: Мерекеміздің соңында балалар «Мектеп ана» деген бір өлең айтады.
Жүргізуші: Осымен біздің мереке аяқталды. Қонақпен қоштасайық! Сау бол!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тілім - менің тірегім

Тілім - менің тірегім

Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - ана...
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...
Мен қазақ болғаныма мақтанамын

Мен қазақ болғаныма мақтанамын

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, «Қарлығаш» балабақшасының әдіскер – психологы Арысова Мәншүк Сайлауқызы...
«Асыл сөз» зияткерлік байқауы

«Асыл сөз» зияткерлік байқауы

“Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің” қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосақбаева...
Тілім барда білмеймін мен қайғыны

Тілім барда білмеймін мен қайғыны

Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясының мұғалімі Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×