Сайтқа кіру Тіркелу

Кел, жаңа – жыл төрле

Ертеңгілік іс – шараның тақырыбы: «Кел, жаңа – жыл төрле»
Мақсаты:
Жаңа жылға арнап ертегі кейіпкерлерімен бірге жаңа жылды қарсы алу кешін ұйымдастыру.
1. Жүргізуші: Қарша қыз
Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,
Болмайды той - думанның кеші мұңды.
Жаратқан түгел қылып берсін сенің,
Бақыт пен ырысыңды, несібеңді!
Сиқыршы: Мен жаңа жылдың шыршасын қатырып қойдым мені жаңа жыл кешіне ешкім шақырған жоқ, Менсіз шыршаның шамы жанбайды!
1. Жүргізуші: Қарша қыз Сиқыршы сені іздеп жүр едім сенсіз жаңа жыл кешін бастаған жоқпыз, кел бізбен бірге жаңа жыл кешін тойлайық.
Сиқыршы: Әрине, жаңа жылдың кешіне қатысамын кәне, дос боламыз ба?
1. Жүргізуші: Қарша қыз Әрине, дос боламын
(сиқыршымен құшақтасып достасады)
1. Жүргізуші: Менің көп достарым бар, соларды шақырып жаңа жыл кешіне билеп көңіл көтерейік.
Би: ертегі кейіпкерлерінің биі
2. Жүргізуші: Бауырсақ
Құрметті: бүлдіршіндер, ұстаздар, ата - аналар 2015 жыл жаңа жыл мерекесі, қой жылымыз құтты болсын! Қой жылы баршамыздың шаңырақтарыңызда ырыс - береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз.
1. Жүргізуші: «Асанәлі» балабақшасының меңгерушісі: Асел Қаржауқызына Жаңа жыл мерекесіне арнап құттықтау сөз беріледі.
2. Жүргізуші: Бауырсақ
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Аяз ата, Ақшақарды ортаға шақыру
А - я - з а - т - а, А - қ - ш - а - қ - а - р
Аязата: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Тарасам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтады) Шырша жарқырайды.

Ән: «Шырша жыры» хор
Дала аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған.
Маужырайды түнгі аспан.
О, алақай! Аяз атай,
Келе жатыр алыстан.
Кәне, достым, Әнге қосыл,
Әнге қосыл, қалыспа.
Қол ұстасып, құшақтасып,
Үйренейік жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Сиқыршы: Мен шыршаның шамдарын сиқырлы сөзіммен жағайын, кәне маған көмек беріңдер! Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтады) Шырша жарқырайды.

Шырша шамы, шамдарыңды жарқырат
Мақалай, мақалай суф - суф
Алақай! алақай! алақай! деп қол соғу.
Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....

1. Жүргізуші: Қарша қыз
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Тақпақтар
Жүсіп
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.

Досхан
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Дәурен
Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын, Жаңа жыл.

Керей
Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Төгілсін жаңа нұр.

Тамирлан
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оранып.
Шоқан
Құтты болсын, Жаңа жыл!

Рустамбек
Құтты болсын,
Келген жаңа жылымыз.
Өркен
Алақай! Тамаша,
Жаңа жыл келді
Дулат
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген,
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық бәріміз.
Бекзат
Алақай!
Жаңа жыл келді.

2. Жүргізуші: Бауырсақ Біздің ұлдармыз жаңа жыл кешіне арнап би билейді. Би: Аққала
Ескі жыл жылқы келіп балалармен қоштасады. Жаңа жыл қой жылымен таныстырып елін, халқын тапсырады.
Жаңа жыл:
Кім десеңдер, мен жаңа жылмын, Қоймын!. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.

1. Жүргізуші: Қарша қыз
Ау, жарандар, ал қараңдар,
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Ата аналармен Гном мен Қарша қыз бірге би билеу
( шарды екі адам ортаға алып дос болып билеп жару, ішіндегі сұраққа жауап беру.)
2. Жүргізуші: Бауырсақ Тақпақтар

Бибімариям
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
Айкөркем
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Інжу
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Ақнұр
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Аягөз
Келді міне, Жаңа жыл!
Әдемі
Ән саламыз, би билеп,
Жырдан шашу төгілді.
1. Жүргізуші: Қарша қыз
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орнасын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Клаун мен бауырсақ ата - анамен бірге өнерін ортаға салмақшы.

Ақшақар ата – аналарға жұмбақ жасыру

2. Жүргізуші: Бауырсақ
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңалық ізде сен.
Жаңа ән, жаңа жыр,
Жазып бер бізге сен.
Бүлдіршінді ауыртпай, Денсаулық бергейсің! Тақпақтар
Еркеназ
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді.

Шахназ
Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан.

Арайлым
Балаларға базарлық,
Алып келді алыстан.
Аяулым
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.

Жания
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Нұрайна
Аяз атта аппақ,
Сыйлығы тәтті ақ.
Би: Ақшақарлар

Ағлен
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күткен сағынған.
Салтанат
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз,
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Кәусар
Жаңа жылда бар тілде,
Жаңа жырға балайды,
Жаңа жылға әркім де,
Жақсы үмітпен қарайды.
Аяз ата сыйлықтарын таратады

1. Жүргізуші: Қарша қыз
Құрметті ата – аналар Жаңа жыл кешіне құттықтау сөз ата - аналар
төрайымы Майгүл апайға беріледі.
1. Жүргізуші: Қарша қыз
Бүлдіршіндеріміз аман болсын, көбейе берсін, Алла тағала жылдан жылға аман – есен жеткізе берсін! Бәріңізге мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін! Жаңа жыл құтты болсын ағайын!
2. Жүргізуші: Бауырсақ
Көңіл бөліп келгендеріңе рахмет! Бүлдіршіндеріміздің дені сау болсын! Қош сау болыңыздар! ата – аналар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×