Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Менің сүйкімді мысығым

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің сүйкімді мысығым
Мақсаты: Балаларды үй жануары – мысық туралы әңгімелей білуге үйрету. 2 - 3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Жануарға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер: Сүт ішіп отырған мысықтың суреті. Ойыншық үй жануарлары.
Сөздік жұмыс: Мысық
Тәрбиеші: Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңбер жасайды.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Достарына мейірмін
Жылулығын таратты
Балалардың отырғызып, көңілдерін алдарындағы ойыншықтарға аударады.
Тәрбиеші: Балалар осы ойыншықтарды білесіңдер ме?
Балалар: Иә түйе, сиыр, ит
- Бұлар қандай жануарлар
Үй жануарларының пайдасы, түрлері, төлдері турады сұрау
Балалар: үй жануарларыныың төлдерімен атап береді
Ит – ит
Сиыр – бұзау
Қой – қошақан
Ат – құлын
Ешкі – ләқ
Тәрбиеші: Балаларға мына сүт ішіп отырған мысықтың суретін қарауды ұсынады.
Балалар бұл менің қасымда Мурка деген мысық досым бар
Мен сіздерге таныстырып өтейін.
Мысық сүт ішкенді жақсы көреді, Мурка мысығымыздың түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы бар, құйрығы бар

Жұмбақ жасыру:
Беті – қолын жуады,
Тышқандарды қуады
Тазалықты сақтайды,
Апам оны мақтайды. ( Мысық)

Мысық туралы тақпақ айтып балармен бірге қайталау
Ағлен
Тышқан қашты мысықтан
Қатты - қатты жүгірді.
Орын тапты қуыстан
Зәресін мысық ұшырды
Салтанат
Пеш үстінде мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі келіп
Оның тісі қышып отыр.
Дәурен
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті – қолын жуады.
Тіл ұстарту жаттығу
Ық – ық – ық
Тышқан жейді мысық
Тәрбиеші: Балалар мысық қалай дыбыстайды
Балалар: Мияу, мияу
Тәрбиеші: Балалар мысыққа қалай күтім жасайтынын айтып беру
Сергіту сәті:
Мысық сүтке тояды
Қарнын сипап қояды
Жүрісі оның баяу
Дейді мысық мяу – мяу
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыстар жасайды.
Дидактикалық ойын: «Мысық нені жақсы көреді?»
Электрондық бейне тақта ақылы сурет көрінеді

Балалар: Бұл мысық жақсы көретін тағамдар
Балық
Сүт
Тышқан
Тәрбиеші: өте жақсы балалар, Балалар үлестірмелі суреттерді пайдаланып қыстырғыш арқылы суретке бейнесін орналастырады.
Тәрбиеші: Балалардың жауаптарын қорытындылап, білмегендерін үйретері.
Белсене қатысқан балаларды мадақтау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету