Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Шаршыны таныстыру

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Математика
Тақырыбы: Шаршымен таныстыру

Мақсаты: Математиканың белгіленіп берілген сан және геометриялық пішіндерді негізге ала отырып, пәндердің байланысын, тіл дамыту, көркем әдебиет, дидактикалық ойындар көмегі арқылы ақыл - ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін, зейінділіктерін дамыту.
Көрнекі құралдар: теледидар, ДВД, суреттер, сыйлық қорабы, шарлар, қаламдар, пішіндер.

Оқу іс - әрекеті: Кіріктірілген
Ұйымдастырушылық: Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

- Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс ала отырып, бақытқа тыныштыққа толы, таза, шипалы ауаның тұла бойға толғанын сезініңіздер. Ал енді осындай көтеріңкі
көңіл - күймен сабағымызды бастаймыз.
- Балалар жылы сөздеріңе көп рахмет!
- Бір апта да неше күн бар.
- Аптаның қай күні?
- Жарайсыңдар балалар, енді біз өткен сабақтарды теледидар арқылы еске түсірейік,
Бәрің назарларыңды көгілдір экранға аударыңыздар.
- Қарбыз - 1 цифры
- Ананас – 2 цифры
- Апельсин – 3 цифры
- Алма – 4 - цифры
- Шие – 5 – цифры

1. Мына суреттегі қай зат үшбұрышқа ұқсайды?
Мына суреттегі қай зат дөңгелекке ұқсайды?
Жаңа тақырып: Тосын сәт. «Сиқырлы шарлар»
- Ал, балалар, бүгін бізде ерекше сабақ мына алдымызда үлкен сыйлық тұр екен, енді соны ашып көрейік. Сыйлық ашылады (музыка ойналады) шарлар жоғары ұшып тұрады.

- Ой, балалар, міне керемет сендер не байқап тұрсыңдар, мынау не?
Көркем сөз: Қызыл сары көк түсті
Шарларымыз көп тіпті
Кәне қайсысын таңдайсың
Түсін біліп алғайсың
- Балалар шарлардың түсі қандай?
- Қызыл, сары, көк, т. б.
- Жарайсыңдар, байқадыңыздар ма бұл сиқырлы шарлар.
Балалар шарлар қай жерде тұр?
- Жоғарыда
- Біз оны қалай алсақ болады екен?
- Білмейміз.
- Балалар маған бір ой келіп тұр. Мүмкін сиқырлы санамақтар айтып көрсек қайтеді.
Санамақ. Бір дегені бүркіт
Қашады аңдар үркіп
Екі деген есек
Білмейді ол есеп
Үш дегенім үкі
Ұстап жейді түлкі
Төрт дегенім тиын
Сан білмесе қиын
Бес дегенім бұлбұл
Сайрағанда дүл - дүл

Шарлар (музыка әуенімен төмен түседі)
Әлі де қолымыз жетпейді екен тағы бір сиқырлы санамақ айтайықшы

Санамақ. Бір дегенім бесік
Шықтым содан өсіп
Екі дегенім елім
Дала, туым, көгім
Үш дегенім үміт
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім
Төзе білем өзім
Бес дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт

(музыка әуенімен шар түседі)
Біздің сиқырлы шарларымызбен бірге ғажайып тапсырмалар келген екен. Қане ішін ашып көрейік, не бар екен?
- Балалар, тапсырма геометриялық пішіндер арқылы келіпті.
- Мынау қандай пішін?
- Кім бұл пішін туралы тақпақ айтады?
Нүктесі жоқ басталған,
Аяқталған жері жоқ
Дөңгелектің сірә, теңі жоқ..
Ойын: Көршісін тап.
Шарты: Сандардың оң және сол жақ көршісін табу.
- Жарайсыңдар енді біз бойымызды сергітіп алайықшы

Сергіту сәті: Шаршағанда «Уһ» дедім
Ренжігенде «Туһ» дедім
Қорыққанда «Ой» дедім
Өкінгенде «Ах» дедім
Шарасыз «Ех» дедім
Таңырқап «О» дедім
Кейігенде «И» дедім
Біліп ап «Е» дедім
Қуанып «ха - ха - ха» дедім

- Бойымызды сергітіп алдық енді орнымызға отырайық..
- Жарайсыңдар, ғажайып пішіндердің тағы бір тапсырмасы бар екен?
- Үшбұрыш
- Атына сай бағы бар.
Үшбұрыш, үш жағы бар.

Ойын: «Тез ойла, жауап айт»
- Бір аптада неше күн бар?
- Оң қолыңда неше саусақ?
- Торғайдың аяғы нешеу?
- Қоян екеу құшағы нешеу?
- Аю біреу табаны нешеу?
- Ал енді тағы бір пішін бар екен балалар.
- Мынау қандай пішін?
- Білмейміз

- Онда біз жаңа бір тағы пішінмен танысамыз.

Көркем сөз: Төрт бұрышы да тең түскен
Осынша жақтау және тең
Мұндай шаршы мен білсем,
Табылмас - ау екі жерден

Шаршымен таныстыру
- Шаршы мен тік төртбұрышты салыстыру. Тік төртбұрышты мен шаршымен салыстыру. Шаршының барлық бұрыштар тік, қабырғаларының ұзындығы бірдей.
Ал, тік төртбұрыштың қарам - қарсы қабырғалары тең болады.

Қол жаттықтыру
Саусақтарым тұрыңдар
Бірге сап құрыңдар
Желмен бірге теңселіп
Оңға солға бұрылыңдар
Ақырын ғана адымдап
Алға қарай жүріңдер
Бастарыңды көтеріп
Бос тұрмаңдар күліңдер

Дидактикалық ойын:
«Жетпей тұрған пішінді сал»
Рефлекс.
Балалардың жұмыстарын бақылау, жеке баламен жұмыс.
- Жарайсыңдар бәріңде тез тауып салдыңдар.
- Сиқырлы шарлар бізге қызықты ойындар үйретті. Сендерге ойындар ұнады ма?
- Балалар шарлар біздің тобымызға тек қуаныш, татулық сыйлады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: геометриялық пішіндерді ажырата біледі;
Игереді: ойлау қабілеті дамиды;
Меңгереді: сандарды меңгереді.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету