Сайтқа кіру Тіркелу

«Қонжықтың туған күні» Математика сабағы

Математика сабағы.
Тақырыбы: «Қонжықтың туған күні» Мақсаты: 10 көлемінде санауды бекіту, көршілес сандарды тауып дұрыс атауды үйрету. 1 ден 10 ға дейінгі сандарды ажырата білу, апта күндерін ретімен және шашыраңқы атауға үйрету; шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеп салыстыруды бекіту.
Көрнекі құрал: Ойыншықтар: аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, жолбарыс, піл, тиін. 10 шыныаяқ, үстел, орындықтар, 1 май қасық, ақ шәйнек, суы бар шәйнек, қант салғыш, қанты бар ыдыс, шай (заварка), шымылдық.
Үлестірмелі құрал: Д/о «Көршілес санды тап», сандары бар кассасы.
Сабақты ұйымдастыру: балалар екі үстелдің қасында дөңгеленіп отырады. Бір үстелде - қуыршақтың үстелі мен орындықтары. Екінші үстелде – шымылдық, шымылдықтың артында – ойыншықтар мен шай қоюға қажетті заттар. Басқа үстелде бір қатарға қойылған. Оларда саны бар кассалар мен «Көршілес сандарды тап» д/ойынына карточкалар. -
Сабақ барысы:
I. - Балалар, бүгін қонжықтың туған күні екен. Сол себептен ол үйіне қонақ шақырыпты. Ол жолдастарына: «Сәрсенбі күні қонаққа келіңдер», - депті. Ол аптаның нешінші күні? Бүгін аптаның нешінші күні? (бүгін сәрсенбі). Қонжықтың қонақтары бүгін келеме? (ия) аптаның тағы да қандай күндерін білесіңдер? Кім апта күндерін ретпен айтып береді?
- Балалар, бүгін қонжықтың туған күні болғандықтан, ол әдемі киініп қонақтарын тосып отыр. Міне, бірінші қонақта келіп қалды. (біреу шымылдықтың артында тоқылдатады).
II. Балалар, бірінші қонақ қанша рет тоқылдатты? (Балалардың жауабынан кейін қасқыр шығады).
- Тыңдаңдар, тағы біреу келе жатыр. Ол қанша рет тоқылдатады екен сендер санап маған айтыңдар. (солай шымылдықтың артынан барлық аңдар шығады)
- Барлығы қанша қонақ келді?
- Қонжық оларға шай береді. Қанша шыныаяқ қою керек? Неге?
- Ербол, қанша қонақ, сонша шыныаяқ әкеліп қой. Қанша әкелдің? Неге?
III. Балалар, біз қонаққа шай дайындағанына көмектесіп жіберейік.
- Оған не керек? (шай, су, қант)
- Қалай ойлайсыңдар, шәйнекке қанша су құю керек? Суды қандай шартты өлшеуішпен құюға болады? (шай ішетін шыныаяқпен)
- Қанша шыныаяқ құюымыз керек? (8) (бір бала тағы тақтаға тәрбиеші көмегімен 8 шыныаяқ су өлшеп құяды). Шай қою болу үшін 3 май қасық шай салу керек. Шайды өлшеп салады. (өлшеп ақ шайнекке салады).
- Балалар, қонақтар шайларына бір - бір май қасықтан қант салса мына қант салғышта қант жете ме жоқ па? Оны қалай білеміз? (қантты өлшеу керек)
- Қонақтарға барлығы қанша қасық қант керек? (8). Неге?
- Қане тексерейік жете ме қант жоқ па (Бір бала тақтаға шығып 8 қасық қант өлшеп салады. Қант салғышта тағы қант қалады). Жетеме қант? Қанша қасық қант өлшедік? (8)
- Қантты да, шайды де, суды да өлшегенде біздің шартты өлшеуішіміз ылғи да толы болды.
- Қандай шартты өлшеуішпен қолдандық (Қасық, шыныаяқ)
- Тағы қандай шартты өлшеуіштерді білесіңдер?
IV. Балалар, қонжық қалай отыр? Қоянның оң жағында кім отыр? Сол жағында ше? Түлкі мен қасқыр қоянның көршілері деп айтуға бола ма? Жолбарыстың көршілері кім?
Енді карточкадағы сандардың көршілерін табайық.
Д/о «Көрші сандарды тап».
Қорытындысы:
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×