Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан – менің туған өлкем

Тақырыбы: «Қазақстан – менің туған өлкем»
Мақсаты: балаларды туған өлкесі Қазақстанның табиғатының сұлулығымен таныстыру.
Туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету, өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу. Суретшінің бере білген көңіл - күйді сезіну қабілеттілігін қалыптастыру, табиғаттың әрбір құбылысы өзінше тамаша екендігін сезіну.
Құрал - жабдық: туған өлкеміздің табиғатты бейнеленген суреттері, мольберт, жай қарындаш және қылқалам мен акварель бояуы, ақ қағаз.
Сөздік жұмыс: туған өлкем, суретшілер А. Черкасский, А. Мәмбеев, Ә. Қастеев.
Қостілділік компонент: туған өлкем - родной край.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің барысы:
І. Мотивациялық – қозғаушылық кезеңі.
Педагог балаларды «Қуаныш шеңберіне» тұрғызады.
Балалар «Қуаныш шеңберіне» тұрып.
Арайлап бүгін атты күн,
Шашты бүгін шапағын
Тілейміз ақ таңның
Қуанышын шаттығын.
Қайырлы таң,
Қайырлы таң!
Қуанышты күн бүгін.
Педагог «Танысу» ойынын ойнатады.
Ойынның шарты бойынша келген балаға мен сұрақ қоямын.
- Сенің атым кім?
- Менің атым – Ильяс
- Жасың нешеде?
- Жасым – бесте.
- Сен қандай Республикада тұрасын?
- Мен Қазақстан Республикасында тұрамын.
- Елбасы кім?
Елбасы Н. Ә. Назарбаев.
- Жарайсыңдар балалар!
ІІ. Іздену – ұйымдастырушылық кезеңі.
Педагогтың әңгімесі:
- Біздің сүйікті Отанымыз Қазақстанның кең байтақ екенін айтамыз. Созылып жатқан кең – дала, биікке аспандап көтерілген таулар, асау толқынын жағаға ұрып жатқан Каспий теңізі, Балқаш көлі, сансыз өзендер мен көлдер, шулаған орман мен саябақтар. Жылдың қай мезгілі болса да, осының бәрі адам баласын толқытып қуантады. Бірақ ең негізгісі - туған табиғатымыздың әдемілігін байқай білуді үйрену, оның қайталанбас сұлулығын сезіне білу. Табиғаттың кез - келген бұрышы өзгеше жақсы. Балалар мұқият тыңдайды.
Соңдықтан суретшілер өздерінің шығармаларында қоңыр күзді, гүлдеген даланы, алғашқы қарды, қысқы саябақтардағы гүлзарларды, тағы да басқа көріністерді адам баласының қуануы мен таң қалдыру үшін бейнелейтінін білуге болады.
Ақын М. Әлімбаевтың «Менің – Қазақстаным» өлеңін оқып беру.
Педагог тақтаға А. Черкасскийдың «Қара ағаштар», А. Мәмбеевтың «Қиіз үйде», Ә. Қастеевтің «Мұз айдыны - Медеу» атты шығармаларын іледі.
Балаларға қазақ даласының көркемдігін, қазақ халқының киіз үйін, жайлауды қағазға бояу арқылы салдыруды ұсынады. Әр түрлі бояуларды таңдауды, қағаз бетіне дұрыс орналастыруды бақылайды.
Балалар шығармалар туралы, туған өлкенің табиғатты туралы әңгімелеп береді.
Сергіту сәтті:
Ал балалар тұрайық,
мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға, солға иіліп
Денемізді бұрайық.
Балалар музыка ырғағымен туған өлкенің табиғатты туралы түрлі түсті акварель бояуларын қолдана отырып сурет салады.
ІІІ. Рефлексивті – корригиялық кезеңі.
Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықты, олардан көрме жасайық.
Балалар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: туған өлкесінің табиғатын бейнелеу білу.
Игереді: табиғатты сезінеді; оның сұлулығын, қағаз бетіне түсіреді.
Меңгереді: қылқаламды дұрыс ұстап, бояуларды дұрыс таңдап, табиғатты бейнелейді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Тұғыры биік Елбасы"

Мақсаты: Балаларға «
Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, Елбасының жасаған еңбектері туралы айтып беру. Отанға, туған жерге деген...
Бағдарлама «Менің отбасым – менің өлкем – менің үйім»

Бағдарлама «Менің отбасым – менің өлкем – менің үйім»

Мектепке дейінгі балаларды аймақтық әлеуметтік мәдени ортамен таныстыру арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу....
Жомарт өлкем

Жомарт өлкем

Мақсаты: Музыканы тыңдау, сезіну, сипатын ажырату, динамикасын білу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту....
Бозторғай суретін салу

Бозторғай суретін салу

Мақсаты: құстар туралы білімдерін жетілдіру. Балаларды бар мүмкіндіктерімен құстың пішіні мен құрылымын көркемді беруге ынталандыру. Балалар қиялын...
«Туған жерім – Қазақстан»

«Туған жерім – Қазақстан»

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×