Сайтқа кіру Тіркелу

Болашақ математиктер

«Болашақ математиктер»
( ата - аналар мен бірге өткізілетін сайыс)
Мақсаты:
Балалардың логикалық ойлау, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту;
Балалардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана сезім тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу;

1 - ж: Уа, жарандар, жарандар!
Бізді біраз тыңдаңдар,
Ғылымдардың ғылымы,
Математика жайында,
Сайысымызды бастаймыз.
2 - ж: Математика - ермек емес, балалық,
Математика – көрегендік, даналық.
Математика - құрметтеуге лайық,
Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!
1 - ж: Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда ортада,
Шығып жүрген жақсы аты,
Алғырларды ортаға шақырайық
2 - ж: Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Тапқырларды халайық
Қол соғып қарсы алайық.
Сайысқа қатысушылар орындарына келіп отырады.
Бүгінгі сайысқа үш топ қатысады. Олар: «Үшбұрыш», «Бесбұрыш»,
«Дөңгелек» топтары. Ендеше шарттарын айтып өтейін. « Болашақ математиктер» сайысы 5 - турдан тұрады:
Сайыс шарттары:
1. Сәлемдесу / аты, ұраны, төс белгісі/
2.. «Кім жылдам?»
Бұнда топтарға тақтада тапсырмалар беріледі;
3. «Мықты болсаң жеңіп көр!
Бұл сайыста қатысушы топтарға сұрақтар беріледі. (балалары жауап беруі керек)

4. «Бізден - сізге» сайысы. Әр топ өздері үйден бір сұрақ дайындап келеді.
5. «Білімдіге – биіктен орын» Әр топтың басшылары келіп, тапсырмалар алады. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі.
1 - ж: Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер.

Сайысымызды бастамас бұрын, сайысымызды әділ бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлап алайық!
1. Таныстыру / аты, ұраны, төс белгісі/
(топтардың ұрандары)
Ұран: « Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!»
Ұран: « Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске!»
Ұран: «Білекті бірді, білімді мыңды жығар!»

2.. «Кім жылдам?»
Бұнда топтарға тақтада тапсырмалар беріледі:
Тақтада: әртүрлі пішіндер берілген, сол пішіндерден құрастырып белгілі бір уақыт аралығында, әртүрлі заттар істеу керек. Мысалы: үй, доп, ою - өрнектер, т. б. Қай топтың құрастырғаны көп болса сол топ жеңіске жетеді.

3. «Мықты болсаң жеңіп көр!
Бұл сайыста қатысушы топтарға сұрақтар беріледі.(балалар жауап беруі керек)
Асып, тасып саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді биле барынша,
Жарыста, сірә қалыспа!
Сұрақтар:
Оң қолымда 2 алма,
Сол қолымда 2 алма.
2 қолда алманы,
Қосып көрсем неше алма? (4 алма )

Аминада үш қарындаш,
Алимада үш қарындаш.
Амина мен Алима,
Қосса қанша қарындаш? ( 6 қарындаш )
1 ден 10 ға дейінгі сандарды тура және кері қарай санап беру. ( екі топтың балдарыда.)
Бұл шеңберде нүкте нешеу?
Сонша рет қолдарыңды көтер дереу.

Қанша шаршы көріп тұрмыз?
Сонша қарындаш көрсетеміз;
Кесінді нешеу болса,
Сонша секір қуана.

Бұрыштарды санайық,
Сонша отырып, тұрайық.

4. «Бізден - сізге» сайысы. Әр топ өздері үйден бір сұрақ дайындап келеді. Сұрақты топтар бір - біріне қояды. Жауап бере алмаса, өздері жауап береді. Әр дұрыс жауап 50 ұпай.

5. «Білімдіге – биіктен орын» Әр топтың басшылары келіп, яғни ата - аналары тапсырмалар алады. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Олар дайындалып болғанша, «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерінің орындауында бір ән тыңдасақ:
Ән: «Балабақшада»

Ата - аналарға тапсырма:
Менің екі ағам бар, олардың әрқайсының екі ағалары бар, ол ағалардың да әрқайсында екі ағадан бар. Бірақ бірінде де қарындас жоқ. Отбасында неше бала бар?
(3 ұл)
Кісілер менің атамның жасын жиі сұрай береді екен. Ол сенбі мен жексенбіні есептемесе, 55 жастамын деп жауап қайтарыпты. Сонда ол кісі шын мәнінде нешеде?
(Егер аптада 5 күн, ал ол 55 жаста болса, онда бір аптада 7 күн болса, атамның жасы 77 - де.)

Бір адамнан «Жасыңыз нешеде?» деп сұраған екен.
- Бірсыпыра жастамын. Мен өзінің кейбір туыстарымнан алты жүз есе үлкенмін.
Бұлай болуы мүмкін бе?
Иә, мәселен, бұл адам 50 - де, ал, туысына 1 ай болса;

1 - ж: Қорытынды.
Ал, ендеше, әділқазыларға сөз береміз.
Білім деген, биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, биік шыңдардан көріне берулеріңе тілектеспіз!
Әділқазылар марапаттайды!
Сау болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Математика сайыс сабақ

Математика сайыс сабақ

Уа, жарандар, жарандар! Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар Ғылымдардың ғылымы Математика жайында Сайысымызды бастаймыз....
Көңілділер тапқыштар клубы

Көңілділер тапқыштар клубы

Мақсаты: 1. Математикалық - логикалық есептерді шығара білуге үйрету; 2. Математикаға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекілігі: Үшбұрыштар,...
Қызықты сағат

Қызықты сағат

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Ой - өрісін...
«ЗЕРДЕ» интеллектуалдық - танымдық ойыны

«ЗЕРДЕ» интеллектуалдық - танымдық ойыны

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы, «Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш...
Тапқыр достар сайысы

Тапқыр достар сайысы

«Тапқыр достар» сайысы Сайыс мақсаты: Білімділік: Оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілеті ашу, интелектуалдық деңгейін арттыру....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×