Сайтқа кіру Тіркелу

Адамгершілік қасиетті қалай қалыптастырамыз

Адамгершілік қасиетті қалай қалыптастырамыз.

Халқымыздың «Бесіксіз үйде береке жоқ» деген нақыл сөзі әр ошақтың түтіні сөнбесін деген ізгі тілектен туып қана қоймаған соңымен бірге елдің ертеңін ойлаудың белгісі. Баланы өмірдің жалғасы, мәні мен сәні санаған халқымыз ежелден отбасында баланың неғұрлым көптігіне мән берген. «Бір баласы бардың шығар - шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар», «Бала – адамның бауыр еті», сияқты халық пайымдауларында терең пәлсапалық мағына жатыр. «Ата өліп, бала қалса мұратына жеткені», «Артында қызы бардың көзі бар, ұлы бардың өзі бар» деген секілді тұжырымдауларда сан ғасырғы тірліктің тұнбасы берілген.
Ұрпақты адал еңбекке, өнер - білімге баулу, өмірге бейімдеу, отбасы, ауыл - аймақтың, Отанның намысын қорғау сияқты ізгі адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу міндеттер қазір мектеп пен мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеу орындарының негізгі жұмысына айналды.
Әрине, әр ата – анаға баланың ең алдымен денінің саулығы қажет. Баланы саналы етіп тәрбиелеуге ұмтылу басты парызымыз. Балаға тәрбиені есі кіргенде, өскенде бере беруге болады деген пікір теріс айтылған. Қазақта: «балаңды өзің түзетпесең өмір түзетеді» деген нақыл бар. Бірақ өмірдің түзетуіне қалған бала сілікпесі шығып, өкініп барып түзелуі мүмкін. Олай болса: «жас күнінен үйретсең, жасы жеткенше көндігеді, жасы жеткенде үйретсең, көндігіп болғанша көміледі...» деген нақылын ұстанған жөн.
Күнделікті өмірдегі ата - ананың іс - әрекеті үлкенді сыйлауды, өзінен кішіге қамқор болуды үйрететіндей болу керек. Баланы адамгершілік қасиетке, ата - анасын, өз ортасын, туыстарын сыйлауға үйрету сөз жүзінде жүргізілмей, өмірден соның өзін көріп, сезініп, рухани нәр алатындай жүргізілу керек. Балабақшада сәбилерге адамдармен сәлемдесудің, қасындағы жолдасын ренжітпеудің, тату – тәтті ойнаудың жолдарын көрсетіп, сол жөнінде түсіндіріп айтып отырған артық емес.
Ал бос уақыттарда ертегі, әңгіме, тақпақтар оқу барсында адамгершілік қасиетті негізге алып отырған жөн.
Ертегілер, аңыз - әңгімелердің өмірден алынғанын балалар үшін айтып өтудің тәрбиелік мәні бар.
Адамның адамдық қасиеті оның адамгершілігінде деп айтуымыз да тегін емес.
Бүгінгі біздің басты парызымыз болашағымыз болып табылатын балаларға үлгі - өнеге, тәлім – тәрбие беру. Балаларды алдымен бірін – бірі сыйлауға, біріне – бірі көмектесуге, көпшіл болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Отбасында балалар ата - аналарынан әр түрлі әңгіме естиді, соны көкейіне тоқиды. Сондықтан ата - аналардың әр әрекеті, әр сөзі үлгілі тәрбиеге, адамгершіліктің асыл қасиеттеріне баулитын әңгімелерге ұштастырылғаны жөн болар еді.
Данышпан Абай: «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата - анасынан, екінші ұстазынан, үшінші құрбысынан», - деген екен. Қай бала болса да, құрбысы мен ұстазынан гөрі үйінде көбірек болатындықтан ата - анасының үйдегі өнегесі, мәдениеті мен ішкі жан дүниесі балаға көбірек ықпал ететіні белгілі. Баласының көзінше кейбір ата - аналардың, «ол мұғалімнің жайы белгілі ғой, өзін жөндеп алсын!» дегенін естіп отырған шәкірт ұстазын сыйлай ма? Немесе «оқымағандар да күн көруде. Өзіміз оқығандардан артық тұрамыз, өмір сүре білу керек» деп отырған ата - ана пікіріне қосылатындар табыла ма? Мұндай отбасы еңбектен қашатын баланы тәрбиелеп шығармай ма? Ал, «менің балам ғана жаман ба екен, өзгені неге көрмейді, ол мұғалім сол үшін ақша алып отыр, үйретсін, тәрбиелесін, сол үшін бердік қой» деген сөздерді ата - анасынан еститін бала кінәмшіл, өзімшіл келеді. Жазушы Ғ. Мұстафиннің мынандай сөзі бар: «Ата - ана қадірін білген бала халық қадірін білер, ал халық қадірін білген бала ата - ананың қадірін де біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін, мәдениетін, өнерін, тілін қадірлеуді ата - ана және ұстаз болып үйрету керек».
Балаға деген ыстық ықылас, ата - ананың мейірім, ақыл – кеңесі халықтық тәрбиеде бұрыннан бар нәрсе. Әсіресе, көпті көрген қариялар, көкірегі күйсандық жайсаңдар жас ұрпақты жаңсақ қадамдардан сақтандырып, кемшіліктен қақпалап, мінін түзеп, жақсылыққа жетелеушілер болып табылады. Өйткені, олар ағаттықтың, аңқаулықтың, білместіктің не екенін тез аңдайды, нақты біледі. Өздері басынан кешкен өкініштердің, орны толмас «әттегенайлардың» жастар басында болмауын қалайды. Халқымыз «Қария, қарияның ақылы - дария», «Қариясы бар елдің қазынасы бар» дейді. Өйткені қарт адамдар өскелең ұрпаққа қашаннан ақылшы, әрі мейірімді қамқоршы. Қарттар жас буынға өздерінің өмірден алған мол тәжірибелеріне сүйене отырып үлкен тәрбие береді.
Отбасындағы бала тәрбиесіндегі үлкен тұлға - әже мен ана. Әжелердің ұстамдылығы, төзімділігі, сабырлылығы, қиыншылық атаулыға қажырлылықпен қараулары үнемі үлгі. Олар немерелерін аңыз - әңгімелерімен, мақал - мәтелдермен таныстырады. Шоқанның Айғаным әжесі, Абайдың Зере, Мұхтардың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер. Ал, көпті көрген көне көз аналар, ардақты қариялар өз балаларының, немере шөберелерінің ғана емес, иісі қазақтың ақылшысы, кемеңгерлері ғой.
Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балалары өрескел мінез – құлық көрсетсе, өз баласындай көріп дұрысын айтып түзеуге өздерін міндетті санаған. «Қызға қырық үйден тыю», «Ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол» деген сөз баланы қауым болып тәрбиелеу мақсатында шыққан. Отбасындағы тәрбиеде туыстық қарым – қатынастардың да мәні бар. Үлкені кішісіне қамқоршы да, өнеге де болуға тиіс. Олардың бір – біріне қолғанат сүйеу болуы құпталған. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» немесе «Ағаның үйі – ақ жайлау» дегенді айтады.
Адам бойындағы адамгершілік, үлкенді сыйлау, кішіпейілдік, бауырмалдық сынды асыл қасиеттерді бала бойына жөргектегі кезінен бастап сіңіре білу міндетіміз.
Баланың жан - жақты білімді, мәдениетті, саналы адам болып қалыптасуын қамтамасыз ететін отбасы мен білім – тәрбие орындары өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараса тәуелсіз еліміздің көк туын жоғары ұстауға жетуіміз айқын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тұлғаның адамдық негіздері

Тұлғаның адамдық негіздері

Сабақтың міндеті: Білімділік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру маңыздылығын түсіндіру, ақпарат беру. Дамытушылық: Оқушыға тәрбиенің маңыздылығын...
Ата - ана жиналысы

Ата - ана жиналысы

Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан - жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті...
Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы

Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы

«Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» деп, халық қаһарманы Б. Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағы жас буынды имандылық пен...
Отбасы туралы мақал - мәтелдер

Отбасы туралы мақал - мәтелдер

Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар. Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол....
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі

Бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі

Отбасы болып құрылғаннан бастап, ата – ана өмірдің алғашқы күнінен бастап, өздерінің негізгі борышын атқаруға кіріседі. Ең басты, яғни олар – ата -...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×