Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Өлі табиғат және тірі табиғат

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Таным.
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Өлі табиғат және тірі табиғат
Мақсаты: Балаларды өлі және тірі табиғат туралы, жан - жақты түсінік беру. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру. Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Билингвальдік компоненті:
Күн – солнце.
Ауа - воздух.
Су - вода.
Жер - земля

Іс - әрекет кезеңдеі
1 - кезең. Мотивациялық - қозғаушы
Тәрбиешінің басқарымдық әрекеттері
Таңертеңгі шеңбер
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді біз білмейміз
Қуанамын мен де
Қуанасын сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атты таңға.
Балалар шеңберге тұрып, бір - бірін қолдарын ұстап жылы лебізді білдіреді.

2 - кезең. Ұйымдастырушылық – ізденушілік
- Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
- Әке, ана ата, әже
- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
- Аспан, бұлт, машина, ит, ағаш, мысық, жер, қар).
- Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе?
- Ия, күн, су, ауа бізге керек.
- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
- Табиғат.
Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат. Кәне бәріміз қайталайық.
- Өлі табиғат және тірі табиғат.
- Өлі табиғатқа су, ауа, жер, күн, бұлт.
- Балалардың жауаптары: Жаңбыр, құм бұл өлі табиғат.
- Топтағы балалар, гүлдер олар тірі табиғат.
- Ал тірі табиғатқа: адамдар, құстар өсімдіктер, гүлдер жатады.
- Балалар міне, менің қолымдағы ыдыста не бар?
- Қар.
- Оның түсі қандай?
- Ақ.
- Қар, қай мезгілде болады?
- Қар, қыс мезгілінде болады.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
Жауабы: Су.
2. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды.
Жауабы: Күн
3. Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң құшағың тең болмайды.
Жауабы: Ауа
- Мынау не?
- Су.
- Түсі қандай?
- Судың түсі мөлдір таза, сұйық зат.
- Дәмі барма?
- Дәмі жоқ.
- Суды қалай пайдаланамыз?
- Суды ішеміз, кір жуамыз, тамақ істейді.
Су керек пе?
- Балалар судың пайдасы мол. Су түрлі өзгеріске ұшырайды, бұға айналады, бу қайтадан су күйінде жаңбыр болып жауады, су мұз болып қатады.
- Су отты өшіре алады, суды адам барлық тіршілігіне пайдаланады.
Кім су туралы тақпақ біледі.

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қанатты жазайық
Құс болып ұшайық,
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.

Тақтадағы табиғат көрінісін түсіндіру.
1. Суға құмды салайық ери ме?
Балалар құм бізге керек пе?
Құмға ағаштарды отырғызамыз, құмда өсімдіктер, гүлдер өседі.
Ағаштардан не жасауға болады?
Сонымен су өлі табиғатқа, ағаш, құс, гүлдер, өсімдіктер тірі табиғатқа жатады.
Балалар біз нені жұтып, дем аламыз?
Құстарды атуға бола ма?
Ағаштың талын кесуге бола ма?
2. Мына гүлді құмға қопсытып отырғызамыз да, суды құямыз. Ол сумен өседі, көріктенеді, оттегін шашады, ауаны тазартады.
Бұлар қандай табиғатқа жатады?
3. Енді қантты суға салайық, ери ме?
Дәмі қандай?
4. Суға тұзды салайық тұз еріді ме?
Дәмі қандай болады?
Мақал - мәтел:
Судың да, сұрау бар.
Су - тірліктің көзі.

Балалар, қар қай мезгілде болады

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету