Сайтқа кіру Тіркелу

Ауадағы шарлар

«Дидактикалық ойындар»
Бейнелеу өнері
1 «Ауадағы шарлар»
2 «Шыршаны безендіру»
3 «Тышқанды жасыру»
4 «Кемпірқосақ»
5 «Сыңарын тап»
6 «Заттардың түсін ажыратайық»
7 «Футболшылар»
8 «Қандай түстер қолданылған?»
9 «Ыдыстардың шыны аяқтарын таңдауға көмектес»
10 «Қуыршақты серуенге киіндірейік»
11 «Түрлі – түсті көйлектегі бишілер»
12 «Түрлі - түсті гүл шоғын құрастыр»
13 «Сайқымазақтарды киіндір»
14 «Түсіне қарай орналастыр»
«Ауадағы шарлар»

Мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы балаларды үлгіге қарап, алты түспен( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) таныстыру көзделеді.

Көрнекі құралдар: Фланелеграф, қағаздан немесе картоннан жасалған алты түсті дөңгелектер 12х3 алынады.
Жүру барысы: Ақ қағазға алты түсті жіңішке жолақшалар желімделген соң түстеріне сәйкес келетін дөңгелектер жапсырылады. Тәрбиеші:
- Балалар бізде түрлі - түсті ауа шарлары бар және жіптері де сондай түсті. Қазір ол шарлар фланелеграф тақтайшасында әр түрлі қашықтықта пайда болады деп, ескертіп, түсін айта отырып, тігінен, орналастырамыз. Ал, енді қазір осы жіптерге бірден шар байлаймыз. Бір шарды алып, сондай түсті жіпке бастыра қояды. Осыдан кейін 2 - 3 бала кезекпен шарларды байлайды. Егер бала түсті табуға қиналса тәрбиеші көмекке келеді.

«Тышқанды жасыру»
Мақсаты: Балаларда 6 түс туралы( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) түсінік қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: 6 түсті қағаз (20х15) Ақ шаршы (18х8)
Ортасында орналастырылған. Ақ шаршыда тышқанның ұясы салынған. 6 шаршы – есіктер (10х10) Мысық жұмсақ ойыншық.
Балаларға таратылатын құралдар: жоғарыдағыдай өлшемі кішірек заттар: түрлі - түсті қағаздар (10х8) ақ шаршы(5х5), түрлі - түсті қағаз шаршылар (6х6(
Ойын барысы:
Тәрбиеші балаларға жасыр» ойынын ойнаймыз дейді. Алдымен
ойын ережесімен танысайық. Менде тышқандардың іні бар. Тақтаға 3 інді қояды да, қасына 6 түсті шаршы қояды. Мінекей балалар көрдіңдер ме?
- Тышқандар терезелерінен қарап тұр. Осы тышқандарды тығу үшін шаршыларды қолданып терезелерді жабамыз, есік түсі үй түсімен сәйкес болу керек. Әйтпесе мысық тышқандарды ұстап алады. Тақтаға үш баланы шақырып, терезелерді жабуын сұрайды.
Егер қателескені болса кері шақырып дұрыстатқызады. Осы кезде мысық шығады. Таба алмаған соң кетіп қалады.

«Сыңарын тап»

Мақсаты: Ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру. Аяқ киімдердің түр - түсіне, көлеміне, пішініне және ою - өрнегіне байланысты сыңарын таба білуге. Ер адамдар мен әйел адамдар киетін аяқ киім үлгілерінің ерекшеліктеріне назар аудару, ұлттық ою - өрнек элементтерінің қолданылуы жайындағы ұғымдарын жетілдіру. Зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Түстері бірдей, ою - өрнек элементтерінде айырмашылықтары бар. Пішініне қарай бірнеше аяқ киім түрлері алынады.
Ойын ережесі: Педагог балалармен ұлттық ою - өрнек түрлерін көрсетіп, атын таныстырады. Берілген аяқ киімдердің бірінен айырмашылығын ажыратып сыңарын табуға көмектеседі. Тапсырма беріледі.
Ойынға басшылық:
Педагог алдындағы қораптағы ұлттық үлгідегі аяқ киімдердің суреттерін көрсетіп, балалардан сұрайды. Мысалы: етік, мәсі, кебіс, саптама. Осылардың ішінен әйелдер киетін аяқ киімді бөлек қоюды ұсынады. Қолына алған аяқ киім сыңарын іздейді. Егер сыңарын дұрыс тапса қандай ерекшелік байқағанын сұрайды

«Кемпірқосақ»
Мақсаты: Балаларды түстер жүйесімен таныстыру. Спектрдегі түстердің орналасуымен таныстыру
Көрнекіліктер: «Кемпірқосақ» суреті.
Толық аяқталмаған кемпірқосақ қағаздары. Жапсыруды аяқтауға ареалған жеті түсті жолақшалар. Жапсыру құралдары.
Ойын ережесі: Балалардан жауыннан кейінгі шығатын кемпірқосақты кімнің көргенін, онда қандай түстер бар екенін сұрап, ойын құралдарын тақтаға іледі, түстерді толық атын атап орналастырады. Жеке балалардың алдарына ойын құралдары үлестіріліп балалар өз бетімен жұмысты үлгіге қарай отырып орналастырады.

Заттардың түсін ажыратайық»
Мақсаты:
Заттың түсін ажырата білуге балаларды жаттықтыру;
өз - ара бір - біріне жақын түстерді ажырата білуге: қызыл - сарғыш, қызыл - ашық қызыл, ашық қызыл - сия көк түс, көк - көгілдір.
Ойын құралдары: Түстері өз - ара жақын екі зат бейнеленген суреттер: қызанақ пен сәбіз, роза гүлі мен түймедақ. Бір сурет бейнесі тұтас жапсырылған да, екінші жанындағы сурет бейнесінің пішіні ойылған. Ойылған беті қалташа етіп жасалған.
Ол қалташаға төртбұрышты түсті қағаздар салынады.
Балалардың түстерді игеруімен қатар зат есім мен сын есімді
байланыстыра сөйлеуі, сөйлемде жұрнақ қосып айтуы
қарастырылады Мыс: көгілдір гүл, қызанақ қызыл, ал сәбіз
сарғыш.

«Футболшылар»
Мақсаты: Балалардың негізгі және қосымша түстерді айыра білуге үйрету. Түстерді топтай білуге. Ашық және қою түстерді қолдануда сөздіктерді орнымен қолдана білу.
Ойын құралдары: Дене бөлігі ойылған, 5 футболшы бейнеленген, 2 ұзын қаты қағаздан жасалған конверт. Бірінші команда ақ, екінші команда қара төменгі киімде. 5 - ашық түс, 5 - қою түстегі тіктөртбұрышты түсті картондар.
Ойын барысы:
Педагог тақтаға футболшылар бейнеленген 2 конвертті қояды. Ал жанына түрлі - түсті тіктөртбұрыштарды шашыраңқы етіп жаяды. Әңгімелеу: « Сендердің алдарыңда екі футбол тобы тұр. Сол жақтағы топ «Күншуақ» тобы, ал оң жақтағы топ « Найзағай» тобы. Оларды неге бұлай атағаны сол: «Күншуақ» тобы үнемі ашық түсті киім киеді де ал «Найзағай» тобы қою түсті киім киеді.
Бүгін киімдері ретсіз шашылып жатқасын олар өз киімдерін таба алмай отыр. Қане бәріміз бұл футболшыларға киімдерін таңдауға көмектесейік. Педагог алдын ала ойынды өзі ойнап көрсетеді. Тақтаға екі бала шақырылып қандай топты киіндірілетіні сұралады.

«Қандай түстер қолданылған?»

Мақсаты: Бір түстің 2 реңкін ажырата білуге, түс реңктерін бейнелеп айтудағы сөзді сөйлем ортасына қолдана білуге жаттықтыру: күрең қызыл, ашық сары, ашық сарғыш.
Құралдар:
5 түстен құралып жапсырылған әтеш бейнесі.( ол қызыл, сарғыш,, көк, қоңыр, және сары түс) Әр бір түс екі реңктен бейнелеп көрсетілген. Суреттің төменгі жағында 10 шаршы сызылып, бөлінген. 10 түрлі түсті шаршылар.
Ойын барысы:
Педагог бұл әтешті жапсырып жатқанда 5 түсті қолданғанын, ал 5 түстің қосымша реңктерін де пайдаланғанын айтады. Балалар сол түстің реңкімен бірге шаршылар арасынан тауып бірге ұяшыққа қоюы тапсырылады.( Мыс: әтештің айдары мен сақалы қызыл ал, етігі күрең қызыл – дейді. Бала осы екі аталған түстердегі шаршыларды алып бейненің астындағы шаршыға орналастырады.

«Ыдыстардың шыны аяқтарын табуға көмектес»
Мақсаты: Алты түсті меңгертуді үйретуге жаттықтыру.
Құралдар: 6 түсті ( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) шыны аяқ силуеттері.
Ойын барысы: Педагог тақтаға жолақ қалталары бар суретті іліп, шыны тарелкелерді қойып шығады. Бала осы ған сәйкес түсті саптаяқты іздеп, шыны аяқ үстіне қояды.

«Қуыршақты серуенге киіндіріп, шығарайық»
Мақсаты: Негізгі түстерді меңгеруге, киім атауын атай білуге және сөйлемде қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын құралдары: 4 түсті пальто киген қыздар / панносы/көк, қоңыр, қызыл, жасыл,
Ойын барысы:
Педагог балаларға қуыршақтың серуенге шығатындығын, ол үшін
Қуыршақтың үстіндегі пальто түсіне сәйкес бас және аяқ киімдерді
таңдап алуға көмектесулерін сұрайды. Балалар түрлі түстердің арасынан өзіне қажетті киімдерді таңдап киіндіреді.

«Түрлі – түсті көйлектегі бишілер»
Мақсаты: 1. Кемпірқосақ түстерінің орналасу реттілігі мен түстің атауын білуді бекіту. 2. Қуыршақтардың көйлектері мен түстері жайлы әңгімелей білуге жаттықтыру.
Ойын құралдары:
1. Бас киім және көйлектері ойылған 7 қуыршақ бейнесіндегі ұзын жолақша қатты қағаз.
2. 7 түсті тіктөртбұрышты қағаз (қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көгілдір,, көк, сиякөк)
3. Кемпірқосақ суреті.
Ойын барысы:
Педагог балалардың көз алдына тақтаға қуыршақтар бейнеленген
жолақшаны қояды да былай деп әңгімелейді: 7 дос қыз алаңға шығып билемекші болады. Бір сәт аспанда кемпірқосақтың асылып тұрғанын көріп қалған қыздар, дәл сол кемпірқосақтың түсіндей болып көйлек кимекші болады. Бірақ кемпірқосақ түсінің қалай орналасқанын ұмытып қалыпты. Ал, сендер білесіңдер ме? Міне кемпірқосақтың түстеріне ұқсас 7 түсті тіктөртбұрышты пішіндер.
Қане қыздарымызға көмек берейік.
Жолақшаға бір - бірлеп түсті тіктөртбұрышты ретпенен орналастырады. Бұл түсті кемпірқосақтың түстерімен салыстыра отырып орындайды. Тексеру мақсатында қуыршақтың қандай түсті бас киім мен көйлек кигендіктерін сұрайды. «Бірінші қуыршақ қызыл бас киім мен қызыл көйлек киді» ойын соңында түстердің қызылдан сия көкке ауысқандығына назар аударады.
«Түрлі - түсті гүл шоғын құрастыр»

Мақсаты:
1. Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында бекіту.
2. Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары:
1. Гүлдің жасыл сабағы мен жапырағы бейнеленген 2 құмыра суреті ілінеді. Гүл сабағының ұштарына нейтрал түстен дөңгелек (сұр, ақ) жапсырма қағаз жапсырылады. 1 ші құмыраға жылы, 2 ші құмыраға суық түсті ою - өрнекпен әшекейленген.
2. Түрлі - түсті қатты қағаздан қиылған гүл қауыздары: олар,
Суық түстер: көгілдір, көк, сия көк және жылы түстер: сары, сарғыш, қызыл, түсті гүл қауыздары. Олардың астыңғы бетіне жапсырма қағаз орнатылған.
Ойын барысы:
Педагог балаларға екі құмыраға гүл шоқтарын құрастыруларын сұрайды. 1 ші құмыраға жылы - отқа ұқсас түстерден:, ал 2 ші құмыраға суық - аспан, су, мұз түстес түстерден гүлдерді жинау сұралады. Тақтаға 4 бала шақырылады. Балалар екі топқа бөлініп, құмырадағы гүл шоғын құрастырып болғасын өз гүл шоқтары жайлы сөйлем құрайды. Мыс:» Мен сары, сарғыш, қызыл түстерден гүл шоғын құрастырдым»

« Жылы және суық түстер»
Мақсаты: Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында бекіту.
Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары: Тақтаға аққала мен күн суреттері ілінеді.
Аққала суреті айналасында су, мұз, бұлт түстеріне ұқсас - көк, көгілдір, сия көк түсті дөңгелек пішіндер ілінеді. Күннің айналасында жылы - от, күнге жақын түстер - сары сарғыш, қызыл, жасыл түсті дөңгелектер ілінеді
Ойынға басшылық.
Педагог балалардың назарын тақтадағы күн мен аққалаға назар аудартады. Жылы түстер – дегенде біздің ойымызға күн, немесе от бейнесі түсуі керек. Қараңдаршы қандай түстер екен: сары, қызыл, сарғыш, жасыл түстер. Суық түстер қандай түстер екен - көк, сия көк, көгілдір. Педагог екі түсті араластырып түстерді ажыратып орнына қоюын сұрайды.

«Суретші қай жыл мезгілін салды?»
«Сайқымазақтарды киіндір»
Мақсаты: түстер туралы алған білімдерін тиянақтау.
Ойын құралдары:
1. Спектр түстері бейнеленген дөңгелек қатты қағаз. Дөңгелектің ортасында қозғалмалы сағат тілдерімен, ақ түсті киімдегі билеп тұрған кейіптегі сайқымазақтар суреті орналасқан.
2. 2 - 2 ден жартыға қиылған сайқымазақ киімдерінің қиындылары. Астыңғы бөлігінде жапсырма қағаздары орнатылған болуы керек.
Ойын барысы:
Педагог балаларға спектр түстері, олардың орналасу тәртібі жайлы
түсінік береді. Сарғыш түстен кейін сары, одан кейін жасыл, көгілдір, көк, сия көк, қызыл түс. Сағат тіліне қарсы тұрған түсті алып 2 түстерді атап, сайқымазақтардың киімін киіндіреміз. Түстерді атап сөйлем құрастыра білуіміз керек. Сайқымазақтарды киіндіріп болғаннан кейін, олардың түстерінің ерекше қанық, айқын екендігіне назар аударады.

«Шыршаны безендір»
Мақсаты: Түстердің реңкі бойынша топтастыра білуге үйрету.
Құрал - жабдықтар: Көлемі 30х50 планшет, түрлі - түсті қатты қағаздан қиылған шырша және шырша ойыншықтары.
Ойынға басшылық: Балаларға шырша ойыншықтарының қиылған пішіндері үлестіріледі. Мольбертке қиылған шырша бейнесі ілінеді. Педагог:
- Балалар, жақында балабақшада шырша мерекесі аталып өтті, барлығы көңілді болды. Әдемі ойыншықтар мен безендірілген шырша жанында өлең айттық, би биледік, аяз атадан сыйлық алдық. Аяз аталарыңа барлығы да ұнапты. Ол кетер алдында мына кішкентай шырша мен ойыншықтарды сендерге тастап кетті.
Қане, мына шыршаны сол ойыншықтар мен безендірейік. Мен кез келген түсті айтамын кімде сол түс болса ойыншығын шыршаға іледі. Ең бірінші қызыл түсті ойыншықтарды ілеміз. Қызыл түсті ойыншықтары бар балалар ойыншықтарын іле бастайды. Қалған балалар достарының қателігін түзейді. Осыдан кейін сарғыш, көк, жасыл т. с. с түстерді атайды.

« Жылы және суық түстер»
Мақсаты: Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында бекіту.
Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары: Тақтаға 2 жылы және суық түстерден құралған жұмырқұрттар суреттері ілінеді.
1 ші жұмырқұрт суреті айналасында су, мұз, бұлт түстеріне ұқсас - көк, көгілдір, сия көк түсті дөңгелек пішіндер ілінеді. 2 ші жұмырқұрт айналасында жылы - от, күнге жақын түстер - сары сарғыш, қызыл, жасыл түсті дөңгелектер ілінеді
Ойынға басшылық.
Педагог балалардың назарын тақтадағы 2 түсті жұмырқұртқа аудартады. Жылы түстер – дегенде біздің ойымызға күн, немесе от бейнесі түсуі керек. Қараңдаршы қандай түстер екен: сары, қызыл, сарғыш, жасыл түстер. Суық түстер қандай түстер екен - көк, сия көк, көгілдір. Педагог екі түсті араластырып түстерді ажыратып орнына қоюын сұрайды.

«Натюрморт, пейзажды құрастыр»
Мақсаты: балалардың бейнелеу өнері жанрлары жайлы түсінік қалыптастыра отырып, қиылған зат бейнелерінен натюрморт, пейзаж картиналарын құрастыру.
Ойын құралдары: қағаздан қиылған жеміс, ыдыс, өсімдік, гүл
бейнелері

«Түсіне қарай орналастыр»
Дидактикалық мақсаты: балалардың 6 түс туралы алған білімін бекіту. Заттардың әр түрлі сыртқы ерекшеліктеріне./ пішін, көлем, атқару қызметіне / назар аудармай отырып түстерді айыру
Құралдар: Әр балаға 10х10 см түрлі - түсті 6 шаршыға бөлінген /30х20 см/ жолақша қатты қағаз. Ұсақ қатты қағаздан ойылған ойыншықтар бейнесі.
Ойынға басшылық:
Балалар біздер қазір «Түсіне қарай орналастыр» ойынын ойнаймыз.
Сендердің алдарыңда түсті жолақша бар. Ал, қандай түсті ойыншықтар бар екен? Мынау не? / Көк түсті машинаны көрсетіп,/
- Машина.
- Ал, мынау не? /Қызыл түсті машинаны көрсетіп/
- Машина.
- Ал олардың қандай айырмашылы бар? /екеуін бірге ұстап қатар қояды/ Егер балалар жауап беруге қиналса педагог өзі көмектеседі.
« Олар бірдей ме екен? Айырмашылығы неде? Дұрыс, біреуі көк түсті, ал екіншісі қызыл түсті. Басқада ойыншықтардың түстері ажыратылып орналастырылады

П І Ш І Н Д Е Р
«Пішіндер қандай болады?»
Дидактикалық мақсаты: балаларды дөңгелек және шаршы пішіндерімен таныстыру. Геометриялық пішіндерді зерттей білуге / саусақпен шеттерін сипап айналдырып шығу, атын атау/

Құрал - жабдықтар: Қуыршақ. Көрнекі жабдық: қатты қағаздан жасалған үлкен дөңгелек және шаршы пішіндері.
Таратуға арналған жабдықтар: әр балаға 3 тен әр түсті дөңгелек және шаршы пішіндер беріледі.

Ойынға басшылық:
Тәрбиеші балаларға қонаққа Құралай атты қуыршақ келгендігін, оның қолында себет бар екендігін айтады.
- Қане, себетте не бар екен? Тәрбиеші себеттен қалташаларды алып ішіндегі қызыл және көк дөңгелек пен шаршыларды шығарады.
- Ой, балалар қараңдаршы қуыршақ бізге түрлі - түсті пішіндер ала келіпті. Мынау дөңгелек. Мен саусағыммен былай сипап ұстап шығамын. Енді маған Досан келіп қуыршаққа дөңгелекті саусақпен қалай айналдырып шығатындығын көрсетеді. Ал, қазір ауада саусақтың ұшымен дөңгелектің суретін салып көрсетейік.
- Ал, мына пішін шаршы – деп аталады. Мен шаршының шетін де саусақпен айналдырып, сипап шығамын. Менің саусақтарым тіке жылжып барып шаршының бұрышына келгенде тоқтайды. Тоқтап барып бұрыштан бұрылады. Тағыда жылжып, барып, бұрыштан бұрылады. Енді бәріміз де ауада шаршының суретін салып көрсетеміз. Әрі қарай қатты қағаздан қиылған пішіндерді көрсетіп қайталатады. Барлық балаға қалташалардағы дөңгелек және шаршы пішіндерді екі қатарға қоюлары сұралады. Көмек сұраған балаларға
Тәрбиеші көмекке келеді.

«Пішіндерді тап»
Дидактикалық мақсаты:
Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту. Көрсетілген үгіге қарай отырып пішіндерді таңдауға үйрету. Саусақпен пішін шетін жүргізу және беттестіру арқылы геометриялық пішіндерді зерттеуді бекіту.
Жабдықтар:
Көрнекіліктер: қатты қағаздан қиылған дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш.
Таратуға арналған құралдар. 5 геометриялық пішіндер жинағы.
Ойынға басшылық
Тәрбиеші дөңгелектің шетін саусақпен ұстап көрсетіп балалардан былай деп, сұрайды.
-«Мына пішінді қалай деп атаймыз?
Сопақша пішінді де саусақпен шеттерін сипап көрсете былай деп сұрайды?
- Ал, мына пішін қалай деп аталады? Басқада пішіндерді қайталап сұрап шығады. Содан кейін барып тапсырма беріледі. Балалардың алдында дәл осындай пішіндер жатады. Алдарындағы жолақтағы пішіндердің үстіне қолдарындағы пішіндерді апарып беттестіп анықтаулары сұралады.

«Геометрилық пішінге ұқсас заттарды тап»
Дидактикалық мақсаты: геометриялық пішіндер мен заттардың ұқсатығын таба білуге үйрету.
Жабдықтар: геометриялық пішіндер дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша және 3 - 4 осы пішіндерге ұқсас заттар. Шығыршық.
Ойынға басшылық:
Балалар орындыққа жартылай шеңбер болып отырады. Ортада 2 үстел қойылып, оның біріншісіне геометриялық пішіндер ал, екіншісіне ұқсас заттар қойылады. Тәрбиеші мына пішіндерді мен көрсетіп, шығыршықты біреуіңе домалатамын. Шығыршықты ұстаған бала мына үстелдегі заттар арасынан осы пішінге ұқсас затты тауып береді. Табылған зат жоғары көтеріліп, қол шапалақталады.

«Қапшықта не жатыр?»
Мақсаты: Балалардың зат пен пішіндер арасындағы ұқсастықты айра білу туралы білімдерін бекіту.
Құрал - жабдықтар: геометриялық пішіндер жинағы.; әр түрлі пішіндегі ойыншықтар: ағаш шарлар, жұмыртқа,, бочкалар, доптар,, шырша бүрлері,, жидектер,, жемістер,, көкөністер,/ дөңгелек және сопақша пішіндегі/, ілгектер / шаршы және дөңгелек пішіндегі/
Ойынға басшылық:
Балалар жартылай шеңбер болып тәрбиеші алдында отырады. Үстелдің бір шетіне геометриялық пішіндер қойылады.. Қапшық тәрбиеші қолында болады. Балалар қапшық ішіндегі заттарды біртіндеп алып., атап, пішіні қандай геометриялық пішінге ұқсас екендігін айтады. Қиналған балаларға педагог тың өзі көмек береді.
- Мынау жұмыртқа ол сопақша пішінді. Ойын аяғына дейін ойналады.

КӨЛЕМ
«Үш шаршы»
Дидактикалық мақсаты: « үлкен», «кішкентай», « орташа», «ең үлкен», «ең кішкентай», «кішірек» сөздерін қолдана отырып, 3 заттың көлемін салыстырмалы түрде ажырата білу.
Жабдықтар: Тақта. Көлемдері 3 түрлі шаршылар./ балаларға да осындай таратуға арналған жабдықтар/
Ойынға басшылық: Тәрбиеші балаларға өзінің қолындағы шаршы пішінінің бар екендігін көрсетеді.
- Балалар менің қолымда 3 түрлі шаршы бар.
- Үлкен шаршы.
- Орташа шаршы.
- Кіші шаршы. Енді сендер маған өз қолдарыңдағы шаршыларды көрсетіңдер. Ең алдымен үлкен шаршыны көрсетіңдерші. Содан кейін орташа шаршыны көрсетіңдер. Барлық пішіндерді атап болғаннан кейін балаларға шаршылардан мұнара құрастырулары сұралады. Мұнараны қалай қандай пішіндерден бастап құрастыруларын өзі көрсетеді./ ең үлкені төменде, орташасы ортасында, кішісі ең жоғарыға қойылады.
Кері қайту
Ілмек сөздер: дидактикалық ойындар
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×