Сайтқа кіру Тіркелу

«Ғарыш», «Зымыран»

Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған іс - әрекет - Жапсыру іс - әрекеті
Тақырыбы: л\т «Ғарыш» « Зымыран»
Мақсаты: Балаларда ғарыш, ғарышкер, зымыран, аспан әлемі жайлы түсінік қалыптастыру; Зымыран бейнесін, түсті геометриялық пішіндерден қиып құрастырып, кеңістікті бағдарлай отырып парақ ортасына орналастыра, ұқыпты таза жапсыруға дағдыландыру Ғарышкерлерге деген қызығушылық, сыйластық сезімін арттыру; Ұсақ қол моторикасын жетілдіру
Көрнекті құралдар: Үлгі «Зымыран». «Мен, ғарышкер боламын» / слайд/. «кемпірқосақ» үлкен түсті құрылыс жабдықтар.
Жапсыру жабдықтары: Жапсыру іс - әрекеті құрал - жабдықтары: қайшы түсті қағаздардан: тіктөртбұрыш,, сары - қызыл түсті шаршы, Желім, жұқа төсеніш, сүрткіш. Тастанды жабдық: жылтыр жұлдызшалар. Әдіс - тәсілдер: Тренинг, тыныс алу жаттығулары түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, сергіту сәті, құрастыру ойыны. «У» дыбысын қайталату жаттығуы
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық ынталандырушылық - Балалар қараңдаршы, айнала қандай тамаша!.
Тренинг:
« Армысың алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Армысың, көктем!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Тыныс алу жаттығулары: « Шөп арасынан не көрдің?
Мақсаты: Дұрыс тыныс алуға жаттықтыра отырып, ұшатын және ұшпайтын заттарды ажыратуға үйрету.
- Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Жасыл шөп бейнесіндегі түсті қағаздың астындағы бейнені үрлеу арқылы ажыратып, айтады.
- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
- Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Балалар бүгін ғарышкерлер күні.
- Қане қайталайықшы.
- Сендер ғарыш туралы білгілерің келеді ме? Онда мына зымырандарға мініңдер. /Әр балаға зымыран бейнесіндегі қатты қағаз таратылып, балалар терезелерден бастарын көрсетеді.
Артикуляциялық жаттығу жасау:
- У - у - у - у - у - у!
Педагог «Мен ғарышкер боламын тақырыбында» слайдты көрсете әңгіме жүргізеді.
- Міне мынау біздің жер. Бұл жерде мен, сендер, сендердің ана - әкелерің, әже - аталарың, жануарлар,, балықтар, ағаш, жәндіктер және т. б тұрады. Бұнда жер де суда, өзен де, көл де бар.
- Жердің пішіні қандай?
- Ғарыштан қарағанда ол осылай көрінеді.
- Мынау зымыран. Оны мынадай темір жолымен ұшыру алаңына алып келеді. Оны үлкен ағалар, яғни ғалымдар қарап, бақылап отырады.
- Ең алғаш аспанға ұшқан нелер? Қараңдаршы.
- Иттер! Олардың аты Белка және Стрелка.
Содан кейін ең алғаш адам ұшты. Ол Ю. Гагарин. Содан бері көптеген адамдар аспанға ұшып келіп жатыр.
- Ал мына ғарышкерлер, ол біздің қазақстанның ғарышкерлері. Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.
Ғарышкерлер аспан әлемін зерттеу үшін ұшады.
- Кім өскесін ғарышкер болғысы келеді?
Сергіту сәті:
«Қане қанат жазайық,
Зымыран боп, ұшайық.
Ай бетінде болайық,
Қайта жерге қонайық.
Педагогтың жұмыс тәсілін көрсетуі.
- Айтыңдаршы зымыранның қандай бөліктері бар?
- Зымыранның адам отыратын жері корпусы /негізі/ деп аталады
- Зымыранның терезесі емес, иллюминатор дейміз.
- Оның пішін қандай?
- Зымыранның жоғарғы төбесі қандай пішінге ұқсайды?
- Қанаттары қандай пішінге ұқсайды?
Бүгін біз зымыранды мына түсті пішіндерден қиып құрастырып жапсырамыз. Қызыл шаршының бұрыштарын қиып дөңгелек пішінді аламыз. Бұл зымыранның иллюминаторы. Ал мына шаршыны қиғаш етіп, бір бұрышынан қарама - қарсы екінші бұрышына қарай қиып үшбұрышты пішіндер аламыз. Бұл зымыранның қос қанаты Енді зымыранның төбесі қандай пішінге ұқсайды?

Көгілдір парақтың ортасына пішндерді дұрыс орналастырамыз, Таза ұқыпты етіп желімді жағып пішндерді жапсырамыз
Балалардың жеке жұмысы -
- Көктем мезгілі.
- Күн жылынады, ағаш бүршік жарады, шөп шығады, құстар жылы жақтан ұшып келеді.
- Ға - рыш - кер - лер.
У - у - у - у - у - у!
- Жер дөңгелек.
- Иттер.
- Белка, Стрелка
- Зымыранның адам отыратын жері, терезесі, қанаттары бар.
- Корпусы тіктөртбұрыш түсі сары
- Ил - лю - ми - на - тор
- Дөңгелек пішін, түсі қызыл
- төбесі үшбұрыш ты пішін, түсі қызыл
- Қанаттары үшбұрыш

Рефлексифті түзетушілік Балалар жұмысы тақтаға ілініп, жақсы орындалғандарын марапаттайды.
Балалар біз қандай іс - әрекетпен айналыстық?
- Нені жапсырдық?
- Аспанға ең бірінші нелер ұшты?
- Ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?
- Қандай пішіндерден, жапсырдық?
«Кемпірқосақ» үлкен көлемдегі пішіндерден зымыран құрастырып ойнау.
Балалар құрылыс жабдықтарының түсі мен пішініне назар аудара отырып, өз бетінше зымыранды құрастырады
Релаксация: «Ғарыш»
Балалар сенсорлық бөлмеге барып жазықтөсеніш пен жұмсақ орындықтарға жатып, аспан әлеміне көз жүгіртеді, музыка әуенімен тыныштанады.

- Жапсыру іс - әрекетімен
- Зымыранды
- Иттерұшты.
- Ю. Гагарин
- Тіктөртбұрыш, шаршы, дөңгелек, үшбұрыш.
Білуі керек: Ғарыш, зымыран, ғарышкер, аспан әлемі жайлы білді
Түсінігі: Түсті пішіндерден ғарыш кемесін қиып құрастырып, жапсыруға болатындығын түсінді,
Дағдысы: Өз бетімен қайшымен пішіндерді қиып, ұқыпты таза орналастырып, жапсыруға дағдыланды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ғажайып ғарыш әлемі

Ғажайып ғарыш әлемі

Мақсаты: балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен - кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру....
Ойна да ойлан!

Ойна да ойлан!

10 - ға дейін тура және кері санауды бекіту. Балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен - кіші ұғымдарын ажырата білу...
Қызықты ғарыш әлемі, «The world of interesting space»

Қызықты ғарыш әлемі, «The world of interesting space»

Ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, әр түрлі тапсырмалар бере отырып жыл бойына алған білімдерін қорытындылау; Сөздерді қазақ және ағылшын тілінде...
Ғарышқа саяхат

Ғарышқа саяхат

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, МҚҚК «Бөбек» балабақша тәрбиешісі Китарова Ремзия Динибайқызы...

"Ғарышқа саяхат"

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасы Айналамен таныстыру Ортаңғы «а» тобы Тәрбиеші: Серікбаева Клара «...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×