Сайтқа кіру Тіркелу

Көктемгі күн

Балалар музыкамен кіреді, музыкамен амандасады.
Музыка жетекшісі: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді ойынмен бастаймыз. Ол үшін біз шеңберге тұрамыз. Менің қолымда төртбұрыш бар. Осы төртбұрышты мен қозғалтып тұрамын ал сендер шеңбермен жүріп түскен суретті қимыл қозғалыс арқылы көрсетесіңдер.
Қимыл - қозғалысты ойын «Төртбұрыш»
Ал, балалар, өте күшті қимылдадыңдар, қараңдаршы енді бүгінгі іс - әрекетімізге күн де қонаққа келген. Бірақ күн біртүрлі мұңайып тұрған сияқты. Балалар күн неге мұңайып түр.
Балалар: Күн сәулелері жоқ.
М. Ж: Дұрыс айтасыңдар, күнде күн сәулелері жоқ, сосын ол мұңайып тұр екен. Кәнеки біздер күнге көмектесейік. Қараңдаршы мына сәулелер тек әншейін сәулелер емес олар музыкалық сәулелер. Осы музыкалық сәулелерде неше түрлі ойындар бар. Осы ойындарды ойнап біз музыкалық сәулелерді күнге сыйлаймыз. Дайынсыңдар ма?
Б: Иә, дайынбыз.
М. Ж: Мына музыкалық сәуледе «Күншуақ» ойыны жасырылған екен. Қазір «Күншуақ» ойынды ойнаймыз. Сендер суреттегі күншуақтың мінез - құлқын ым арқылы көрсетесіңдер
«Күншуақ» ойыны. Музыка ойнайды. Балалар суреттегі күншуақтың күлімсіреп тұрғаны, ренжіп тұрғаны, қөңілсіз, қорқып кеткендегі, қуанып тұрғандағы және жылап тұрғандағысын салады.
М. Ж: Күнге бірінші музыкалық сәулесін сыйлайық. Екінші музыкалық сәуледе жұмбақ жасырылған. Оның жауабын тапсаңдар музыка тыңдайсыңдар.
Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай - салада ағады, Бүршік шашып, жапырақ ашып Жер гүл шашақ тағады. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады?
Б: Көктемде.
М. Ж: Дұрыс, күн жылына бастады, көктем келді. Композитор Б. Ерзакович балаларға арнап музыкалық сюита шығарған. Сюита деген кішкене музыкалық шығарма. Сол сюитанын бір бөлігін қазір біздер тыңдаймыз. Ол «Көктем».
Музыка тыңдау «Көктем»
М. Ж: «Көктем» шығармада қандай дыбыстар естідіңдер?
Б: Құстардың дауысы, бұлақ аққан дыбысы.
М. Ж: Ал шығарманың көңіл - күйі қандай екен: мұңлы, аянышты немесе қуанышты, көңілді?
Б: Қуанышты, көңілді
М. Ж: Осы музыкалық шуақты да тыңдадық оны да күнге сыйлайық.
«Көктем» шығармада біздер құстың дауысын, бұлақ аққан дыбысын да естідік. Ендеше келесі музыкалық шуақ бізге «Көктемгі дыбыстар» ойын ойнатады. Мен сөйлем оқимын, ал сендер сол сөйлем мазмұның түрлі - түрлі дыбыстармен көркемдейсіңдер.
Фонопедиялық ойын «Көктемгі дыбыстар»
Күн жылына бастады, көктем келді (балалар қолды жоғары көтереді, өзіңе ыңғайлы бір дыбыс айтады)
Тау төбелерден бұлақ көзі ақты (тілді тез - тез жан жаққа қозғалтады)
Ұнатамын бетімнен өпкен желді («ш - ш - ш» дыбысты созады)
Күн жылына бастады, жаңбыр жауды (ауызды ашып жабады)
Қоңыздар шықты («ж - ж - ж» төмен регистрде)
Шыбындар ұшты («з - з - з» жоғары регистрде)
Әрбір жаққа ұшып кетті («тр - тр - тр» сыбырлап, түрлі биіктерде)
Жапырақтардың астында бірдеңе қозғалды («шұр - шұр - шұр»)
Ол кірпі екен (мұрынмен тез демалу, тыныс алу)
Келіп көктем құстары ән салды («қар - қар», «ку - ку» т. б).
М. Ж: Балалар айтыңдаршы торғай балаларын іздегенде қалай дыбыс береді
Б: «Шік - ші - рік, шік - ші - рік» (бірінші октава до нотамен әндетеді)
М. Ж: Ал торғай - балапандарышы
Б: «Шік - ші - рік, шік - ші - рік» (екінші октава до нотамен әндетеді)
М. Ж: Өте жақсы көктемгі дыбыстарды салдыңдар, осы музыкалық сәулені күнге сыйлаймыз.
Келесі музыкалық шуақта не бар екен. Ол музыкалық аспаптарда ойнау. Бәріміз аспаптарды аламыз да өлеңдетіп олармен ойнаймыз.
Оркестр.
1ш. Кәнеки аспаптар, бам, бам, бам. Дауыстап ойнаңдар, бам, бам, бам. Аспапта ойнаймыз, Әуенді тыңдаймыз Музыканттармыз, бам, бам, бам.
2ш. бим, бим, бим
3ш. бом, бом, бом
4ш. бум, бум, бум
5ш. бам, бам, бам.
М. Ж: Қандай керемет дирижер, қандай керемет музыканттар. Енді осы музыкалық шуақты күнге сыйлайық. Ал келесі музыкалық сәуле бізге қандай ойын дайындады екен. Ол «Сылдырмақ». Кәнеки бәріміз шеңберге тұрамыз. Мен өлеңді айтқанда сендер сылдырмақты бір - біріне жалғастыра бересіңдер, өлең біткен соң сылдырмақта ойнайсыңдар.
Ойын «Сылдырмақ» Ал балалар тұрмайық Сылдырмақты берейік Өлең айтып болған соң Сылдырмақта ойнайық - балалар әндетіп бір - біріне сылдырмақты жалғастыра береді де әуен біткен соң сылдырмақ ұстап тұрған бала аспапта ойнайды.
М. Ж: Қараңдаршы, балалар, сендердің ойнағандарын күнге өте ұнады. Біртіндеп күн шуақтары жиналып жатыр. Осы музыкалық шуақ бізге би дайындаған екен. Кәнеки бәріміз жұптасып тұрамыз да билейміз.
Би «Жұптасып»
М. Ж: Қараңдаршы, балалар, сендердің ән салып бергендерің, билегендерің, ойнағандарын күнге өте ұнады. Күн қуанып күліп тұр (Музыка ойналады, әндетіп күн кіреді, музыкамен амандасады, балалар музыкамен жауап береді).
Күн: Рахмет сендерге балалар. Сендер маған көп музыкалық сәулелер сыйладыңдар. Сендердің ән салып бергендерін, аспаптарда ойнағандарын, билегендерін маған өте ұнады. Көңілім көтерілгесін мен құлпырып кеттім. Сыйлаған музыкалық сәулелеріне рахмет, сендерге күншуақты музыкалық аспаптарды сый етемін.
М. Ж: Саған да рахмет күн. Балалар ұнады ма сендерге күннің сыйлығы?
Б: Ұнады.
М. Ж: Олай болса осы күншуақты музыкалық аспаптармен ойнап күнге «Көктем» атты әнді сыйлайық
Ән «Көктем»
Күн балалармен, қонақтармен қоштасады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×