Сайтқа кіру Тіркелу

Сіз қандай әкесіз? (тест)

Біз ата - аналар жиналысында үнемі балалардың анасымен жұмыс жасаймыз. Бірақ тәрбиеде әкенің алатын орны ерекше. Соған байланысты әкелерге арналған тесті ұсынып отырмыз. Осы жұмыстан соң әкелердің көзқарасында өзгеріс болады деп сенеміз.

Сіз қандай әкесіз?
Әке болу – зор бақыт. Бірақ, өзіңіздің осынау атауға қаншалықты лайықты екендігіңізді бағалау бәрінен қиын. Ендеше, төмендегі сауалдарға жауап беріп, қандай азамат екеніңізді таразылап көріңіз.

1. Баланың берген сұрағына: «Мен бұның бәрін сен есейгенде түсіндіріп беремін» деп жалтарасыз ба?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.
2. Баланың күнделікті жұмсауы үшін белгілі бір дәрежеде сома беру немесе қайтсе де жетерліктей ақша беру керек деп ойлайсыз ба?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.
3. Балаға бір нәрсеге тыйым салудан бұрын, неліктен тыйым салатындығыңызды түсіндіруге тырысасыз ба?
Иә - 4
Кейде – 3
Жоқ - 0
4. Оның атқарған ісі ешқандай көмек болып жарытпаса да кішкентай баланың үй - іші шаруасына араласуына рұқсат бересіз бе?
Иә - 4
Кейде – 3
Жоқ - 0.
5. Баланың күнәсіз өтірігін кешіруге болады деп есептейсіз бе?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 4
6. Баланың бойындағы байқампаздықтың кез келген мүмкіндігін жібермеуге тырысасыз ба?
Иә - 0
Кейде – 1
Жоқ - 0.
7. Өз балаңызды өмірін өксітердей кемсіте сынайсыз ба?
Иә - 0
Кейде – 0
Жоқ - 5.
8. Анда – санда « сілкілеп»алудың тәрбие ісіне зияны жоқ деп есептейсіз бе?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.
9. Бала тәрбиесі туралы кітаптар оқисыз ба?
Иә - 4
Кейде – 2
Жоқ - 0.
10. Балалардың өз құпиялары болу керек деп есептейсіз бе?
Иә - 3
Кейде – 2
Жоқ - 0.
11. Ыдысындағы тамақты түгел тауыспаған балаға ренжисіз бе?
Иә - 0
Кейде – 1
Жоқ - 4.
12. Сізбен пікір таласында балаңыз сіздің пікіріңізді орынсыз екенін дәлелдей ала ма?
Иә - 5
Кейде – 3
Жоқ - 0.
13. Балаңыздың осал тұстарын біле аласыз ба?
Иә - 3
Кейде – 2
Жоқ - 0.
14. Өз балаңыздың қасында уақытты бірге өткізу сізді рақатқа бөлей ме, әлде онымен бірге болуды орындалмаған міндет деп қарайсыз ба?
Иә - 5
Кейде – 1
Жоқ - 0
15. Бала тәрбиесінде баланың сағын сындырып, оның әрекеттеріндегі табиғилықты жойып, қаталдықпен талап қоюшылықты жек көресіз бе?
Иә - 5
Кейде – 0
Жоқ - 0
16. Баланың ызаланғанын көріп тұрып, өз ұстамдылығыңызды сақтай аласыз ба?
Иә - 5
Кейде – 1
Жоқ - 50
17. Балаңызға айтқаныңызды бұлжытпай орындай алатындай етіп бұйыра аласыз ба?
Иә - 5
Кейде – 0
Жоқ - 0
18. Балаңыздың достарымен тез тіл табысып, сыйласып кете аласыз ба?
Иә - 4
Кейде – 2
Жоқ - 0.
19. Баланың қылығына ренжіп сөз еткенде, оның жасында өзіңіз мұндай іске бармағаныңыз негіз бола ала ма?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.
20. Балаңыз өсіп қалғанына қарамастан, « мен үлкенмін, сондықтан оған не керек екендігін мен білемін» деген оймен оның өміріндегі мәнді ( жұмыс таңдау, мамандық таңдау т. б) мәселелерді шеше бересіз бе?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.
21. Баланың менен жасырар сыры болмауы керек деген оймен оның күнделігін оқып, хатын ашып қойғанда балам маған ренжуге тиіс емес деп есептейсіз бе?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.
23. Орынсыз жазалап қойғаныңыз үшін баладан кешірім сұрайсыз ба?
Иә - 5
Кейде – 3
Жоқ - 0.

24. Балаға берген, әсіресе, оған қуаныш әкелердей сыйлық болардай уәдеңізді ұмытып кететін кез бола ма?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.

25. Балаңыз өзі үшін мәнді мәселеден кеңес сұрағанда, істеп жатқан ісіңізді немесе телехабарды, ойнап отырған карта, шахматыңызды тастай аласыз ба?
Иә - 5
Кейде – 2
Жоқ - 0.
26. Баланың «ересектер тірлігін» ерте білуі зиянды деп есептейсіз бе?
Иә - 4
Кейде – 2
Жоқ - 0.

100 - 129 ұпай – Сіз өз міндетіңіздің мәнділігін терең ұғынатын жақсы әкесіз.
80 - 99 ұпай - дегенмен, Сіз кейде өз ісіңізбен балаға үлгі болуды істен шығарып алатын болсаңыз да жақсы әкесіз.
60 - 79 ұпай - өкінішке орай, көп мәселеде Сіздің әкелік рөліңіздің төмен екендігін көрсетеді. Сондықтан да балаларыңыз Сіздің қасыңызда өзін жақсы сезінуі қиын.
59 ұпайдан төмен - Сіз өз әрекеттеріңізде тиянақсыз адамсыз, тек «кей - кейде»ғана өзіңіз ылғи да тұрақты атқаруға тиісті мәселеге көңіл бөлесіз немесе ешқашан жасамауға тиісті істерді жасайсыз. Сондықтан да балалар Сізге қай кезде, қандай мәселеде сүйенуге болатындығын білмейді.
30 ұпайдан аз болса – Сіздің балаларыңызға дұрыс қарамайсыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тренинг Мен үшін әке болу – бұл....

Тренинг Мен үшін әке болу – бұл....

Әке.... Бұл үш әріпті сөзде не бар? Әке деген сөз – мейірімділік, ержүректік, әдептілік деген ұғымдармен іспеттес. Әкенің бала дүние есігін ашқаннан...
Балалардың балабақшаға бейімделуі

Балалардың балабақшаға бейімделуі

Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен...
Коучинг, бала тәрбиесінде сенімділік, қолдау көрсету

Коучинг, бала тәрбиесінде сенімділік, қолдау көрсету

Мақсаты: Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіндігіне мән беріп, ата - аналарды бала тәрбиесіне...
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.

Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы...
Сіз қандай ата-анасыз?

Сіз қандай ата-анасыз?

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×