Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Туған күнді тойлаймыз

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, кішкене бүлдіршіндер!
Бақшада сәбилермен бала күлген,
Қарсы алайық туған күн иелерін.
Туған күн иелері әуеннің ырғағымен келіп өз орындарына отырады.
Таусылмасын сіздердің армандарыңыз
Арайланып атсын әркез таңдарыңыз.
Құтты болсын туған күн мерей тойың
Жадырасын әрдайым жандарыңыз - деп күз айларында туылған туған күн иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші: Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге,
Бүлдіршінге арналсын тілегіңіз.
Бүгінгі бүлдіршіндерімізге деген құттықтау сөз кезегін балабақша директоры Жанар Нығыметқызына жолдаймыз.
Жүргізуші: Бүгін туған күніміз
Бүлдіршіндер гүліміз.
Көңіліміз көркейсін
Көп ән, бимен жырымыз.
Сіздерге арнап Қазиханова Дана «Туған күн» әнін орындап береді қабыл алыңыздар!
Сайқымазақ мұңайып, көңілі түсіңкі келеді
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бізге қонаққа сайқымазақ келді. Бірақ оның көңілі түсіңкі ғой, оған не болды екен сұрап көрелік?
Сайқымазақ саған не болды, неге жабырқап жүрсің, кім сені ренжітті?
Сайқымазақ: Бүгін менің туған күнім еді. Сендермен бірге тойлауға бола ма? Менің достарым да жоқ еді. Сендермен бірге дос болғым келеді.
Жүргізуші: Олай болса кел бізбен бірге бол. Біздер балалардың туған күндерін тойлап жатырмыз. Сен де туған күніңді бізбен бірге өткіз.
Саған арнап балалардың орындауында «Көңілді биін» тарту етеміз.
Сайқымазақ: Ой рахмет балалар көңілім бір көтеріліп қалды.
Жүргізуші: Балалар бүгін сайқымазақтың туған күні екен. Біз сайқымазаққа сыйлық сыйлайық. Олай болса бәріміз «Сыйлық тасу» ойынын ойнаймыз. Ойын шарты: балалар екі топқа бөлініп сыйлықтарды арбамен тасып, сайқымазаққа сыйлайды.
Сайқымазақ: Ой балалар сендерге көп рахмет!
Жүргізуші: Жүздерінен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың?.
Мерекеңіз құтты болсын бүлдіршін,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын!
Әлібиева Айдананың орындауында «Туған күн» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Балалар сендер туған күннің ең басты тағамын білесіңдер ме?
Балалар: Иә, ол тәтті нан.
Жүргізуші: Иә дұрыс айтасыңдар. Олай болса сол тіпті нанды өзіміз жасап көрсек қалай болар екен.
Ойын: «Тәтті нан жасау»
Ойын шарты: Кубиктерден тәтті нан пішінін құрастыру.
Жүргізуші: Гүлмен келсін келер күн,
Бала бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі,
Көркі сәні әлемнің – деп бүлдіршіндерімізді туған күн мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
«Қош келдің, Жаңа жыл» 2018 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

«Қош келдің, Жаңа жыл» 2018 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

Барлық жандар бір білікке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той деп жаңа жыл Құтты болсын жаңа бақыт достарым...
Ана - өмірдің гүлі

Ана - өмірдің гүлі

Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ана - өмірдің гүлі» Сабақтың мақсаты: 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен аналарды құттықтау....
Аналар асыл қазынам

Аналар асыл қазынам

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...
Туған күн мерекесі

Туған күн мерекесі

Бүгін бізде мереке. (Туған күнді атап өту) жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде мереке, себебі өз сыныбымыздағы сыныптастарымыздың...
Бүгін бізде мереке (Туған күнді атап өту)

Бүгін бізде мереке (Туған күнді атап өту)

Қарағанды облысы,"Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ І санатты бастауыш сынып мұғалімі Ажибаева Г. П....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету