Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жабайы жануарлардың тіршілігі

Мақсаты: Балаларды аңдардың атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы жануарларға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой - өрісін дамыту. Аңдардың түрлеріне көңіл аудартып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жабайы аңдардың муляждары, суреттері, жұмсақ ойыншықтар.
Әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, саяхат жасау, сұрақ - жауап ойындар құрастыру.
Сабақтың барысы: Қимылды ойын «Қояндар мен қасқыр»
Ұйымдастыру:
Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс - әрекетіне қатысу үшін қонақтар келіп отыр, қонақтар мен сәлемдесейік.
Сәлематсыздар ма, апайлар!
Логоритмикалық жаттығу.
Армысың, шапағатты Күн - Ана!
Армысың, шапағатты Аспан - Ана!
Армысың, мейірімді Жер - Ана!
Күн дарып, бар әлемді жарылқа.
⦁ Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
⦁ Қыс мезгілі.
⦁ Қыста күн қандай болады?
⦁ Суық, аяз.
⦁ Балалар, жерде не болады?
⦁ Қар болады.
⦁ Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
⦁ Шаңғы тебу, қар лақтыру, аққала жасау.
Балалар көлікке отырып «Хайуанаттар бағына» барамыз.
Балалар, «Хайуанаттар бағына» қош келдіңіздер. Бүгінгі айналамен таныстыру оқу іс - әрекетінде «Жабай жануарлардың тіршілігімен» танысамыз.
⦁ Нелермен танысамыз?
⦁ Жабайы аңдар.
⦁ Жабайы аңдар қайда мекендейді?
⦁ Орманда.
⦁ Балалар, адамдар жақыннан көру үшін0, танысу үшін хайуанаттар бағына барады екен.
⦁ Хайуанаттар бағы дегеніміз. Онда тек жабайы аңдар ғана емес жан - жануарлардың көптеген түрлері, құстардың әр түрлісі арнайы торларда ұсталады. Біз барлығын аралап тауыса алмаймыз. Біз тек қана ертегілерде естіп жүрген, теледидардан көрген жабайы аңдарды ғана тамашалаймыз.
⦁ Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, жұмбақтың жауабын тапсандар тордың бетін ашамын.
Орманда тұрады
Өзі бір қу
Жүрген жері айқай мен шу.
(Түлкі)
⦁ Балалар, қараңдашы, қандай әдемі. Бұл қандай аң екен?
⦁ Түлкі.
⦁ Балалар, түлкінің қасында баласы бар екен.
⦁ Баласын қалай атаймыз?
⦁ Мыршай.
⦁ Түсі қандай болады?
⦁ Сарғыш.
⦁ Түлкінің денесі сопақша, тұмсығы ұзын және сүйріктеу. (қайталау) түлкінің терісі бағалы жыртқыш аң. Қазақтың атақты бас киімі «тымақ» осы түлкінің терісінен тігіледі.
⦁ Түлкінің қорегі: түрлі құстар, тышқандар, құстың жұмыртқасын, балық аулап жейді, түлкінің құлағы жай сыбдыр да тез естиді.
Жұмбақ.
Сұр түсті
Ақсиған көп тісі бар
(Қасқыр.)
⦁ Балалар, қараңдаршы мынау қандай аң?
⦁ Қасқыр.
⦁ Бұл сұр түсті қасқыр деп аталады.
⦁ Балалар, қасқыр неге ұқсайды?
⦁ Итке.
⦁ Тамаша!
⦁ Құлағы қандай пішінге ұқсайды екен?
⦁ Үшбұрыш
⦁ Қасқыр күшті, батыр, ержүрек, ақылды да, айласы да бар өте қауіпті жыртқыш аң. Ал аяқтары ұзын болады екен. Қасқырдың тамағы: жан - жануарлар мен құстар. Үй жануарлары кездесе қалса, ұстап жеп қояды. Етті жақсы көреді.

Жұмбақ.
Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады.
Ол не?
(Аю)
⦁ Ал мынау қандай аң екен?
⦁ Аю.
⦁ Түсі қандай екен?
⦁ Қоңыр екен.
⦁ Бұл қоңыр аю деп аталады, аюдың солтүстікте өмір сүретін ақ түрі де болады. Аюдың денесі ірі, үлкен болады. Аю икемсіз жыртқыш аң. Аюдың қорегі судан балық аулап, жидектер теріп, құстарды аулап жейді, бал жейді. Аюдың терісі, еті бағалы, емдік қасиеттері бар деп есептеледі. Аю қыс бойы ұйқыда жатады.
Жұмбақ.
Сылдырдан қорқады
Шошынып жортады.
(Қоян )
⦁ Ал, мынау қоян. қоянның түсі қандай?
⦁ Қоянның құлағы қандай болады?
⦁ Ұзын, сопақша болады. қояндар қорқақ болады. Ірі жануарлардан қорқып қашып жүреді. Қоянның қорегі: сәбіз, көк шөп.
Жұмбақ.
Тарғыл түсті
Ерен күшті
(Жолбарыс)
⦁ Ал мынау қандай аң екен?
⦁ Жолбарыс.
⦁ Жолбарыс неге ұқсайды екен?
⦁ Мысыққа
⦁ Жолбарыс өте күшті, жылдам жүгіретін жыртқыш аңдардың бірі.
⦁ Түсі қандай екен?
⦁ Сұр және қоңыр жолақтары бар.
⦁ Ал, жолбарыстың құйрығында қандай айырмашылық бар екен?
⦁ Ұзын, жіңішке болады.
⦁ Жолбарыс жан - жануарлардың етімен қоректенеді.
⦁ Ал, балалар, осы торда тұрған кезде бұл аңдар немен қоректенеді?
⦁ Оларды адамдар тамақтандырады. Сендер аңдардың алдында тұрған ыдыстарды көрдіңдер ме? Сол ыдыстармен тамақ береді, күтіп бағады, ауырса емдейді. Олардың арнайы адамдары болады.

Дыбыстық жаттығу
Зообақтан шықтық тық – тық
Біреулер жүр тық – тық
Түлкі екен деп ұқтық тық – тық
Үйге қарай зыттық тық – тық.
Сергіту сәті
⦁ Балпаң, балпаң басамын
Алты қырдан асамын
Аю деген мен болам
Аңшы көрсем қашамын.
⦁ Мен түлкімін, түлкімін,
Тұнып тұрған күлкімін.
Бұлаң – бұлаң құйрығым,
Текке өтпейді бір күнім.

⦁ Қоян, жаурап суықта
Отырсың не күзетіп?
Аяқтарың сіресіп
Табаныңнан сыз өтіп
Одан да ырғып, ырғып ал
Аяқтарың жылынар.

Біз қазір “Даусынан таны” деген ойын ойнаймыз.
Слайд көрсету – жануарлардың даусын ажырату.
Құрастыру:
Керікті құрастыру
Құрылыс материалдардан құрастырамыз.
Қорытындылау:
⦁ Балалар, сендер қайда бардыңдар?
⦁ Хайуанаттар бағына бардық.
⦁ Онда қандай аңдарды көрдіңдер?
⦁ Түлкі, қоян, қасқыр, аю, жолбарыс.
⦁ Бүгін болған оқу іс әрекеті ұнады ма?
⦁ Иә
⦁ Балалар сендерге көп – көп рахмет!
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету