Сайтқа кіру Тіркелу

Тауық балапандарымен

Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған іс әрекеті Сурет іс - әрекеті
Лексикалық тақырыбы: «Үй құстары»
Тақырыбы «Тауық балапандарымен»
Мақсаты: 1 Бірнеше бөліктен тұратын зат бейнесін бейнелеуде саусақпен сурет салуды үйретуді жалғастыру
түсінік қалыптастыру./
2 Сөздік қоры мен ұсақ қол моторикасын дамыту. Есте сақтау, қиялын дамыту. Өз қиялдарын сурет іс
әрекетінде бейнелеу іскерлігін арттыру
3. Үй құстарына деген қамқорлық сезімін, әр қашан қиналғанда көмекке келе білу сезімін тәрбиелеу
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Кітаптар мен көрнекі иллюстрациялық жабдықтардан балапан бейнесін көріп тамашалау. Үй құстарының сыртқы ерекшеліктері жайлы әңгіме, ертегі. шығармалардан таныстыру.. «Балапан» «Шұбар тауық» ертегісі
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру көрсету. Сұрақ - жауап, тосын сәт «Балапандарын іздеген тауық». Саусақ, қол жаттығуы. Өлең «Шөжелерім».
Көрнекті құралдар: Сурет құрал - жабдықтары су бояулар., қылқалам, тауық суреті бейнеленген альбом парақтары.. Суреттер «Үй құстары», дыбыстық сурет слайды, себет Үлгі« Балапан»
/тауық суретінің үстін мышкамен екі рет басыңыз/
Іс - әрекет кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық
ынталандырушылық
д/о «Балапандарды түсіне қарай топта»
Мазмұны: Ақ, сары қара, түсті балапандарды тауықтың тұсына түсіне қарай жинап, орналастырады.
Балалар үй құстарының, атын атап, түсін ажыратып,атайды.
Ұйымдастырушылық ізденушілік
д/о « Бұл қандай үй құсы?»
Мақсаты. Балалардың көріп қабылдауын жетілдіре отырып үй құстарын есте сақтауға үйрету.
- Балалар қараңдаршы мына суреттегі қандай үй құстарын білесіңдер? Балалардан үй құстарының атын атап, түсін, пішінін біртіндеп сұрайды.
- Мынау не?
- Ол қалай дыбыс шығарады? /слайдты көрсету, тыңдату/
Қане бәріміз: - Қыт!»Қыт!- деп дыбыс шығарайық.
- Мынау не?
- Ол қалай дыбыс шығарады?
Ал сендер балапан туралы өлең тыңдағыларың келе ме?
«Шеп, шеп, шөжелерім»
Көк шалғында жайылым бар,
Тез келіңдер жайылыңдар,
Әлі - ақ, өсіп толарсыңдар,
Ақ тауықтай боларсыңдар
Педагог бұдан кейін әтешті, үйрек, қаз, күркетауықтың
суреттерін көрсетіп, дыбыстарын тыңдатып бола бергенде, кіре беріс бөлмеден жылаған дауыс бәрінің назарын бөліп жібереді Тосын сәт: ««Балапандарын іздеген тауық»
Кіре беріс бөлмеде тауық жылап тұрады. Тауықты топқа кіреді
Педагог:
- Тауық сен неге жылап тұрсың?
Тауық: - Мен неге жыламайын, менің балапандарымды таба алмай отырмын.. Мен үйдемін, балапандарым жоқ. Балалар сендер сурет салуды білесіңдер ғой, менің балапандарымның суретін салып беріңдерші.
Жұмыс бастамас бұрын педагог балалардан балапанның қандай дене мүшелері бар екенін еске түсіргізеді. Педагог «Үй құстары» слайдынан балапанның дене мүшелерін көрсетіп, талдатқызады.
- Балапанның басы мен денесі /домалақ шар тәрізді/
- Басында көзі мен тұмсырғы, ал денесінде қанаттары мен құйрық және аяқтары бар.
-
/Тауық одан сайын жылайды./
Педагогтың іс әрекеттің орындалу барысын түсіндіріп көрсетуі:
Балапанның суретін салмас бұрын саусақпен сурет салу техникасын түсіндіреді. Сұқ саусақты бояуға басып параққа түсіреді.. Бұл балапанның басы Содан кейін бас бармақты бояуға малып сұқ саусақ басқан жерден төмен тағы бастырады.
Бұл балапан денесі. Ұсақ бөліктерін қылқаламның екінші ұшымен салып толықтырады. Әр балаға тауық суреті бейнеленген суреттер таратылып, беріледі. Жанына балалар балапандарды толықтырады..
Саусақ қол жаттығулары
. «Балапан»
Сары түсті балапан
Өзін сондай ұнатам
Қанаттарын қағады.
Қауырсынын тарады.
Шашсам болды бидайды
Жылдам жинап алады..
Балалардың жеке жұмысы.
/педагог әр балаға жекелей көмек көрсетеді, сұрақ қойып балаларға көмек береді/. Тауық балалар жұмысын қадағалап, мадақтап жұмыстарына ол да, көмек береді.
Балалар салған суреттерін тақтаға қойылып, балалар назарына ұсынылады. Жақсы орындаған суреттерді мадақтап, марапаттайды.
Тауық рахмет айтып балалармен
тілдік қимылды ойын ойнатады.
«Көңіді балапандар»
Балапандар басады,
Аяқтарын топ топ
Топ топ. Топ топ.
Аяқтары шаршаса,
Қанаттарын қағады:
Шарт!, Шарт! Шарт! Шарт!
Содан кейін отырып,
Әсем биді билейді.
Шиқ! Шиқ! Шиқ! Шиқ!
Олар қашса, егер де,
Ұстай алмас, ешкім де.
Қаш! деген сөзге балалар, бытырап қашады, тауық ұстап алғысы келеді.
Тауық рахметін айтып, салған суреттерді себетке салып алып кетеді.
Балалар үй құстарының, атын атап, түсін түстейді.

- Мынау тауық.
- Қыт!»Қыт!- деп дыбыс шығарады
- Қыт!»Қыт!
- Тауықтың балапаны.
- Ол:- Шиқ! Шиқ!- деп дыбыс шығарады.

- Басы денесі домалақ шар тәрізді.

Педагогтың көрсетіп жатқан мүсін әдісі мен тәсілдеріне назар аударып, отырады.

/Екі қолдың бас және сұқ саусақтарын бірге жымдастырып ұстайды.
Қол басын айқастырып қанат қаққан қимыл көрсетеді
Жем шашу қимылын көрсетеді.
Үстелді саусақ ұшымен соғу/

Тауық балаларды шеңберге тұрғызып,
Аяқтарын топылдатады.
Қолдарын шапалақтайды.
Жүрелеп отырып,
Оңға, солға қимыл жасайды.
Тым тырақай қашады.
Ұйымдастырушылық ізденушілік

Рефлексифті түзетушілік - Балалар біз қандай іс - әрекетпен айналыстық?
Бізге не келді?
- Ненің суретін салдық?
- Түсі, пішіні қандай?

Қандай тәсілмен салдық? - Сурет іс әрекетімен
Тауық келді
- Балапандарды.
- Түсі сары
. Басы домалақ, денесі домалақ
Саусақпен салдық
Білуі керек: Үй құстарының түрлерін, дыбысталуын, атын, олардың балапандарын ажыратуды біледі.
Түсінігі: Үй құстарының басты ерекшеліктерін бейнелеу жайлы түсінік қалыптастыру
Дағдысы: Сурет салудың дәстүрден тыс тәсілдерін саусақпен сурет салу жетілдірілді, дағдыланды
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×