Сайтқа кіру Тіркелу

Көктем құстары

Тақырыбы: «Көктем құстары»

Мақсаты: Балалардың көктемгі табиғат ерекшелігімен өзгерістері туралы көктем құстары туралы білімдерін кеңейту, әңгімелесу. Қамқорлықпен қарауға балу. Ермексазбен сопақшалап қарғаның ұясын жасай білуге балаларды табиғат аясында өздерін еркін сезінуге тәрбиелеу.

Алдын – ала жұмыстар:
Көктем құстары туралы сурет бойынша әңгімелеу. Орманға саяхат, құстарға байланысты тақпақтар, жұмбақтар шешу.

Сабаққа керекті құралдар:
Құстардың суреттері мен бет пердесі (атрибуттар) саяхат барысында сұрақ - жауап, ертегі «Көкқұтан мен бақа».
Ойын: «Құстың ұясы».

Сабақ: Айналамен таныстыру, ән, есеп, тіл дамыту, мүсіндеу сабақтарымен байланыста өткізілді.

Сабақтың ұйымдастыру барысы:
«Жақсы, жаман» деген ойын ойналады. Ондағы мақсат жаман әдеттен аулақ болуға, жақсы - жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Тәрбиешінің қойған сұрақтарына, балалар дауыстап, ол әрекеттің жақсы, жаман екенін айтады.
Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?
Жоқ, жаман
Гүлдерге су құю жаман ба?
Жақсы, гүл өседі, жапырақ жаяды
Құстарға ұя жасау дұрыс па?
Дұрыс
Апайларға амандасқан жақсы ма? Жаман ба?
Жақсы, ендеше амандасамыз. Саламатсыздар ма?

2. Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар.
Бүгінгі сабағымызда көктемгі құстар туралы әңгімелесеміз
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем
2. Көктем неше айдан тұрады?
Наурыз, көкек, мамыр
3. Бүгін аптаның нешінші күні?
4 күні, Бейсенбі
4. Қандай көктем құстарын білесіңдер?
Көкек, Бұлбұл, Тырна, Аққу, Қаз, Қарлығаш, Қараторғай, Ұзаққарға.

Тақтаға ілінген сурет бойынша көктем құстарын сұрау. Тырна мен қазды салыстыру.
Д/о. «қандай құс жоқ?»
Мақсаты: Көзін жұму арқылы ұшып кеткен құсты ойлап таба білу.

Тәрбиеші: Ал, бүгін балалар, айналамен таныстыру сабағында көктемгі ұшып келген құстарды көру үшін, олардың тіршілігімен танысу үшін біздер сабаққа орманға барамыз.
Енді балалар орнымыздан тұрып орманға бару үшін жалғыз аяқ жолмен шалшық судан секіріп, жолдағы ағаш басындағы ұяны қарай отырып орманға кіреміз.
Орман ішінде көздерімізді жұмып терең дем аламыз.
Демімізді алғанда ішке жарықты жұтамыз.
Жарық ішкі мүшелерімізге мол сәулесін төгеді. Ішіміз жап - жарық болып кетеді. Қандай тамаша!
Таза ауада дем алған.
Орман іші қандай әдемі. Шиқылдаған құстардың әсем даусы.
Д/о: «Бұл ненің даусы?»

Мақсаты: Шыққан дауысты айыра білу. Қайталап жасай білуге үйрету.
Тәрбиеші: Балалар, осы құстар не жейді?
Құрт, құмырсқа, қоңыз.
Орман дәрігері деп қай құсты айтамыз?
Тоқылдақты.
Енді мен сендерге құстар туралы жұмбақтар жасырамын, сендер шешіп көріңдер.
Жұмбақтар: Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды.
Көзі шамға ұқсайды (жапалақ)

Көкте ұшады тізіліп
Біз қараймыз қызығып (тырна)

Орманда жоғары
Ағашқа қонады
Тұмсығын балға етіп
Тоқ - тоқ соғады (тоқылдақ)

Алшаң - алшаң басады
Бірін - бірі көрсе, қаңқылдасады (қаз)

Қос қанатын итіп ап,
Жарға келіп қонады
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады (қарлығаш)

Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ ( қарға)

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар жұмбағымды жақсы шештіңдер.
Ал балалар осы құстар көктемде келіп не істейді
Ұя салады, жұмыртқа басады, балапан шығарады.

Қ/о: «Құстың ұясы» қараторғай, қарлығаш.
Тәрбиеші: Қарғаның ұясын айыра білу.
Енді балалар осы көктем құстары туралы кім тақпақтар біледі.

1. Мадина. Адамзаттың жақыны
Қарлығаш та ақылды
Көгершін мен екеуі
Жайлайды бір шатырды

2. Аяулым. Тырау, тырау тырналар
Жем іздесең қырға бар
Қырда бірақ, түлкі бар,
Сақ болмасаң жұлмалар

3. Хайырбай. Тоқылдақтар тоқылдап
Ешбір тыным көрмейді
Ағашты қанша тессе де,
Жұмысы бір өнбейді.

4. Қайрат. Келіп көктем құстары
Бау бақшада ән салды
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.

5. Айнұр. Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды
Құс өкпелеп кетеді
Бақшамызға қонбайды.
Тәрбиеші: Орманды әрі қарай жағалай отырып көлге барамыз. Көлде аққу, тырна, үйрек балапандарымен, балықтар, бақаларды тамашалап қарай отырып оларға жем шашамыз.
Ертегі: «Көкқұтан мен бақа»
Ән: «Көктем»

Тәрбиеші: Орманда болған сендерге ұнады ма?
Қандай құстарды көрдіңдер?
Ағаш басынан ненің ұясын көрдіңдер?
Судан нелерді көрдіңдер?
Балықтарға не шаштыңдар?
Ойын ұнады ма? Қандай ертегіні көрдіңдер «Тырна мен бақа»
Енді келген ізімізбен кері қайтып орнымызға барып ермексазбен «Қарғаның ұясын» жасаймыз.

5. Соқпақшалап таяқша жасау арқылы бірінің үстіне біріг қоя білу.
Жасаған «Ұямыз» өте әдемі шықты.

Тәрбиеші: Сурет бойынша қорытынды жүргізілді.
Ағашты сындырған дұрыс па?
Құсты рогаткамен атқан дұрыс па?
Ағаш отырғызу керек.
Құстарға ұя жасап беру керек.
Құстарға жем шашу керек. Қамқорлау керек.
Сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар, рахмет осымен сабағымыз аяқталды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×