Сайтқа кіру Тіркелу

Ұқсасын тап

Білім саласы: Таным
ҰОІӘ: Сенсорика
Тақырыбы: «Ұқсасын тап»
Сабақтың мақсаты: Балаларды заттың түстері мен пішіндерін ажырата білуге үйрету. Саусақ моторикасы арқылы ақыл ойын дамыту. Жаңа жыл мерекесін еске түсіріп, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Балаларды сүйіспеншілікке, қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын тәсілдері, қызықты сәт, мадақтау.
Көрнекіліктер: лента, сары - қызыл түсті геометриялық пішіндер.
Тәрбиеші: Саламатсыздар ма Балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Қане бәріміз шеңбер құрып, қонақтармен амандасып алайық.
Балалар:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бізге келген қонақпен,
Амандасып аламыз.
Салем, салем, салем!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар Балалар!
Ұйымдастыру сәті:
- Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Ауа - райында қандай өзгерістер бар?
- Қыста күн суық, далада қар жауады.
- Ал қыс мезгілінде қандай мерекені тойладық? (Балалармен жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелесу).
Қызықты сәт: Кенет телефон шырылдайды.
Тәрбиеші:
- Алло, саламатсыз ба?
- Бұл кім екен?
- А - а - а Түлкі сен бе?
- Сен неге жылап тұрсың?
- Саған көмек керек пе?
- Мұңай ма қазір біз саған көмекке барамыз.
Балалар ормандағы түлкіге біздің көмегіміз керек болып жатыр.
Оның жаңа жылдық шыршасының безендіріп қойған моншақтарын мыстан кемпір үзіп кетіпті. Соған жылап бізді көмекке шақырып отыр. Түлкіге көмекке барамыз ба?
Балалар: Ия, барамыз
Тәрбиеші: Ендеше біздер тездетіп, орманға жетуіміз керек.
Ендеше сапқа тұрып бір біріміздің қолымыздан ұстап, көзімізді жұмайық.
(Балалар орманға келеді, шыршаның түбінде түлкі жылап отырады. )
Түлкі: Балалар менің шыршамның ілетін моншақтарын үзіп кетті. Енді менің шыршам әдемі болмай қалды. (Тәрбиеші үзілген моншақтарды балаларға көрсетіп, пішінін, түсін сұрайды. )
Тәрбиеші: балалар бізде мұнда моншақтар оқ. Енді не істесек екен?
Таптым, таптым балалар. Мұндай моншақтарды табу үшін сиқыршы ғана көмектесе алады. Мен сиқыршыны шақырайын.
Ал балалар біз мына тапсырманы орындамасақ. Сиқыршы келмейді.(тәрбиеші тапсырма береді, тапсырманы орындағаннан кейін сиқыршы келеді ).
Сиқыршы: Балалар, саламатсыздар ма? Мені неге шақырдыңыздар? (тәрбиеші түлкінің жағдайын айтып түсіндіреді.)
Жарайды мен сендерге көмектесейін, бірақ менің бір шартым бар. Мен сиқыр жасамас бұрын, мен сергіп билеп алуым керек.
Сергіту сәті:
Би билегім келеді.
Бірақ қалай бастайын
Бір оңға, бір солға
Өзін өзі айнала.
Сиқыршы сиқырын қолданып, сиқырлы қобдишаны алып шығады. Қобдишаның ішінде дөңгелек және төрт бұрыш пішінді моншақтың бөліктері болады.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы мына қобдишаның ішіндегі дөңгелек және төртбұрыш пішінді бөліктерді түсіне қарай ілгектері бар моншақтарға тағайықшы. (балалар қобдишадан шыққан пішіндерді сәйкестендіріп, лентадағы ілгектерге тағады ). Жеке шақырып таққызу.
Тәрбиеші: Балалар міне біздің моншағымыз дайын болды, енді түлкіге сыйлайық.
Түлкі: Рахмет балалар, мен қатты қуанып тұрмын, Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Қимылдық ойын: «Түлкі мен балапандар»
(Балалар ойынды ойнап болған соң, түлкімен қоштасады. Түлкі ризашылығын білдіріп, балаларға сыйлығын береді. )
Сабақ соңында балаларды мадақтау, қорытындылау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×