Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Пішіндер бізде қонақта

Білім саласы: Таным
Тақырыбы: "Пішіндер бізде қонақта."
Мақсаты: Балалардың пішіндер туралы білімдерін; оларды ажыратып атай білуге үйрету, пішіндердің бақылау арқылы айналадағы заттардың пішіндерінің ұқсастығын салыстыра отырып, ажырата білуін және ой өрісін жетілдіру, ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту ұқыптылыққа және қарапайым сұрақтарға дұрыс жауап беруге жеткізе білуге тәрбиелеу.
Амандасу:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар
Қайырлы таң апайлар
Тәрбиеші:
Балалар жылдың қай мезгілі?
Балалар:
қыс мезгілі
Тәрбиеші:
Балалар сендер қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер ме?
Балалар:
Бір топ бала далада,
қардан соқты аққала.
Мұрны қызыл үп - үлкен,
көзі көмір қап - қара.
Тәрбиеші:
Балалар сендер ұйқыдан оянғанда терезеден нені көреміз?
Балалар:
күнді көреміз
Тәрбиеші:
Күн бізге несін береді?
Балалар:
жылуын және жарық береді
Тәрбиеші:
дұрыс - ақ балалар, балалар кәне бәріміз шеңбер құрайықшы.
Балалар біздер неге ұқсадық.
Балалар:
күнге, допқа, шарға т. б.
Балалар бір - бірімізге күлкі сыйлайықшы
Міне көңіліміз көтеріліп қалды.
Тосын сәт:
Есік қағылып ішке қуыршақ сәуле кіреді.
Тәрбиеші:
- Саламатсыз ба, қуыршақ сәуле
- Саламатсыңдар ма, балалар мен қуыршақ сәулемін.
мен сендерге өзімнің достарымды ерте келдім
Сендер оларды танисыңдар ма?
Қазір мен олар туралы жұмбақ жасырайын.
Табап ала ма екенсіңдер
Атына сай балалар,
үшбұрыш, үш жағы бар
ол пішінді кім табар
Балалар жауабы:
(үшбұрыш)
- дұрыс айтасыңдар, балалар
ішке үшбұрыш кіреді
Тәрбиеші:
Балалар үшбұрыш деп атаймыз.
- оның үшбұрышы бар
- үшбұрыштың түсі қандай екен?
Балалар:
- сары бұрыш
Тәрбиеші:
- менің қолымдағы үшбұрыштардың көлемі қандай?
Балалар:
- үлкен - кіші
Тәрбиеші:
- Алдарындағы пішіндердің ішінен үшбұрышты көрсетіңдерші балалар үшбұрыштар неге ұқсайды.
Балалар:
- үйдің шатырына тұмарға
Тәрбиеші:
- дұрыс айтасыңдар балалар, келесі жұмбағымды жасырайын
Төрт бұрышы бар,
Төрт қабырғасы бар
бұл қай пішін
Балалардың жауабы:
(төртбұрыш)
Сәуле:
Қандай білгіш балаларсыңдар
- төрт бұрыш неге ұқсайды
Балалар:
терезеге, тақтаға, жастыққа т. б.
Тәрбиеші:
- осы алдарындағы пішіндердің ішінен төртбұрышты көрсетіңдер
- дұрыс айтасыңдар балалар
Ал менің қолымдағы төртбұрыштың түсі қандай?
Балалар:
- қызыл төртбұрыш
Тәрбиеші:
- Қараңдаршы сәуле көңілсіз болып қалды ғой, сұрап көрейікші неге көңілсіз екен.
- Сәуле саған не болды
- мен мысығымды сағындым
Тәрбиеші.
- сәуле саған біздің балалар төртбұрыштардан мысық құрастырып береді.
- сендер төртбұрыштан менің сүйікті мысығымды құрастырып бере аласыңдар ма?
- әрине
Тәрбиеші:
сәуле, мен сенің мысығыңның суретін тақтаға ілейін, біздің балалар соған қарап жұмыс істесін.
- ой қандай керемет балалар
Балалар сендер мысық туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар:
Тікірейіп құлағы,
Елден бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.
Сәуле: Балалар мен қандай қуанып қалдым.
Ендеше тағы да бір жұмбақ жасырайын
Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар
Балалар:
(дөңгелек)
Тәрбиеші:
Түсі қандай екен:
Балалар:
- көк түсті
Тәрбиеші:
Дөңгелек неге ұқсайды?
Балалар:
- допқа, алмаға, күнге т. б.
Ал енді алдымызда жатқан дөңгелек пішінді көрсетейікші
сәуле сен бізге бір нәрсе айтқың келіп тұр - ау деймін
Мен осы балалармен ойнайын деп батпырауық алып келе жатып едім, соны үзіп алдым.
Тәрбиеші:
сәуле сен қорықпа, біздің балалар батпырауығыңды жалғап береді.
Балалар қуыршақ сәулеге көмектесеміз бе?
ия көмектесейік
Тәрбиеші:
Ендеше балалар батпырауық жасауға көмектесейік.
Қорытындылау:
- Балалар қандай әдемі батпырауық жасадыңдар осы батпырауығымыз қандай пішіндерден құралыпты.
Тәрбиеші:
жарайсыңдар балалар рахмет сендерге
Қане бәріміз үлкен шеңбер құрып келген қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық.
Қимылды ойын өз түсіңді тап.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету