Сайтқа кіру Тіркелу

Киімдер дүкеніне саяхат

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті Қоршаған ортамен таныстыру
Лексикалық тақырып: «Киімдер»
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Киімдер дүкеніне саяхат»
Мақсаты: Киімдер туралы түсініктерін кеңейту, олардың атын атап қандай материалдан жасалғанын және не үшін керек екенін айтып тани білуге үйрету. Киімдердің түстері, пішіндері туралы түсініктерін қалыптастыру. Қарым – қатынас дағдысын жетілдіру, киімді таза, әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Түзете – дамыту мақсаты: Балалардың сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілін дамыту.
Танымдық қабілеттіліктерін жетілдіру, ойлауын, жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту.
Сөздік жұмыс: Киімдер, бас киім, киім дүкені, малақай, күрте, қолғап, етік, бәтеңке т. б
Әдіс – тәсәлдері: Амандасу тенингі, балалардың киімдерін қарау, сипаттау. Дид. ойын «Кімнің киімі?», «Кім жылдам?» қим. ойын, желімдеу.

Дефектологтың іс - әрекеті
«Амандасу тренингі»
Қайырлы таң алтын күн!
Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң достарым!
Дөңгелене тұрады.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінің белгісі қандай түс?
Күзде күн қандай болады?
Адамдар қалай киінеді?
Тыныс алу жаттығуы: «Шалғын»
Терең дем алып үрлеу арқылы шалғын арасынан не көргендерін айту.
Проектор арқылы мультимедиадан киімдер көрсету, атауларын сұрау.
Мынау қандай киім, қалай аталады?
Түсі қандай, неден тігілген? Осындай киімнің түрлерін көріп танысу үшін «Киім дүкеніне» саяхатқа барайық. Ол үшін жылы киінуіміз қажет, қимыл - қозғалыспен көрсетеді.
Шалбардың бір балағын,
Содан соң екінші балағы
Енді белді көтерелік әдемі.
Күртенің оң қолы,
Күртенің сол қолы.
Түймеледік жоғарыдан - төменге.
Ал енді етік кидік, жорыта жолға шықтық
Гу - гу, гу - гу деген дыбыс шығады бұл ненің даусы Балалар қазір біз кемеге отырып жағалаудағы дүкенге барамыз, (балалар көңілді кемеге отырады)
Балалар біз дүкенге келдік мынау киім
сататын дүкен, сөрелерде түрлі киімдер тұр сендерге таныстырайын: мынау қыздарға арналған көйлек, мынау белдемше, мынау жиде, мынау қолы қысқа жиде, мынау күрте, мынау тон, мынау шалбар, мынау бас киім, мынау етік, бәтеңке т. б
Балалар мынау кім?
Дүкеншіге амандасайықшы
Дүкенші апайдан киімдер сатып алайық, мына күрте қанша тұрады, маған беріңізші?
Мына баскиім қанша тұрады?
Ал мына етік қанша тұрады?
Барлығы қанша тұрады?
Ал енді барлығымыз қызықты ойын ойнайық
д/о «Кімнің киімі?, қ/о «Кім жылдам?»
Мақсаты: балаларға өздерінің киімдерінің түр, түсін тануға және оларды тез арада киуге дағдыландыру. Шапшаңдыққа, ептілікке, ұқыптылыққа баулу.
Балалар енді кемеге отырып тобымызға қайтайық.
Фонематикалық жаттығу: гу – гу – гу
Логоритмикалық жаттығу:
Орнымыздан тұрайық.
Қолымызды созайық,
Оңға қарай, иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Жұмбақтар:
1. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні
2. Ерте тұрдым да, қос жолға түстім
3. Күні бойы жүргіздім, босағада қалдырдым.
Олай болса біздер өз балабақшамызға оралайық, біздер қайда отырып барамыз? Барлық балалар көңілді кемеге отырып балабақшаға оралады.
Педагог топта дайын көйлек үлгісін әшекейлеуді ұсынады, жұмыс тәсілін көрсету.
Сары, қызыл, көк түсті дөңгелектермен көйлекті әшекейлейді, өрнек құрайды, өлең жолын оқу арқылы қағазға жапсырту.
Қуыршақтың көйлегін,
Кестелейік өрнекпен.
Қолға алып қағазды
Жапсыруды үйрен сен.
Жай саз әуенімен балалар жапсыру жұмысын жасайды.
Педагог тақтаға киімдердің суреттерін іледі
Мынау не? сұрақтарын қою арқылы киім түрлерін айтады. Мынау көйлек түсі қандай?
Мынау шалбар түсі, пішіні қандай?

Бізге бүгін оқу іс – әрекетінде қайда бардық?
Киім дүкенінде нелермен таныстық?
Киімдерді неден тігеді екен?
Сендер қандай киімдерді білесіздер?
Қандай ойындар ойнадыңдар?
Бүгін барлықтарыңызда оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңыздар рахмет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×