Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Көбелектер

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта. (Интегралдік сабақ).
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Құрастыру, қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Көбелектер»
Мақсаты: Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік, танымдық және әлеуметтік құзыреттілігін дамыту.
Оқыту аспектісі: Балаларды көбелектермен, олардың қасиеттерімен таныстыру, білімдерін кеңейту; талқыланып жатқан тақырып бойынша өз ойларын дұрыс қалыптастырып, білдіру дағдысын бекіту.
Дамыту аспектісі: Олардың бір - бірінен айырмашылығын салыстыру. есте сақтау қабілетін, жолдасының сөзін бөлмей; белгілі ереже бойынша топта өзара әрекет ету дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелеу аспектісі: Балалардың өзіне және айналасындағыларға жақсы сезімін ояту, жәндіктерге сүйіспеншілігін арттыру, оларға деген қамқорлық сезімін ояту және жауапкершілікке, тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Зерттеу, құрастыру, сұрақ - жауап, көрнекілік, әңгіме.
Сөздік жұмыс: Көбелектердің түрленуі, жұлдызқұрт, қуыршақ, жәндіктер
Құрал - жабдықтар: Мозаика, таяқшалар, пазлдар, көбелектің суреттері, схема, бейнетаспа.
Іс - әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеттері Балалардың іс - әрекеттері
Мотивациялық - қызығушылық:

-«Шаттық шеңбер» Балаларды шеңбер жасауға шақырады:
- Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
- Жақсы, енді
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
Қызығушылық танытады.
- Шеңберге тұрып амандасады

Тәрбиеші шеңбердің ішімен жүреді, бірде ұлға, бірде қызға кезек - кезек қарап айтады.
Қолдарын бір - біріне ұстатады.
Балалар бір - бірінің көздеріне қарайды да, күлімдейді.
Ұйымдастыру - ізденушілік

Балалар бізге көп апайлар қонаққа келіпті. Сондықтан ережелерді қайталайық.
Балалар бүгінгі біздің жобамыз өте қызықты болмақшы.
Жұмбақ:
Қаны жоқ, жаны бар, гүл іздеп сабылар (көбелек)
( Осы кезде музыка ырғағымен әдемі көбелек ұшып келеді қолында гүлі болады)
Көбелек: Сәлеметсіздер ма, балалар? Мені білесіңдер ме? Мен көбелекпен мен жаз айында ұшып жүремін. Мен әдемілікті, әдемі гүлдерді жақсы көремін.
Тәрбиеші: Көбелек, көбелек біздің балалар сіз туралы көп біледі.
- Қане балалар, еске түсіріп жіберейікші.
Тәрбиеші тақтадан қарап отырып еске түсіреді. Схема бойынша көбелек туралы кім айтады?
Қазір көбелектің түрленуін
бейнетаспадан көреміз.
- Көбелектер қайда жұмыртқалайды?
- Жұмыртқалары неге айналады?
Олар немен қозғалады?
Содан кейін не болады?
Көбелек қалай шығады?
Немен иіс сезінеді?
Көбелек немен қоректенеді?
Мен тимеймін, жасқанба
Сергіту сәті
«Көбелек»
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда
Гүлдерімді тере кет.
Жаңбыр жаушы себелеп,
Тақияның астына
Тығыла ғой көбелек.

Ал қазір біз көбелектің бейнесін құрастырамыз. Біз мозаика, таяқша және пазлмен құрастырамыз. Үлгілерді көрсету.
Балаларды бақылап, көмек көрсету Ережелерді қайталау

Бұл көбелек.
Бала схема арқылы айтып береді.
Балалар бейнетаспа бойынша әңгімелеп береді. «Көбелектер жазық далада, гүлден гүлге қонып, өсімдіктердің жапырақтарына жұмыртқалайды. Жұмыртқалары жұлдызқұртқа айналады. Олар жұпты аяқтарымен қозғалады.

Жіпке оранып, қуыршақ пайда болады. Ол көбелектің үйі.
Біраз уақыттан соң көбелек шығып, қанаттарын кептіріп, ұшады.
Мұрттарымен иіс сезінеді
Көбелектер гүлдің шырынымен қоректенеді, көздерімен айналаны бағдарлайды».
Балалар тұрып, саусақтарың екі жаққа қимылдатады.
Қолдарынан ұстасып

Гүлдерді тереді
Шапалақ
Екі қолды шатыр қылып қояды. (тез жасайды).
Өз бетінше жұмыс.
Рефлексивтік - түзету:
тосын - сыйлық кезең - Кәне барлығымыз жұмысымызды аяқтайық.
Көбелек жұмыстарына қарап: - Қандай әдемі көбелектер. Балалар барлығы өнерлі екен.
- Балалар біз бүгін нені білдік?
- Не үйрендік?

Мен гүлерімнен шырын жинап сендерге шырынды сыйлыққа алып келіпті. Апайларын сабақтан соң сендерге береді. Балалар менің кетуім керек. Мен гүлдерімді сағындым. Оларды тозаңдыруым қажет. Сау болыңдар! (Музыкамен шығады).
Балалар біз осы бір жәндік туралы көп білеміз. Енді осы мәліметтерді өзіміздің жадымызға, ойымызға сақтап жүрейік. Келген апайларға көп рахмет!
- сау болыңыздар.

Көбелектердің түрленуін.
Көбелекті мозаикамен, таяқшалармен, пазлдармен құрастыруды үйрендік.

Балалар қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс:
• Көбелектер немен қоректенетінін;
• Көбелектер қалай түрленеді.
Игеруі қажет:
• Көбелектер туралы қажетті білім алуды.
Істей алады:
• топта жұмыс істеуді;
• ереже бойынша тапсырма орындауды;
• талқыланып жатқан тақырып бойынша өз ойларын дұрыс қалыптастырып,
білдіруді;
• дұрыс қойылған сұрақтар арқылы көбелектердің түрленуін анықтауды;
• толық сөйлеммен немесе тапсырмаға сәйкес нақты жауап беруді, өз тобының
жетістіктеріне қуана білуді, сабақты талдауда алгоритм қолдануды.

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
№ 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясының
ІІ санатты тәрбиеші Шахметова Анар

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету