Сайтқа кіру Тіркелу

Жабайы аңдар қысқа қалай дайындалады?

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жабайы аңдар қысқа қалай дайындалады?
Мақсаты: Диалогтық тілдесу дағдыларын дамыту. Жануарлардың қысқа дайындалуы, табиғаттағы өзгерістер жайлы түсінік.
Білімділік мәні: Жабайы аңдар туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерінің мінезін ажырата білу. Ертегі мазмұнын сахналап беруге үйрету.
Дамытушылық мәні: Сахна қойылымына атсалысуына, сөйлеу мәнерін көркемдік әдіс - тәсілдерін(дауыс ырғағы, қимыл - қозғалыс) қолдануды дамыту.
Тәрбиелік мәні: Табиғатты сүюге, оны қорғауға, аңдардың тыныс тіршіліктерін бақылауға, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Аңдардың суреттері, ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары, аңдардың үні.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, сұрақ - жауап, сахналау, әңгімелесу.
Сөздік қоры: Жабайы аңдар
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру, іздену
Қорытындылау: Шаттық шеңбері
Балалар қолымыздағы әдемі жұмсақ ойыншықтар арқылы бір - бірімізге жылы лебізімізді білдірейік:
- Мен саған тиынның ақкөңілдігін тілгілеймін.
- Мен саған түлкінің әдемілігін тілеймін.
- Мен саған қоянның жүйріктігін тілеймін.
- Мен саған қасқырдың батылдығын тілеймін.
Жарайсыңдар балалар. Мына жұмбақты ойлап тапсаңдар, бүгін не жайында әңгімелейтінімізді білесіңдер?
- Ең айлакер аң…
- Ең қорқақ аң…
- Балды жақсы көретін аң …
- Үстінде тікенегі бар...
- Аң патшасы...
- Батыл аң…
Бұлардың барлығын бір сөзбен, қалай айтамыз? Неге жабайы аңдар деп айтамыз? Осы аңдар қыста қалай тіршілік етеді? Әрі қарай сабағымызды ертегімен жалғастырайық:
«Шегіртке мен жабайы аңдар» ертегісін мұқият тыңдаймыз.
- Ерте, ерте, ертеде, ертегілер елінде әнші шегіртке болыпты. Шегіртке жаз бойы ән айтып, би билеп скрипка ойнайды.
Күн артынан күн өтіп, жаз да, күз де бітіп, қылышын сүйретіп қыс келеді. Орман іші ертегідей тыныштыққа бөлінген. Көп қар жауып, күшті аяз болды.
Әбден тоңған шегіртке ән айтуға шамасы келмейтін болды. Шегіртке дірілдеп ағаш түбіне отырып:
- Енді күнім не болмақ? Бекер жүрісті қойып, тамақ тауып жейін. Жақын жерде аюдың апаны бар еді. Аюға барып бір амалын табайын.
- Тук, тук. Аю ағай, аман ба?
- Бұл кім?
- Үйіңе кіргіз, қыс біткенше асыра.
- Қыс боларын біліп пе едің? Қыста орман аңдары ұйқыға кетеді, олар қорегін жазда жинап алған.
- Ұйқымды бұзба, әніңді айтып, билей бер.
Шегіртке дірілдеп келіп бұта түбіне отырады:
- Енді күнім не болмақ?
- Жақын маңда түлкінің іні бар еді деп түлкіге келеді
- Тук, тук
- Бұл кім?
- Түлкі апай, аман ба?
- Үйіңе кіргіз, қыс біткенше асыра.
- Қыс боларын біліп пе ең?
Қыстың қамын жазда ойла. Мен ұзақ жолға шығып барам. Қар астынан азық іздеп жеймін мазамды алма. Әніңді айтып, билей бер дейді түлкі
Шегіртке енді күнім не болмақ, деп кірпі қыздың үйіне келеді
- Түк, түк
- Бұл кім?
- Кірпі апай аман ба?
- Үйіңе кіргіз, қыс біткенше асыра.
- Қыс боларын біліп пе ең? Менің інім тар. Өзім жапыраққа оранып, ұйықтап жатырмын, мұнда саған орын жоқ. Бар әніңді айтып билей бер.
Шегіртке дірілдеп келе жатып, бұта түбіндегі қоянды көреді.
- Сәлем бердік қоян - жан.- Мына суыққа аяздан құтқар, тоныңды бер, қыс біткенше асыра.
- Қыста тонымды ауыстырып жауларымнан қорғанамын, ағашты кеміріп, күндіз ұйықтаймын, түнде жүгіріп азық іздеймін, мазамды алма, әніңді айтып билей бер.
Шегіртке дірілдеп құлап түседі.
- Мұнда келіңдер, шегіртке құлап қалды. Аңдар келіп шегірткенің аяқ қолын уқалайды, ыстық сүт беріп, жылы төсекке жатқызады. Шегіртке көзін ашады.
- Мен қайдамын(дірілдеп)
- Қорықпа енді біз сенімен біргеміз.
- Қамқорлықтарыңа рахмет.
- Менде қыстың тіршілігін жазда жасаймын.
Аңдар өздеріне жинаған азықтарын шегірткеге сыйлыққа береді.
- Рахмет, рахмет. Мен де сендерге мына әуенімді сыйлаймын. Аңдар көңілді билейді.
Ертегі ұнады ма балалар? Ертегіде не жайында айтылған?

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Көзіңе сап қиығын
Келе жатқан тоңпаңдап
Көжек екен өзінің
Желілі рөлді ойын:
«Ертегіні сахналауға шығайық»
Балалар сендерге қай кейіпкер ұнады? Ал сендер аңдардың орнында не істер едіңдер?
Жабайы аңдар табиғаттың бір бөлігі. Оларды біз қорғауымыз керек. Көретін аң
Шеңберге тұрып бір - біріне жылы сөздер айтады
Түлкі
Қоян
Аю
Кірпі
Арыстан
Қасқыр
Жабайы аңдар
Өз бетімен тіршілік етеді
Балалар мұқият тыңдайды
Суретін көрсету
Аңдардың қысқы тіршілігі жайында
Балалар қимыл қозғалыс жасайды

Балалар ертегіні сахналауға шығады
Балалардың жауаптары
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Ертегілер туралы түсініктері кеңейіп, ой - өрістері дамиды. Түсінеді: Ертегі мәтінін мазмұндап, аңдар туралы түсінік қалыптасады. Қолданады: Сахналау, рөлге бөлене отырып ертегіні айтып беруді үйренеді
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жабайы аңдар

Жабайы аңдар

Мақсаты: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру. Білімділігі: Жабайы аңдарды бір - біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету....
Балабақшаға арналған сабақ жоспары

Балабақшаға арналған сабақ жоспары

Жабайы аңдар және құстар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы аңдарды айыра білуге атай білуге үйрету. Балаларға жануарлар мен құстардың қысқы...
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарларды айыра білуге, атай білуге үйрету. Аңдардың балаларын тани білуге, атай...
Жабайы аңдар

Жабайы аңдар

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...
Жабайы аңдар

Жабайы аңдар

Өскемен қаласындағы мектепке дейінгі мекемелердегі қазақ тілі мұғалімдерінің бірлестігінің жетекшісі, №7 «Радуга» балабақша - бөбекжайы КМҚК-ның...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×