Сайтқа кіру Тіркелу

Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Баяндама
Тақырыбы: "Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану"
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Қойылған міндеттерді іске асыру үшін кәсіби біліктілікті тереңдетуге және дамытуға бағдарланған оқытудың жаңа технологияларына көшуді қамтамасыз ету қажет» екендігі атап көрсетілген. Қоғам өз бетімен білім ала алатын және алынған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің реформалануы, қоғамның демократиялық бағытта дами бастағанын көрсетеді. Осыған орай білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағытта балабақшалар пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Сондықтан, қоғамда болып жатқан әртүрлі шаралардың негізгі мақсаты бір, ол заман ағымынан қалып қоймай, өркениетті мемлекет құруға ұмтылыс жасау.
Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алуда. Бұл тәрбиелеу мен оқыту үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: Білім берудің мазмұны жақсарып, жаңа көзқарас, үйлесімді қарым қатынас пайда болуда, білім беру саласында оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Білім беру технологияларын оқу тәрбие үрдісіне енгізу, интерактивті әдістерді кеңінен қолдану балалардың білімін, біліктілігін арттыру және практикалық жұмыс жүргізу мүмкіндігін қалыптастырудың бірден – бірі жолы. Ол арқылы білім сапасын арттыруға қол жеткізуге болады. XXI ғасыр табалдырығын аттаған адамзат дамуының жаңа кезеңі – білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге жетті.

Қазіргі заманда тәрбиешілер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Тәрбиешілердің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда казіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы өте зор.
«Инновация» ұғымына ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы: Э. Роджерс «Инновация – нақты бір адамға жаңа болып табылатын идея». Сонымен, «инновация» ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгіз» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны өзгеріс деген терминмен анықтайды.
Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы жылдардың үлесіне жатады. Ең алғаш инновация ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов.

Ол «инновация», «инновациялық үрдіс» деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру және таратуға байланысты бір бөлек қызметі»- деген анықтаманы ұсынады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Жаңа педагогикалық технологиялар балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану тәрбиешінің шеберлігі мен қабілетіне сын. Сонымен қатар әрбір педагогикалық технологияның өзіндік әдіс - тәсілдері бар. Осы әдіс - тәсілдер мен ерекшеліктерді тәрбиеші өзінің ізденісі арқылы балалардың қабылдау деңгейі мен қабілетіне сәйкес іріктеп алады.
Инновациялық оқыту дегеніміз - оқушылардың мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, керектісін алып, қажетті жолдарын қабылдау, оған сын көзбен қарай отырып, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету. Шығармашылық ойлау іс - әрекеттегі жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
- оқу үрдісін интенсивтендіру жаппай қолға алу;
- білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру т. б.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Оқытуда инновациялық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары

Оқытуда инновациялық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі...
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері

Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады....
Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қол ...

Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қол ...

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ, А. Е. Мергазина...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
Жаңа технология-сапалы оқытудың тиімді тәсілі

Жаңа технология-сапалы оқытудың тиімді тәсілі

әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс - әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×