Сайтқа кіру Тіркелу

Алдар көсе Сочи 2014

Мақсаты: Балалардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету. Ән айта отырып, сол әннің мәтініне сай би қимылдарын жасауға үйрету. Музыкалық қабілеттерін жетілдіру. Шығармашылыққа баулу, би қимылдарын, музыкалық ойын әрекеттерін орындауға дағдыландыру. Балаларды денсаулықты сақтауға, әдептілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Доптар, құрсаулар, аттардың бейнесі, суреттер, көк түсті маталар

Мотивациялық - қозғаушылық
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Күй әуенімен балаларды қарсы алады да атпен шауып кіргізеді. «Ат шабыс» қимылдарды орындатып, Э. Григтың «Таң» шығармасына релаксация жасатады.
- Саламатсыздар ма, балалар!(әндетіп)
- Балалар, әңгімелеріңді естідім. Сендер Олимпиада ойындарға қатысқыларың келіп жүр екен. Мен сендердің алда болатындарыңды сенімдімін. Ал бүгіндей ғажайып күнде, біздің әдемі залымызда бір - бірімізге жылы тілек арнайық.
Психологиялы - музыкалық жаттығу
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізге құс қонып,
Гүл өссін деп тілейік.
Біздер тату баламыз,
Гүл - гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Музыка әуенімен Алдар Көсе келеді. Қолында доп бар.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
М. Ж: Кәне, балалар, қонақпен амандасайық.
Алдар Көсе әндетіп жауап береді.
М. Ж: Алдар атай, дауысыңыз керемет екен!
Алдар Атай: Әрине, мен әндетуді жақсы көремін.
Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалымды талдармын...
А - а - а, Е - е - е...(әндетеді). Мен жаттығуды да жасаймын. Мен күнде жүгіремін де, секіремін де.
Айтпақшы, балалар, мен сендерге құр келген жоқпын. Денсаулық добын әкелдім. Оны олай атайтын себебі: доппен сендер ойнасаңдар, мықты, күшті, дендерін сау болады.
М. Ж: Рахмет, Алдар атай! Кәне, балалар, осы доп туралы ән айтып берейік.
Ән «Ала доп, қызыл доп»
М:. Ж: Балалар әнді көңілді, әдемі айтасыңдар. Ал енді музыканы қалай тыңдайсыңдар екен? Көңілді әуен естігенде қандай доппен белгілейміз? Ал көңілсіз, мұңлы әуен болса?
Музыка тыңдау:
1. Итальян полькасы. Рахманинов.
2. Вальс. Шуман.
Музыка әуенімен ууһілдеп бай келеді.
А. К: Ассаләумәлейкум, Байеке!
Бай: Аллейкум ассәләм! Ой!
А. К: Байеке, сізге не болды?
Б: Ой, білмеймін. Асқазаным ба, қарным ба иә немесе ішім ба ауырып тұр.
А. К: Байеке, сіз бір түрлі болып тұрсыз ғой. Тамақ іштіңіз бе?
Б: Әрине. Мен қаз жедім, қарта жедім, содан кейін ет жедім.
А. К: ЕЕЕ, сіз көп тамақ жеп қойғансыз ғой. Сізге емделу керек. Ал таңертең жаттығу жасайсыз ба?
Б: Жооқ. Не дегенің? Мен ең сұлу, ең күшті, ең ептімін. Ертеңгісін ерте тұрып жаттығу жасағанша мен одан көрі үйықтамаймын ба..
А. К: Ой - ой - ой, Байеке, денеңізді шынықтырмасаңыз ешқашан чемпион болмайсыз. Балалар, көмектесейік, Байекеге көрсетейік жаттығуды қалай жасау керек екенін.
Дене шынықтыру жаттығу
А. К: Қатар, қатар тұрайық,
Жаттығуды жасайық.
Қалай оны жасаймыз,
Көрсетеміз кәзір біз.
Дене шынықтыру деген не?
Дене шынықтыру деген не?
Қолды көтер, қолды түсір,
Айналдырамыз басымызды
Шапшаң секір жоғарыға
Ерте тұрып шынықсақ,
Көңілді біз боламыз.
Жаттығуды жасасақ,
Чемпионда боламыз.
Жаттығу «Құрсауымен»
А. К: Байеке тағы дұрыс тамақтану керек. Тәтті, майлы тағамдар адам ағзасына зиян келтіреді. Ал кәзір біз дүкенге барамыз. Бізге дұрыс азық - түлік алуға балалар көмектеседі.
М. Ж: Балалар, көмектесеміз бе?
Ойын «Дүкенге біз барамыз»
А. К. мен Байеке азық түліктерді атайды, ал балалар адам ағзасына пайдалы азық – түлік болса қолды көтереді, пайдасы жоқ болса – отырады.
А. К.:- Алма, балық, сүзбе, сәбіз, алмұрт, компот, қызылша.
Б: - Чипсы, лимонад, сағыз, торт, чупа - чупс.
Б: Мен бәрін түсіндім. Кетер кезімде сендермен бірге денемді қыздырып би билегім келіп тұр.
Би «Қара жорға»
Бидің соңында бай қоштасып кетеді.
Музыка әуенімен Аурушаң апай иіскеп, жан - жағына қарап келеді.
Аурушаң апай: Не деген тәртіп? Не деген тазалық? Апчһи.
М: Ж: Сіз кім боласыз?
А. А: Менің фамилиям Вирус, атым Аурушаң. Мен жұқпалы ауруды қоздырушы ағзамын. Кәне, қайда менің көзілдірігім?! (Балаларды, жан - жағын қарайды, таң қалады). Осыншама денсаулығы мықты балалар қайдан шыққан? Апчһи! (Балаларға қарай түшкіреді).
М. Ж. Аурушаң апай, бостан бос әурелемей қойыңыз. Бәрі де біздің балалар сіз сияқты ауырмайды.
А. А: Апчһи. Неге?
А. А: Апчһи. Мынау сендердің денсаулық доптарын ба? Сендер чемпион болмайсыңдар! Апчһи!
М. Ж: Аурушаң апай, бізге допты қайтарып беріңіз. Олимпиада ойындарына қатысу үшін біз доппен жаттығу жасаймыз.
А. А: Иә, кәзір!
М. Ж: Сіз бізге тапсырма беріңіз, ал біз оны орындайық. Себебі доп бізге өте қажет.
А. А: Жарайды, апчһи.
Тапсырмамды тыңдаңдар,
Бір - бірімен жарысыңдар.
Жарыс
А. А: Ой, шаршадым. Алыңдаршы доптарыңды. Мен сендермен бірге болып жазылып, сауығып кететін сияқтымын. Керегі емес, мен ауырғым келеді - і - і. Мен басқа жаққа кетемін.
М. Ж: Көрдіңдер ме, балалар, бізден жұқпалы Аурушаң апайда қашып кетті. Сондықтан бәріміз күнде - күнде денемізді шынықтырып жаттығу жасайық.
Ән «Жаттығу»
А. К: Байқаймын балалар, біз олимпиадаға дайынбыз ба?
А. К: Ал, ендеше, сапқа тұрып Олимпиада чемпионы болуға аттандық!
Қысқы олимпиада ойына қош келдіңіздер! (дауыс шығады)

Рефлексиялық - түзетушілік
Би «Олимпиаданың ашылуы»
«Жаса Қазақстан

Балалардың іс - әрекеті
Күй әуенімен балалар атпен шауып кіреді. Бірнеше «Ат шабыс» қимылдарды орындап, кілемге жатады.
1 бала: Ғажайып түс көрдім,
Таңата мен бүгін.
Олимпиадаға дайындалып,
Стадионда жүгіріп жүрмін.
2 бала: Мен да бүгін түс көрдім,
Биікке көтеріліп,
Шаңғы теуіп келемін.
3 бала: Кәне бәріміз тұрамыз,
Уақытты босқа созбаймыз.
Қолды жоғары көтеріп,
Терең демді аламыз.
Барлық балалар тұрып, тыныс жаттығуларын орындайды.
- Саламатсыз ба, апай!
Бір - біріне күліп, әндетеді, қимылдар жасайды.
Балалар орындарына отырады.
Балалар Алдар Көсемен әуенмен амандасады. Алдар Көсенің іс - әрекетіне қызыға қарап, көңіл күйлері көтеріледі.
Алар Көсеге рахмет айтып, қолдарына доп алады да
әндетеді.
Орнымыздан тұрайық,
Қолға допты алайық.
Көңілді әуен сазымен.
Әнімізді бастайық.
Қ - сы: Ала доп, қызыл доп.
Иілеміз оңға бір.
Ала доп, қызыл доп.
Иілеміз солға бір.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз шынығып алайық.
- Ала доп.
- Қызыл доп.
Музыка туындыларды тыңдап, олардың көңіл күйлерін ажыратады. Қорапшаларға доптарын салады.
Таң қалып, қызыға қарайды.
Балалар қатар - қатар тұрып, құрсауыңдарды алады. Үш қатарға бөлініп тұрады. Дене тәрбие жетекшісінің сұрағына дауыстап бірге жауап береді:
- Ол ойын мен жаттығу.
- Қимылдау мен қозғалу.
- Ол деген «дене» (қолды көтереді, түсіреді).
- Ол деген «шынық» (басты қозғалтады).
- Ол деген «тыру» (жоғары
секіреді).
- Де - не шынық - тыру, Де - не шынық - тыру, Де - не шынық - тыру.
Балалар құрсауды алып қимылдар жасайды.
- Көмектесеміз.
Балалар музыка әуенімен шеңбермен жүреді де әндетеді.
Дүкенге біз барамыз,
Азық - түлік аламыз.
Ағзамызға пайдалы,
Тағамдарды аламыз.
Алдар Көсе мен Байекенің айтқан азық - түліктерді тыңдайды. Ағзамызға пайдалы болса қолды көтереді, пайдасыз болса отырады.
Бал - р: Үйге біз келдік (әндетіп)
Азық - түлік әкелдік.
Денсаулықты сақтайтын,
Пайдалы да болатын.
Музыка әуеніне ілесіп би қимылдарды бірге әдемі жасауға талпынады.
Баймен қоштасады.
Балалар таң қалып, түсінбей қарайды.
- Біз денемізді шынықтырамыз, ағзамызға пайдалы тағамдар жейміз. Бізде денсаулық добы бар.
Балалар 2 топқа бөлінеді.
1 тапсырма – допты бастан жоғары ұстап бір - біріне береді.
Келесі тапсырма – допты екі аяқ аралығымен бір - біріне береді.
Әнді әндетіп, әуенге сай қимылдар орындайды.
- Дайынбыз!
(Балалар бір шеңбер айналып тұрады).
Қошеметтеп биді қарайды.
Адымдап марш әуенімен балалар шығады
Нені біледі: салауатты өмір салты жайлы біледі. Ән айта отырып, сол әннің мәтініне сай би қимылдарын жасауды.
Қандай түсініктерді игереді: музыкалық ойын әрекеттерін әуенмен көрсетуді, би қимылдарын ойлап табуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: қимылдарды еркін жасауды, өз беттерінше көрсетуді
Кері қайту
Пікірлер: 1
Пікір білдіру
Kenjegul.A
спрот пен музыка біріктіріліп өткізілген ойын іс-әрекеті өте тамаша шыққан рахмет!
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×