Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қоянмен серуенге барамыз

«Қоянмен серуенге барамыз»
I - сәбилер тобы
Мақсаты: Бір - бірінің артынан жүрү және жүгіруге жаттықтыру; Екі аяқпен итеріліп 2 қарам - қарсы сызықтан дұрыс секіруді қалыптастыру;
Гим. отырғыштың үстімен жүргенде, тепе - теңдікті сақтай білуге; керілген баудың астымен еңбектеп өтуді бекіту; кеңістікті бағдарлай білуге; жылдамдық пен ептілікті жетілдіру.
Құралдар: әр балаға 2 жапырақтан, екі тіреудің ортасына байланған бау, гим. отырғыш, 2 секіргіш, жұмсақ ойышықтар - қоян мен аю; қоянға сыйлық (көкөністермен жемістердің муляжі), үлкен қолшатыр
Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивация - қозғаушы Қоянмен амандасу. Қоян бізді күзгі орманға серуенге шақырады. Қоянмен барамыз ба? Қоянмен баруға ұсыныс жасайды Қоянмен амандасады. Сұраққа жауап береді.
Іздену - ұйымдастыру Жолдармен біз жүреміз (бір - бірінің артынан жүру)
(Тәрбиеші қоянды қолына ұстап алға арқамен жүреді, балаларға қоянға қарауларын ұсынады )
Аяқты қатты соғамыз, (тарсылдатады)
Судан, тастан өтеміз
Секіреміз, жүреміз (алға жылжи отырып секіру)
Шаршамаймыз, күлеміз. (жай жүру)
Шаршамасақ егерде,
Жүгірейік бірлесе! (бір - бірінің артынан жүгіру)
Тәрбиеші: Міне, біз орманға келдік, Қараңдар, мында қаншама жапырақтар! 2 жапырақтан қолымызға алып, ойнаймыз. Ал, қоян көрсін балалар қалай жапырақтармен ойнайды екенін.
1. «Жапырқаты көрсетеміз, жасырамыз» Б. Қ.- қол төменде, жапырақты алға созып көрсетіп, арқға жасыру
2. «Аяғымызды жапырақпен сипайық» Б. Қ.- аяқты ашып отырып, бақайдың ұшына еңкейіп жапырақпен сипау
3. «Қоңыздар жапыраққа тығылады» Б. Қ.- арқамен жатып, қолды дене көлемінде ұстау, аяқпен қолды көтеріп еркін қимылдату
4. «Жапырақтар алда» Б. Қ.- ішпен жатып, қолды шынтақтан бүгу, қолды түзеп, басты көтеру, жапырақты көрсетіп қайтадан қолды бүгу.
5. Жапырақты еденге қойып, қасында секіру (қоян бірге секіреді.)
6. «Жапырақты жел үрледі»
Жапырақтарымызды қоянға сыйлайық!
Қ. Н. Т.
Міне, алда өзен тұр
Өтемін деп бала тұр (екі жол арасынан секіру, арақашықтығы 15см)
Қоян алға жүгірді,
Көрсетем - деп көпірді
Көпірдің астымен өтейік (төртаяқтап еңбектеп өту)
Жолдан қане, өтеміз
Қоянға сыйлық береміз (отырғыштың үстімен тепе - теңдікті сақтай отырып жүру) Қоян алғысын білдіреді
Қ/ойын: «Сұр қоян отыр»
Тәрбиеші көңілді ойынды ойнауға ұсыныс жасайды. Балалардың жауабы
Арқаны дұрыс ұстап жүреді
Тәрбиешінің берілген тапсырмасын орындайды. Бір іс - әрекеттен екінші іс - әрекетке көшеді, белгі бойынша.
Балалар тәрбиешіге қарап шашыраңқы тұрады, әр қайсының қолында екі жапырақтан.
Балалар жапыраққа үрлейді.
Балалар жапырақтарды себетке салады.
Еңбектеп өтіп, орындарынан тұрып қоянға қолдарын былғайды.
Орындықтың үстімен өтіп қоянға сыйлықты алып береді
Балалар орындықта отырады. Мәтінге байланысты қимылдарды көрсетеді
Жетекші - жөндеуші Балалар, қараңдаршы жаңбыр басталайын деп тұр. Естисіңдер ме, қалай тырсылдайды?
Саусақ ойыны: «Жаңбыр»
Ағаштар мен шатырға
Жаңбыр жауды аспаннан (саусақтар «адымдайды»)
Басып қатты шөптерді,(аяқты топ - топ басады)
Жапырақты ұшырды (алақан соғады)
Кап - кап - кап,(сол алақанды жұдырықтап соғады)
Тук - тук - тук, (оң алақанды жұдырықтап соғады)
Жауды жаңбыр көбірек (алақанды басқа көтеріп соғады)
Тәрбиеші: Жаңбыр қатты жауды, бізге үйге қайту керек! Қолшатырға жасырыңдар!
Сұрақтаға жауап береді
Тәрбиешіге қарап қимылды қайталайды
Күтілетін нәтиже:
- Білу қажет: денені шынықтыру керектігін түсіну
- Қалыптасқан түсінік: Жүру, жүгіру әдістерін білу, жаттығудың пайдасын білу.
- Орындаушылық қабілеті: баудың астынан еңбектеп өтуді, тепе - теңдікті ұстауды біледі
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету