Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлдар мен қыздар

Тақырыбы: Ұлдар мен қыздар
Мақсаты: Балаларға қыздар мен ұлдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қалыптастыру және дамыту. Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін әері жайлы білімдерін қалыптастыру. Достық туралы білімдерін жетілдіру.
Әдісі: Әңгіме, өткен сабақты пысықтау. Жаңа сабақ. Әліппе - дәптермен жұмыс. Күлкі жаттығуы. Көрініс көрсету жаттығуы. Дәрігер салауаттың ашық хаты. Шаттық шеңбер. Дидактикалық ойын.
Көрнекілігі: Айна, слайд, күн бейнесі, доп, аңдар.
Қос тілділік: Ұлдар‒мальчики, қыздар‒девочики, айна‒зеркало, күн‒солнце.
1. Жыл мезгілдерінің суретін көрсетіп, сұрау.
‒Жылдың неше мезгілі бар?
2. Жұмбақ
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
3. Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан, Алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін де күн!
1. Өткен сабақты пысықтап кету.(слайдтан өткен сабақтағы суреттерді көрсетіп естеріне түсіру)
2. Жаңа сабақ.
Валеология туралы түсінік беру.
Валеология ‒денсаулық туралы ғылым. «Валео» латынша «Сау бол», ал «Логос» ғылым дегенді білдіреді.
Валеология‒денсаулық туралы ғылым, ол балаларды ақылды, көңілді, дені сау болып өсуге баулиды. Ең бастысы, ол ауырмай, салауатты өмір сүруге үйретеді.
3. Балалар Дәрігер Салауаттың сымбатты, әдемі, денсаулығы мықты адам екендігін білесіңдерғай.
4. Біздер Дәрігер Салауатпен бірге «Валеология» әлеміне саяхат жасап келе жатырмыз. Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: Ұлдар мен қыздар.
‒Балалардың бір‒бірінен қалай ерекшелетінін байқатып, осы тақырыпта әңгіме қозғау.
‒Балалардың жауабынан кейін барлық адамның дене құрылысы‒қолы, аяғы, көзі, құлағы т. б болатыны, бірақ әр адамның көзінің, шашының, мұрнының пішіні әртүрлі болатынын айту.
‒Сонымен қатар әр адамның өзіне тән мінезі, шығармашылық қабілеті мен таланты болады. Әр адам қайталанбас‒тұлға.
5. Әліппе дәптермен жұмыс. №1
‒Бұршақтың дәнінен өсетіні мысалға ала отырып, ұлдар мен қыздардың өскенде кімге айналатынын түсіндіру.
Бұршақ дәні‒гүлдейді(жеміс береді)‒солады.
Бала‒бозбала‒еркек‒ата
Қыз‒бойжеткен‒әйел‒әже
6. Ұлдар мен қыздарды айна алдына тұрғызып, өз‒өзін сипаттайды.
7. Балалар сонымен ұлдар мен қыздардың киімдері де әр түрлі болады.
‒Ұлдың киімін көк, қыздардың киімін қызыл түспен белгіле.
8. Дәрігер Салауаттан келген ашықхат.
Оқып. Талдау.
9. Күлкі жаттығуы.
Балалар айнаға қарап әдемі мейірімді күлкіні бейнелеп береді.(1 минут)
10. Көрініс көрсету жаттығуы.
‒Сендер аналарыңмен бірге үйдесіңдер. Аналарың бүгін көңілсіз және әбден шаршаған кейіпте.
‒Балалармен бірге көріністі талдап, мынадай қорытынды жасайды. Біз анамыздың көңілін көтеру үшін, алдымен күліп, оны құшақтап және өзінің күлуін сұрауымыз керектігін естен шығармаңыздар.
Күлкі – бұл өз көңіл күйіңе, жақын адамдарыңның жүрегіне жол табатын құдіретті кілт.
11. Дидактикалық ойын. «Сенің атың кім және сен кімсің». (Балалар допты лақтырып кім екенін және атын айту керек)
– Ер балада қыздардың да аты болады. Олар да әртүрлі болады. Адамның аты арқылы ұл не қыз екенін ажыратуға болады.
12. Дәптермен жұмыс.
– Балалар, ұлдар мен қыздарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?
– Балалар.
– Балалар көбінесе немен ойнағанды ұнатады?
– Ойыншықтарды.
– Ойыншықтардың ұлдар мен қыздарға арналған түрлері бар?
– Сондықтан әліппе – дәптердегі берілген тапсырманы орындай қояалық. Сызық арқылы қос.
13. Балалар сендер бір – біріңмен ойнағанда ренжісіп, ойыншыққа таласып жатасыңдар. Ол жақсы ма, жаман ба?
– Біздер бір – бірімізбен ұлдар қыздар деп бөлінбей дос болуымыз керек.
– «Дос болайық бәріміз» әнін айту.
Әні: Х. Талғаров
Сөзі: И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер
Қ - сы
Дос болайық, бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
14. Қорытынды.
Кері қайту
Ілмек сөздер: бала-бақша, валеология
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×