Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Күзгі Ханшайым мен Ханзада

Тақырыбы: «Күзгі Ханшайым мен Ханзада»
Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымындарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау. Әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ қызымен жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Өзіңсің жер дүниенің гүлдендірер,
Сап - сары алтындай боп айналамыз
Алтын күз мерекесі күз айының
Береке боп орнықсың арамызда.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді. Бүгінгі « Күзгі Ханшайым мен Ханзада» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыз асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арналған ақ тілекті
Сыңға түсер достары арасында,
Ер намысты ер жүрек ұлдар кепті
Жас ұлан ғой ертеңі ел мақтаны
Қырандар ғой тәңірі көк аспаны
Арта берсін абырой мен атақ даңқы
Қарсы алайық құрметпен қыздарымызды
Ұстанған қазағымның ата - салтын
Жансың лайым бәрінің жұлдыздары -, дей келе Ханзада мен Ханшайымдарымызды ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар!(Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
Әбілтай Данара - Алпысбай Әзиз
Молдағали Галифа - Есен Мерген
Абубакир Арайлым - Жетпісбай Нұрым
Айдос Асылым - Қобыланды Батыр
Алдабергенова Айша - Болат Әлішер
Дұзжасар Нұрдана - Сембай Бекұлан
Жүргізуші:
Күз келіп хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын
Ханшайым тапқыр қыз болады
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал, ханымыз ақылды
Барша жұртты шақырды
Би де билеп ән айтты
Қуаныштан шалқыды.
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші
«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші - дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық
Балабақша меңгерушісі:
Тәрбиеші:
Ата - ана
Жүргізуші:
Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)
2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
3 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
4 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)
5 - бөлім: «Балдырғанға сыйлаймын» «қолөнер бұйымдары»
Жүргізуші:
Есте қалар бұл күндер,
Бал - бұл жанған жыр күндер
Бүгін өнер көрсетпек
Оза шапқан дүлділдер
Ойнап, тойлап күлейік
Жеңімпазды білейік
Талапкердің бәріне
Шалқар шабат тілейік.
Жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.
Нұрым:
Ассалаумағалейкум халқым, жерім,
Кіші жүз Қаракесек елім менің
Нүрсеитов Асланбектің бел баласы,
Нұрыммын Жетпіспайдан шыққан тегім
Үйің мықты болады,
Тандай білсең ағашын
Орта жүздің ішінде
Қыпшақ болады нағашым
Болашағы қазақтың
«Достық» балабақшамыз
Әлемді таң қалдырған
Тобым менің «Балдырған»
Бірі – әнші, бірі - ұшқыш,
Бірі болар өнер тапқыш
Ел қорғайтын қол басшы,
Мүмкін шығар ел басшы
Арайлым:
Мұнайлы Мұғалжарым киелі елім
Жұбановтай алыптардың тұяғы едім
«Достықтай» балабақшам үкілеген
Сәлемін дүйім жұрттың ала келдім
Атым - Арай болады сұрасаңыз
Тілеу деген кешегі бір атамыз
Аққанат пен Айгерімдей әкем - анам
Пана болып біздерге жүз жасаңыз
Көп айтып өз жайымды не қылайын
Одан да өнеріммен таң қылайын
Кішіге үлгі үлкенге өнеге боп
Сахынаның төрінде сән құрайын
Жүргізуші:
- Балалар жылдың қай мезгілі
- Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін ата?
Б: Жапырақтар сары, қызыл болып, шөптер қоңыр, сарғыш түске боялды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн бірте қысқарады. Жаңбыр жауады. Адамдар жылы киім киеді.
Т: Күз айларын атаңдар?
Б: Қыркүйек, қазан, қараша
Баян:
Алтын, алтын сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр
Біз мектепке баратын
Алақай - ау күн жақын
Әділет:
Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі
Арайлым:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген
Қайсар:
Бір - бірлеп жапырақ,
Сылдырлап ұшады
Сарғайған жапырақ,
Күз нұрын құшады
Наздана:
Тырна көкте тыраулап
Қош - қош айтты «кеттім!» деп
Шөптің басы қыраулап
Күзде келді «жеттім» деп
Жүргізуші:
2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би - билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.
Әбілтай Данара - Алпысбай Әзиз «Латын» биі
Молдағали Галифа - Есен Мерген «Үнді» биі
Абубакир Арайлым - Жетпісбай Нұрым «Қазақ» биі
Айдос Асылым - Қобыланды Батыр «Орыс» биі
Алдабергенова Айша - Болат Әлішер «Испан» биі
Дұзжасар Нұрдана «Ча - ча - ча» биі
Сембай Бекұлан Ән: «Балдырғандар жыры»
Жүргізуші: - Ал енді тағы да тақпақтарымызға кезек берейік.
Бақтияр:
Ерекше күз енді
Айнала сар ала
Камбайн жүреді
Толқыған далада
Ақжол:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Бағлан:
Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей
Сайға барып бекінді
Қалған бала секәлді
Мансұр:
Аспанда сұрғылт бұлт
Жан - жақтан жабады
Күн бірте суытып
Жауын көп жауады
Күз жомарт дейміз біз
Жемісін жейміз біз
Әлихан:
Далада егін жай
Алтындай болады
Сап - сары жапырақ
Сылдырлап ұшады
Күз жомарт дейміз біз
Жемісін жейміз біз
3 - бөлім: «Сұлулық сыры»
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!
4 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)
Білім жолы сара жол,
Білімді адам бастар қол
Сұрақтарды тыңдап ал,
Жауап беруге дайын бол.
1. Қазір қай мезгілі?
2. Сенің балабақшаңның және тобының аты қандай?
3. Біздің елбасшымыз кім?
4. Күз айларын ата?
5. Тәрбиеші апайларыңның атын білесің бе?
6. Қандай ертегіт білесіндер?
5 - бөлім: «Балдырғанға сыйлаймын» «қолөнер бұйымдары»
Шеберлері өнер тамған қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан
Шебер қолдар өз - өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан.
Ата - анасымен біріге отырып, жасаған қолөнер бұйымдарына кезек береміз.
Жүргізуші: - Ал енді тағы да тақпақтарымызға кезек берейік.
- Балалар күзде нелер піседі?
Айәділ:
Көктеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып
Атым қияр теріп ал
Жие - жиі суарып
Ернұр:
Бақшаларды тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын
Қабат - қабат киініп
Қырық қабат атандым
Ғазиз:
Картоп біздің атамыз,
Жер астында жатамыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз
Ералы:
Исі жұпар анқыған
Бақшадағы шырынмын
Жеп көргендер тамсанған
Балдай тәтті қауынмын
Бақдаулет:
Өсіретін бойынды
Дамытатын ойыңды
Қоянғада азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз.
Баян:
Ақ түсім бар қант алар
Қызыл түсім қанға нәр
Зияным жоқ біліп қой
Қызылшамын пайдам бар
Санжар:
Асханадан шықпаймын
Атым пияз бұқпаймын
Көзден жасты шығарып
Тұмаудан бірақ сақтаймын
Данагүл:
Мынау алма айналдым
Түрлі - түсті болатын
Бірі ерте, бірі кеш
Кезектесіп салатын.
Арслан:
Бағымда менің қарағым
Жеміс – жидек тағы бар
Қарақат, алма, құлпынай
Дастарханнан табылар
Ән: «Жомарт күз»
Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,
Салт - дәстүрлер жаңарып еске түсті
Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,
Бұл сағатты ата - ана көптен күтті.
Қуаныш бүгін мынау құтты болсын
Қыздарымыз бен ұлдарымыз өсе берсін болып мықты!
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші
Жеңіп шыққан аруға,
Құттықтап сәттілікті тілейікші.
Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Күз ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.

Ақтөбе обл. Мұғалжар ауд.Ембі қаласы
«Достық» балабақшасының тәрбиешісі
Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету