Сайтқа кіру Тіркелу

Есептер еліне саяхат

Тақырыбы: Есептер еліне саяхат.
Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, саусақ маторикаларын, логикалық есептерді бере отырып, ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер: Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты
Жадырайды даламыз,
жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң апайлар.
Қызықты сәт: Маша мен аюдың әуені ойнатылып залға аю көңілсіз кіріп:
- Саламатсыңдар ма, балалар!
Балалар:
- Саламатсыз ба, аю!
Аю:
- Балалар сендер машаны көрген жоқсындар ма? білмеймін қайда кеткенін, ауладағы зымыранымда жоқ, ай тентек қыз қайда екен ай?
Тәрбиеші:
- Аю, сен уайымдама біз бір амалын тауып көрерміз. Біздің балалар көмектеседі, солай ма балалар?
Балалар:
- Иа, көмектесеміз
Тәрбиеші: Балалар аю зымыраным жоқ дейді зымыранның не екенін білесіндер ме?/Балаларға айтып түсіндіріп суретін көрсету/
Ендеше балалар мына геометриялық пішіндерден зымыран жасап көрейік
Д\О: Зымыран құрау
Балалар геометриялық пішіндерден сенсорикалық әдіспен ілгек, замок, жапсырмақ арқылы зымыран құрастырады.
Тәрбиеші: Көрдің бе, аю? біздің балалар зымыран жасады. Енді аспан әлеміне барып машаны іздеуге көмектесеміз
Аю:
- Менің зымыраныма ұқсайды.
Тәрбиеші:
- Балалар, қане бәріміз аспан әлеміне ұшайық. Аспан әлемі үлкен, қызықты, әдемі. Біз аспан әлеміне ұшу үшін скафандр киюіміз қажет себебі онда ауа жеткіліксіз болады, сондықтан сақтануымыз қажет. Қане бәріміз зымыранға мінейік.
/Балалар көздерін жұмып, ұшып бара жатқан елеспен аспан әлеміне келеді./
Тәрбиеші:
- Ой, балалар қараңдаршы аспан әлемінеде келіп жеттік./Балаларды аспан әлемімен таныстырады.\
Аю:
- Маша, қайда екен ай?
Тәрбиеші: Мына ғаламшарлардың қай жерінде жүр екен. Мүмкін бізге мына жұлдызшалар көмектесін шығар. Жол көрсетер.
1ші жұлдызшаға барайық.
1. Тапсырма:
Машаны табу үшін менің сұрақтарыма жауап беріңдер. Ең әуелі жыл мезгілін айтып беріңдер?
2. Тапсырма:
Пісіп тұрған төрт алмұрт
Қызығатын көрген жұрт
Екі алмұртты бұтақтан
Алып жеді Ердаулет
Қанша қалды алмұрттан?
3. Тапсырма:
Аспанда үлкен жұлдыз көппе, кішкентай жұлдыз көппе?
4. Тапсырма:
Санамақтар айтып бер?
Аю:
- балалар мен шаршадым, маша табылатын емес енді не істейміз?
Тәрбиеші:
- Аю ендеше сергіп алайық табылады, уайымдама
Сергіту:
Ал, санайық 1, 2,
Томпаңдап біз билейік
Аяғымыз қайда екен?
Міне аяқ алақай
1, 2 деп басайық
Айналып біз алайық.
5. Тапсырма:
Үйге келді, Алдияр?
Оған қоса Мадияр
Кейін келді Айдана
Қанша болды бар бала?
6. Тапсырма: Машаның сүйікті тамағы?
Аю: Айтпақшы мен каша пісіріп алып шығып едім, оның қарны да ашқан шығар.(Аю балаларға карточкалар таратып береді, кашаның суреті салынған)
Тәрбиеші: Аю саған ботқа жоққой, машада жоқ.
- Балалар Маша мен аюға неше ботқа керек?
Балалар: Екеу керек.
Сол кезде Маша шығып:
- Қандай керемет иіс, ботқанын иісін - ай. Қарным ашты менде жейінші?
Тәрбиеші: Маша табылдың ба? Қайда кетіп қалдың?
Аю: Неге кетіп қалдын сұранбай?
Маша: Кешіріңдерші, сұранбай енді ешқайда кетпеймін.
Аю: Біз шаршадық. Мен кішкене ұйықтап алайыншы.
Тәрбиеші: Аюды ұйықтатпау үшін онымен ойын ойнайық. Сосын зымыранмен ауылымызға, тобымызға қайтамыз.
Қ. 10:"Өз үйіңді тап"
Балаларға үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелектің сүретін таратып беру. Балалар Аюды оятады.
Аю, аю тұршы.
Ұйқыдан ояншы,
Ұйқыңды ашшы.
Жан - жағыңа қарашы.
Енді бізді қушы.
Аю оянып балаларды қуғанда өздеріне ұқсас пішінге барып тығылады.(ойынды бірнеше рет қайталау)
Тәрбиеші: Балалар, енді тобымызға оралайық, Машаны таптық. Қанекей балалар осы аспандағы күннің жылуын бір - бірімізге сыйлайық.
Балалар: Шеңбер болып, тұрайық
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық.
Жиналған жылы шуақты.
Қонақтарға шашайық.
Қорытындылау:
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?(ия)
- Біз қайда бардық?(Аспан әлкміне бардық)
- Аспан әлеміне немен бардық?(Зымыранмен)
- Оны қайдан алдық?(Өзіміз жасап алдық)
- Ол қандай пішіннен жасалды?(Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек)
- Тапсырмадағы есептер оңай ма екен?(Ия)
- Балалар, енді зымыранға мініп, тобымызға қайтайық.
Кері қайту
Ілмек сөздер: бала-бақша, есептер
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×