Сайтқа кіру Тіркелу

Балабақша

Бүлдіршіндердің тілін дамыту
Тақырыбы: Балабақша
Мақсаты: Балалардың өз балабақшасы туралы түсініктерін толықтыра отырып, олардың тілін дамыту, әңгімелесу, тақпақтар айту арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қолданатын құрал - жабдықтар: Сиқырлы қалам, суреттер, слайд.
Әдістемелік әдістер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап.
Қос тілдік компоненті: (билингвизм): Балабақша – детский сад, тәрбиеші -воспитатель.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
Балаларға әнұранды орындату.
– Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
– Қазақстан мемлекетінде тұрамыз
– Қазақстан мемлекетін басқарып отырған кім?
– Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы
– Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
– Төрт мезгіл бар.( Қыс, көктем, жаз, күз.)
Балаларға жұмбақ жасыру:
Жиын – терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсын?
Балалар: – Күз.
– Яғни қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
– Күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
– Дұрыс айтасыңдар күзде жеміс - жидектер астықтар піседі, оны жинап алады.
– Күз мезгілінде неше ай бар?
– Қыркүйек, қазан, қараша.
– Күз туралы кім тақпақ біледі?
1 - бала:
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Өткен оқу іс - әрекетті еске түсіру.
– Балалар сендер таңертең ұйқыларыңнан оянып қайда келесіңдер?
– Балабақшаға келеміз.
– Балабақшада сендерді кімдер күтіп алады?
– Тәрбиеші апайлар.
– Балабақшада тағы кімдер жұмыс істейді?
– Меңгеруші, әдіскер, дәрігер, көмекші апай, аспазшы, дене шынықтыру апай жұмыс істейді.
– Балалар біздің балабақшамыздың нөмірі қанша?
– № 118
– Балабақша қай көшеде орналасқан?
– Сейфуллин көшесінде орналасқан.
Сергіту сәті:
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Құрастыру:
Балақша туралы қандай тақпақтар білеміз?
1 - бала:
Мен бақшаға барамын,
Ойнаймын ән саламын.
Тәрбиеші әпкелер,
Досы барлық баланың.
2 - бала:
Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіреді біздерді.
– Балалар балабақшадан көп нәрсе үйренесіңдер, бақшамыз тағы не үйретеді?
1 - Бала: Үйретеді суретке,
2 - Бала: Үйретеді білімге.
3 - Бала: Үйретеді әдепке.
4 - Бала: Үйретеді таза болып жүруге.
Қорытындылау: Балалар бүгін оқу іс – әрекетте не туралы әңгімеледік?
Балалар: Балабақша.
Тәрбиеші: Балалабақшада кімдер жұмыс істейді?
Балалалар: Меңгеруші, әдіскер, тәрбиеші апай, ән жетекші, дәрігер, аспазшылар, көмекші апайлар және т. б.
– Балалар біз нені құрастырдық?
– Балалар: Балабақша.
– Ән: «Біз көңілді бүлдіршін»
Кері қайту
Ілмек сөздер: бала-бақша, тіл дамыту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×