Сайтқа кіру Тіркелу

Жыл мезгілдері

Шаттық шеңбері:
Балалар, бүгінгі күнге, табиғатқа жылы лебізімізді білдірейік.
– Дұрыс айтасыңдар. Жұма күні бұрынғы ата - бабаларымызды еске аламыз.
– Ол үшін не істейміз?
Балалар: 7 шелпек нан пісіреміз.
– Жеті шелпекті, не үшін пісіреміз?
Сәлем бердік алтын күн,
Сәлем бердік ашық аспан.
Сәлем бердік Жер - Ана,
Сәлем бердік баршаға!
Балалар, бүгін аптаның нешінші күні?
– Бесінші күн. Жұма.
– Жұма күнін қалай атаймыз?
Балалар: – «Үлкен жұма» – қасиетті, киелі күн ол күні өзімізді тәртіпті, мейірімді етіп ұстаймыз. Қатты сөйлемейміз, ұрыспаймыз.
Жібек: – Жеріміз, еліміз аман болсын, және өзіміздің дене мүшелеріміз сау болсын дей отыра, әр түрлі от - су апаттарынан сақтасын деген ниетпен 7 шелпек пісіріп, оны балаларға, көршілерімізге үлестіреміз. Оны құдайы күлше деп атайды.
– Дұрыс айтасыңдар.
Ал, бүгінгі жұма күнді біз Абай атамызға арнаймыз, еске аламыз.
– Балалар, мен сендерге бір өлең оқып берейін мұқият тыңдаңдар.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
– Балалар, бұл кімнің өлеңі?
– Абай атаның өлеңі
– Дұрыс айтасыңдар.
Мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Абай атаны көріп тұрмыз.
– Абай атамыз Семейдің Шыңғыстау деген жерінде дүниеге келген. Яғни, Шыңғыс деген таудың етегінде туылыпты. Әкесінің аты Құнанбай. Шешесінің аты Ұлжан. Абай ата менің ұрпақтарым білімді өнерлі болсын, барлық елдердің мәдениетін үйренсін деді. Текке жүрме, текке күлме адам болуды үйрене түс деген. Абай атамыз артына ойлы да, мәнді өлеңдерімен бірге қара сөздерімен де өшпестей із қалдырған. Енді Абай атамыздың қара сөздерін еске түсірейік.
Жас бала анадан екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем, көрсем, естісем, үйренсем деп тұрады.
Адам үш нәрседен қашу керек:
Біріншісі надандық,
Екіншісі еріншектік
Үшіншісі залымдық.
Егер ақылды болғың келсе күніне бір рет немесе жұмада бір өзіңнен өзің есеп ал
Адам ата - анадан туғанда есті болмайды, естіп - көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы - жаманды таниды.
Міне, көрдіңдерме, Абай атамыз не жақсы, не жаман екенін көрсетіп берді. Біз атамыздың өсиетін орындап жүруіміз керек.
Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: 4 мезгіл. Күз, қыс, көктем, жаз.
– Өте жақсы, Абай ата осы төрт мезгілге арнап тамаша өлең жазған. Бұл өлеңдерінде табиғаттың әсем, сұлу көрінісі бейнеленген.
– Қане, осы өлеңдерін есімізге түсіріп жіберейік.
Бала: Маған Абай атаның күз туралы өлеңі ұнайды. Күзде жапырақтар сарғаяды, күн салқындайды. Жеміс - жидек, көкөністер піседі.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан.
Бала: Маған Абай атаның қыс туралы өлеңі ұнайды. Айнала аппақ қар, сырғанап ойнаймыз. Су қатып мұз болады.
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Бала: Маған Абай атаның көктем туралы өлеңі ұнайды. Көктемде жер көктеп, бәйшешектер гүлдейді. Күн қызып, көбелектер ұша бастайды.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі
Жан - жануар адамзат анталаса
Ата - анадай елжірер күннің көзі.
Бала: Маған Абай атаның жаз туралы өлеңі ұнайды. Жазда күн жылынып жемістер піседі. Құстар ән салып ағаштарға қонады.
Жазды күні шілде болғанда
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда
Сергіту сәті:
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Күз.
Күз айларын ата?
Қыркүйек, қазан, қараша.
Күз мезгілінің неше кезеңі бар?
1. Ерте күз
2. Алтын күз
3. Қара күз
Бала: Ерте күздің ерекшелігі – жапырақтар жаңадан сарғая бастайды. Күн салқындайды.
Бала: Алтын күздің ерекшелігі – жапырақтар сарғайып, жеміс - жидек көкөністер піседі.
Бала: Қара күздің ерекшелігі – ағаштар жапырағынан айырылады, шөптер қурайды. Қыстың белгілері біліне басталады.
Күз туралы қандай тақпақтар білуші едік, қане айтып жіберейік.
Бала: Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап күлші алтын күз.
Бала: Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз.
Қалада да, далада да
Жанның бәрі жарқын жүз.
Бала: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Күздің сыйы жемістер мен көкөністерді жинап ойын ойнайық.
Ойын: Кім жылдам?
Оқу іс - әрекетінде алған білімдерін ойын арқылы көрсете білді.
Балалар алған әсерімізді бейнелеу арқылы жалғастырайық.
Балалар көңіл - күйлерін алған әсерлерін анықтайды. Балалар бүгін сендер оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар рахмет.
Абай атамыздың өсиетін орындап, үлкен азамат болу біздің міндетіміз.
Өлеңі – ақыл,
Өзі аңыз
Абай біздің бабамыз!
Өсиетін,
Сондықтан
Санамызға жазамыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×