Сайтқа кіру Тіркелу

Айболит бізде қонақта

Тақырыбы: Айболит бізде қонақта
Мақсаты: балалардың денсаулықтарын нығайту, бір - біріне деген жылы лебіздерін білдіріп, көңіл - күйлерінің көтеріңкі, қуанышты болуына жағдай жасау. Балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
Сабақ барысы: балалар қанеки қонақтармен амандасайық, енді шаттық шеңберге тұра қалайық
Аспанымыз ашық болсын
Еліміз тыныш болсын
Деніміз сау болсын
Достарымыз аман болсын
Т: Балалар бүгін біз жаңа тақырып өтеміз. Денсаулық тазалық кепілі, біздің жеке бас тазалығымызға және деніміздің сау болуына, ауырмау үшін не істеуіміз керек?
Б: Тәңертең және кешке жаттығу жасауымыз керек, жуынып жүруіміз керек, тісімізді тазалап жүру керек және тамақ ішер алдында қол жууымыз керек.
Тәңертең балабақшаға келгенде жаттығулар жасаймыз.
Т: Жәрайсыңдар балалар, сендер өздерінің денсаулықтарыңды сақтау үшін көптеген ережелерді біледі екенсіңдер. Енді осы ережелерді ұстануда бізге қандай құралдар көмектеседі?
Қанеки балалар жұмбақ шешіп көрейікші.
Ертемен күнде сен
Қолыңды сүйкейсің
Кетіп кір ласың
Тап таза боласың
Сабын
Жылы және құйын жаңбыр
Бұл жауын бірақ жәй емес
Аспаны жоқ, бұлты жоқ
Күні бойы жаууға әзір
Душ
Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолыңды
Сүртеді бетіңді
Орамал
Аю мен қасқырданда
Ұзын менің тістерім
Бірақ жыртқыш аң емеспін
Шаштарға мен сән беремін
Тарақ
Т: Балалар шаршадықпа қанеки серігіп алайық
Орнымыздан тұрайық
Алақанымызды соғайық
Белімізді жазайық
Айналаға карайық
Біз тынығып алайық
Біз тынығып алған соң
Орынымызға барайық
Бізге біреу телефон соғып жатыр - ау деймін
Ало, Ало Бұл кім екен. Дәрігер Айболитпа ия, ия бізге келіңіз, дәрігер, мейірімді дәрігер Айболит сізді асыға күтеміз. Балалар бізге қонаққа дәрігер Айболит келе жатыр. Ол сонау Африкадан ұшып келеді, ол жақтағы ауру аңдарды емдеп енді бізбен танысуға және денсаулығымызды қарауға келе жатыр екен.
Айболит: Сәлеметсіздерме, балалар. Мен сендерге сонау Африкадан келдім. Ол жақта аңдарды емдедім. Мен енді сендермен танысып, сендердің денсаулықтырынды тексеруге келдім. Қазір мен сендерді күлімдеген көздерінді, қызғылт түсті беттерінді және әдемі күлкілеріңді, тістерінді қарағым келіп тұр.
(Дәрігер Айболит балаларға жақындап, олардын бастарынан сипалап, денсаулықтарын сұрайды)
Дәрігер Айболит: Балалар сендер тістерінді тазалайсындарма?
Б: Ия тісімізді таңертең және кешке тазалаймыз.
А: Балалар сендер жуынғанды жақсы көресіңдерме?
Б: Ия біз таңертең және кешке жуынамыз.
А: Жарайсыңдар балалар(Қалтасынан конверт алып хат оқиды.)
Африкадағы аңдар күнде өзімізге нүктелі жаттығу жасаймыз, ал сіздер жасайсыздарма? деп сұрак койды.
Т: Әрине дәрігер менің балаларым күнделікті нүктелі жаттығуларын жасап жүр. Осы жаттығудың арқасында біздің денсаулығымыз жақсара түсуде. Ешқандай ауруға жол бермейміз. Балалар біз дәрігерге нүктелі жаттығуын жасап көрсетейікші.
Қанеки балалар 1. Мұрын ұшын саусақ ұшымен айналдырайық
2. Қасымызды басбармақпен айналдырайық
3. Құлағымызды да саусақ ұшымен айналдырайық
4. Маңдайымызды да саусақ ұшымен айналдырайық
5. Енді соңғы нүкте жаттығуымыз алақанымызды ашып - жабайық
Т: Міне дәрігер Айболит біз осылай күнде нүктелі жаттығуын жасаймыз.
А: Жәрайсыңдар балалар сендер жаттығуды жақсы біледі екенсіңдер мен сендерге ризамын мінеки сол үшін сендерге тәтті дәруменім бар ала қойыңдар. Жақсы балалар мен енді кетейін Африкадағы қалған аңдарымды емдейін ол аңдар мені күтіп жатыр. Ал сендерге айтарым, өзімізді таза ұстауға үйренейік, ауырмайық, әрдайым көтеріңкі көңіл күйде болайық жақсы сау болыңыздар
Б: Сау болыңыз.
Қане балалар енді бәріміз Күн мен Жаңбыр қимылды ойынын ойнайық
Балалар бәріміз күн дегенде жарқыраймыз, ойнаймыз, жүгіреміз ал, жаңбыр дегенде бәріміз қолшатырымызды шығарып астына тұрып қалайық күн шыққанша жәрайма?
Б: Жәрайды.
Т: Балалар ойын ұнадыма келесіде тағыда ойнармыз.
Енді балалар сабағымызды қортындылайық
Т: Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
Б: Дәрігер Айболит
Т: Дәрігер Айболит бізге не үйретті?
Б: Деніміз сау болу үшін тазалықты сақтауға үйретті
Т: Біз қанжай жаттығу жасадық?
Б: Нүктелі жаттығу жасадық
Т: Жақсы балалар қонақтар бүгінгі ашық сабақ аяқталды келесі кездескенше сау болыңыздар.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар денсаулыққа қажетті құралдарды және оларды қалай пайдас бар екенін біледі.
Игереді: Нүктелі жаттығуды жасауды игереді.
Меңгереді: Денсаулықты қалай сақтау керектігі туралы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дәрігер Айболит бізде қонақта

Дәрігер Айболит бізде қонақта

Мақсаты: Балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеуге, сюжетті - рөлді ойынды өз ұйымдастыру,...
Ертегі кейіпкерлерімен бірге

Ертегі кейіпкерлерімен бірге "Ауырмайық" еліне саяхат

“Ертегі кейіпкерлерімен бірге «Ауырмайық» еліне саяхат” атты шара мектепалды даярлық сыныбына арналып ұйымдастырылған. Салауатты өмір салтын...
Емханада - сюжеттік рольді ойын

Емханада - сюжеттік рольді ойын

Сюжеттік – рольдік ойын: «Емханада» Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Қазақ тілі...
Мамандықтың барі жақсы

Мамандықтың барі жақсы

Мақсаты: әр мамандық иесі туралы, олардың пайдаланатын құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Мамандық атаулары туралы мағлұмат бере отырып,...
Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері

Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері

Мақсаты: Балаларға тазалық туралы түсінік бере отырып, жеке гигиеналарын сақтауға дағдыландыру. Денсаулық - басты байлық екенін ұғындыру....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×