Сайтқа кіру Тіркелу

Мендегі сәбіз 3 саны

Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Мендегі сәбіз» 3 саны.
Мақсаты: Сәбіздерді санау арқылы 3 санын менгеру.
Білімділігі: Логикалық ойын есептер шығару арқылы балаларды 3 санымен таныстыру. Санамақтар айтқызу. 3 санын ретімен санауды үйрету.
Дамытушылығы: Баланың жаңжақты ойлау қабілетін, танымын сұраққа толық жауап беру деңгейіне қарай тапсырмалар орындауға қалыптастыру. Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру, сөздік қорын, тілін, зейін қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Шығармашылыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқу іс - әрекетінің әдіс тәсілдері: Көрнекілік әдіс, деңгейлік оқыту әдіс, дидактикалық ойын, модульдік әдіс, ақпараттық жүйеде, оқыту әдісі, аукциондық әдіс.
Көрнекіліктер: Үлкен сәбіздер, кіші сәбіздер, үй геометриялық пішіндер, қояндар, диагностика, үнтаспа, ақпараттық құрал.
Ұйымдастыру бөлімі:
Пихологиялық тренг. «Жүрек жылуы»
Т: Балалар сәлеметсіздер ме!
Т: Балалар менің қолымдағы не?
Б: Жүрек
Т: Балалар мен сендерді өте жақсы көремін, сендерді ақылды тапқыр балалар деп ойлаймын.
Т: сендер мені жақсы көресіздерме?
Т: Ал, бәріміз, оң қолымызды өзіміздің жүрегімізді ұстап көрейікші
Т: Ал, менім жүрегім бір әдемі әуен тындайықшы деп тұр
Т: Әуен тындаймыз ба, балалар? ( әуен қосылады)
Б: Иә,
Т: Балалар көзімізді жұмып әуен тындайық.
Т: Көзімді жұмып ойланып кетіппін, мен мама мен кітап ханаға бара жатырмын, балалар сендердін ойларыңа не түсті?
Б: мен бала бақшада ойнап жүрмін, мен дүкеннен қуыршақ сатып алдым, мен Бәйтеректі көрдім, мен қыс мезгілін суретін салдым, мен шана салдым, мен қар домалатып жүрмін.
Т: Ой, балалар біздер бәріміз көзімізді жұмып қиялдап отырғанда «Көңілді сәбіздер» еліне бірақ шығыппыз ғой.
Жаңа материалмен таныстыру.
«Ғылыми орталық»
Т: Балалар неше сәбіз көріп тұрмыз?
Б: 3 сәбіз
Т: 1 сәбіз қандай түсті?
Б: Сары
Т: 2 сәбіз сарғышқызыл
Т: 3 сәбіз қандай түс?
Б: Қызғылт
Т: Балалар 1 сәбіз жаңадан пісіп келе жатқан сәбіз түсі сары болады. 2 сәбіз сарғыш бұлда жаңадан пісіп келе жатқан сәбіз екен. 3 сәбіз қызғылт сары сәбіз бұл піскен сәбіз. Бұл сәбіздердің бізге пайдасы көп сәбізді көп жесек бойымыз өсіп,
ақылымыз көп болады. Сәбіз жерде топырақ астында өседі. Жер бетіне тек сәбіздің сабағы шығады, ол көкөністерге жатады.
I - Тапсырма
Т: Мына бір сәбізді сендерге сатамын бұл сәбізді сендер алу үшін, 3 топқа тапсырма беремін,
Мынау «Сиқырлы қораптар»
1 топқа « Пішіндердің ішінен сәбізге ұқсасын тап»
2 тапқа «Сәбіз қайда өседі?»
3 топқа «Үлкен сәбізді құрастыру»
Т: Тапсырманы орнындаған топқа сәбіз беру.
II - Тапсырма «Модульдік әдіс»
Т: Мынау балалар қояндар, қояндар нені жақсы көреді?
Б: Сәбізді
Т: 3 қоянның бір үйшігі бар екен
Т: 1 қояның түсі қандай?
Б: Ақ түс
Т: Ақ қоянда неше сәбіз бар?
Б: 1 сәбіз бар
Т: 1 - саны туралы кім санамақ біледі? Бақтемір
Санамақ: Бір балапан ұяда,
Бір балапан қияда
Екеу болды есебі
Қалды ұяда нешеуі? (бір)
Т: 2 қояның түсі қандай?
Б: Күлгін
Т: Күлгін қоянда неше сәбіз бар?
Б: 2 сәбіз бар
Т: 2 - саны туралы кім санамақ біледі? Анэль
Санамақ:
Бір ағашта екі алма,
Мен де алмайын, сен де алма.
Қызыл емес, көк екен
Әлі піскен жоқ екен. (екі алма)
Т: Күлгін қоян мен ақ қоянда үйшіктен сәбіздерін алған екен
Т: 3 қоянның түсі қандай екен?
Б: Қара
Т: 3 қоян көңілсіз екен балалар, не үшін көнілсіз екен балалар, қара қоянға көмек берейік, көмектесеміз бе?
Б: Әрине, апай.
Т: Қара қояның неге көңілсіз?
Б: Сәбіздері жоқ
Т: Олай болса үйшіктің бірінші терезесін ашып көрейік.
Т: 1 терезеде 1 сәбіз, 2 терезеде 2 сәбіз, 3терезеде 3 сәбіз, қара қоянға үйшіктен сәбіздерді алып берейік.
( Балалардын жеке - жеке қара қоян ға көмек береді)
Т: Өте жақсы, балалар қара қоянға көмектестіңдер.
Сергіту жаттығу:
1 - деген де тұрайық,
2 - дегенде алақанды соғайық.
Оң жаққа иіліп,
Сол жаққа иіліп,
Біз жүгіріп алайық.
3 - дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?»
Ойынның шарты: Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Б: 4 мезгіл бар
Т: 4 мезгілді кім айтады? (көктем, жаз, күз, қыс)
Т: Осы төрт мезгілді мына, пішіндер арқылы бейнелейміз. Көктемде дөңгелек пішін жасыл түс, жаз да төртбұрышты пішін қызыл түс, күз сопақша пішін сара түс, қыс мезгілі үшбұрыш пішін ақ түс. (Айналамыз сарқыраған су ағып жатыр құстар жылы жақтан ұшып келіп жатыр, балалар құстарға ұя салып жүр жердің бәрі жап – жасыл, бұл қай мезгіл?
Б: Көктем ( дөңгелек пішін, жасыл түс)
Т: Балалар жаң – жағымыздың бәрі қызарып, күніміз ысып тұр, балалар суға түсіп жүр, бұл қай мезгіл?
Б: Жаз мезгілі (төрт бұрышты, қызыл түс)
Т: Талдың бәрі сарағайып, жерге түсіп жатыр айналамыздағы сарғайып қурап кеткен, құстар жылы жаққа ұшып кетті, күн суық жел, бұл қай мезгіл?
Б: Күз мезгілі (сопақша пішін, сары түс)
Т: Дала аппақ қар, балалар шанамен сырғанап ойнап жүр, адамдар қалың кейніп алған, күн аяз, далада қар жауып тұр, бұл қай мезгіл?
Б: Қыс мезгілі (үшбұрыш пішін, ақ түс)
Т: Өте жақсы балалар, балалар бізге кішкентай бейне тақта көмекке келіп тұр екен, менімен бірге 3 санын қайтала дейді. (1, 2, 3 санын қайталау)
Т: 1 саны туралы кім тақпақ біледі?
Мені келсе білгін,
Мен таяқша бірмін.
Сандарға жол бастап,
Ең бірінші тұрмын.
Т: 2 саны туралы кім тақпақ біледі?
Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрамын.
Бірді – бірге қосқанда,
Мен шығамын қарағым (2 саны)
Қортынды: Дидактикалық ойын: «Ойлан да, тап»
Т: Балалар бейне тақта ға қарандаршы Сәбіздердің суреті бейнеленген. ой балалар бейне тақтадан сәбіздер жоқ болып кетті, бейне тақтаға көмектесеміз бе?
Б: Әрине, апай
Т: Сәбіздерді тапбу үшін біздерге сұрақтар берілген екен
1 сұрақ
Сәбіз қайда өседі? (талда ма, жерде ме )
Пішкен сәбіздің түсі қандай? (жасылма, қылғылтпа)
Ақ қоянда неше сәбіз бар? (бір сәбіз бе көп сәбіз бе)
Көгілдір қоянда неше сәбіз бар? (екі сәбіз бе, бір сәбіз бе)
Қара қоянда үйшіктен неше сәбіз алып бердіндер?
(3 сәбіз бе? 1 сәбіз бе?)
Диагностика
Т: Балалар сұрақтарға өте жақсы жауап бергендерін үшін сендерге үш түсті (қызыл, сары, жасыл) дөңгелектерді өте жақсы білгендерін үшін сендерге түстерді беремін. (әр бала өзінің қалташығына әр түсті дөңгелектерінін орнын тауып салады)
Т: Өте жақсы балалар сендер көп біледі екенсіндер, көп білгендерін үшін сендеге көп оқысын деп, ертегі кітаптарды сыйға беремін.
Т: «Мендегі сәбіз 3 саны» атты ашық сабағымыз аяқталды сау болыныздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×