Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Төрлет құтты, Жаңа жыл!

Ертеңгілік іс - шараның тақырыбы: «Төрлет құтты, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балаларға қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, ертегі еліндегі түлкі тапсырмасын орындау арқылы, жұмбақтар шешу, жаңа жылдық тақпақтар айту, қимылдық ойынды ата - анамен бірге ойнауға, геометриалық пішіндерден шырша мен аққала бейнесін құрастыра білуге, түстерді тану, тіл байлығын, сөздік қорын, көркемдік талғамын, ой - қиялын дамыту, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге,
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Жылқы жылы келгенде, сыйғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Жаңа жыл кешімізге арнап « Асатаяқ» биі»қарсыалыңыздар!
Орманнан адасып қыз келеді, алдынан түлкі шығады.
Түлкі: Сылқым қыз қайдан келесің?
Қ: Мен Жаңа жыл кешіне баруым керек еді жолдан адасып қалдым!
Т: Оны мен білемін бірақ, айтпаймын?
Қ: Айтыңышы мені достарым күтіп жатыр.
Т: Олай болса мен алып барасыңба?
Қ: Әрине, бірге барамыз!
Т: Мен көп нәрсе білгім келеді!
Қ: Сенің достарың барма?
Менің достарым көп, олар гномдар осы орманда үйшікте тұрады.
Т: Менде көп тапсырма бар, мен білмей тұрғаным!
Қ: Білмесең менің достарым бәрін біледі.
Т: Онда сен менімен дос боласың ба?
Қ: Әрине, дос боламын! тез барайық, Жаңа жыл кешінен кешігеміз.
Түлкі мен қыз гномдар үйшігіне келеді.
Үйшіктегі гномдардан көмек сұрайды.
Қ: достарым түлкі жаның тапсырмасына көмек берейік.
Б: Әрине, көмек береміз.
Т: Тапсырма: Пішіндердің түсін, пішінін, не құрастыруға болатынын білмеймін!
Балалар: Пішіндер дөңгелек, үшбұрыш, түстер ақ пен жасыл.
Ақ түстен үлкен – кіші дөңгелектен аққала жасауға болады.
Жасыл түс үшбұрышты пішіннен шырша құрастыруға болады.
Түлкі: Достарына рақмет айтып бәрі бірге жолға шығады..
Жаңа жыл кешіне кіру үшін алдарында әр түсті жол жатады түстерін айтып үстінен басып өтеді.(Ақ, көк, сары, жасыл, қызыл, сұр, қара)
Жолда кедергі үйілген қар жатады.
Қимылды ойын: «Қар тасу»( Екі ата - ананы шақыру) балаларға көмек беру.
Ойын шарты: Екі ыдыстағы қарды, екі бос ыдысқа тасу.
Жүргізуші: Міне, балалар біздер ата - аналар көмегімен Жаңа жыл кешіне келдік.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті жиналған ата - аналар, тәрбиешілер және балалар! Сіздерді келе жатқан Жылқы жылы, жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз! Қош келіпсіздер «Төрлет құтты Жаңа жыл» кешімізге.
Жүргізуші: Гном
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Ән:
Ескі жыл келіп балалармен қоштасып, Жаңа жыл жылқымен таныстырып кетеді.
Жылқы:
Жаңа жыл, жаңа жыл!
Мен жаңа жыл жылқымын,
Жаңа келіп таныстым.
Еңбек еткен жандарға,
Көл – көсірмен табыспын.
Жақсылыққа бөлеймін.
Тыныштықты тілеймін,
Береке мен ырысты,
Мен жыл боламын табысты.
Жүргізуші:
Жаңа жыл қош келдіңіз, төрлет төрімізге Жаңа жыл елімізге, жерімізге, баршамызға құт, береке алып келсін, біздер сізге сенеміз»
Жүргізуші: Гном
Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір.
Бақыт болып Жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!
Балалар ортаға Аяз ата мен ақшақарды шақырайық.
Ол үшін аяз атаның құлағы естімейді айқайлап шақырайық.
Аяз ата, ақшақар, аяз ата ақшақар.
Аяз ата мен ақшақар келеді.
Аяз ата: Ау, армысыңдар ма, ұлдарым,
Армысыңдар ма, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің.
Қандай жарқын жырларың.
Асулармен алысқан.
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Кәне, шеңбер құрайық
Шыршаның шырағын жағайық.
Аяз ата: Олай болса, бәріміз бірге:
Қуант, бізді, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.(2 - рет)
Балалар қуанып шапалақ соғады.
Ақшақар
О, жараңдар қараңдар,
Қызықтарын санаңда.
Сүйсіндірер маңайды.
Ақшақармын арайлы,
Жалт - жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ.
Кәне, балалар келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Ақшақар: Өздерің де аман - есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аяз ата дорбасында
барлығыңа жететін сыйлық бар.
Ақшақар: Ой, шыршаларың қандай әдемі, керемет! Шыршаны айналып бір ән айтсақ қайтеді.
Балалар шырша айналып аяз атамен ақшақар, Жаңа жыл мен бірге ән айтады.
Ән:
Би: «Көңілді балақайлар»
Ақшақар
Балалар қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі!
Қыста далада не болады?
- Қар болады!
Қардың түсі қандай?
Ақ түсті.
Ақшақар балалар сендер бәрін біледі екенсіңдер.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін табыңдар.
Жұмбақтар
Аспаннан ақ ұлпа борады,
Қырқаны сейсепке орады. Ол не?(Қар)
Қолыменен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп.(Аяз)
Қыста шыны боп қатады, Сақалы желбіреп,
Жылыда су боп жатады.(мұз) Жүрегі елжіреп.
Үстінде бар жасыл тоны, Жылда бір келеді,
Шамдары бар жайнаған, Көп сыйлық береді (Аяз ата)
Балалар жүр қарап оны, Ол кім?
Әнге басып айнала.(шырша)
Жүргізуші: Гном. Аяз ата сізге арналған біздің балалардың тақпақтары бар
кәне, кім айтады екен, ортаға шақырайық
Жаңа жыл Жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам он болсын.
Төрле, төрле Жаңа жыл,
Бізге Құтты жыл болсын.
Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны - ай,
Кесіп алсам шіркін - ай!
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп сағынған.
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа – жыл,
Ата - әже, әке - шеше.
Құтты болсын Жаңа жыл.
Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән,
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Ақырауға малынған,
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Безендіріп шыршаны,
Аяз оны басқарды.
Жүргізуші: Біздің балалар, Аяз атадан сыйлық алуға, жаңа жылға тақпақтар айытқысы келіп тұр. Ортаға шақырайық Жандос, Қарақат, Ерасыл, Еркебұлан, Саян, М. Ислам, Хидаят, Аида, Фатима, Шұғыла.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Шырша келді ортаға,
Қандай жақсы шыршамыз,
Тауда тауып, тауда өсіп,
Ән шырқайық баршамыз.
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Жауды міне қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Жасырыпты жолдарды,
Тегістепті орларды.
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап,
Балалармен бірге қонды.
Аяз келді қаҺарлы,
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр.
Дәл атамдай салмақты.
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге,
Жаңа табыс, тілейік ісімізге,
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін!
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Ән:
Жүргізуші:
Ата – аналармен бірге ойын ойнаймыз. Сіздер іштеріңізден бес ата - ананы ойынға қатысуға ортаға шақырамыз.
Қимылды ойын: «Көлеңке»
Ойын шарты: ата - ана өз балаларын алып, музыка ырғағымен, бала қандай қимыл жасаса бірге жасайды.(5 ата - ана)
Жүргізуші: Гном. Ата - аналар үлгідегі ертегіні тауып рөлге бөліп ойнау. Ертегі кейіпкерінің дауысын салып көмекке келу.
Ойын: Шалқан ертегісін рөлге бөліп ойнап беру.( Ата, Әже, қыз, ит, мысық, тышқан. )
Аяз ата мен ақшақар ата - аналар ойынды жақсы ойнағандары үшін рақмет айтып балаларға сыйлықтарын таратады. Аяз ата мен Ақшақар балалармен қоштасып кетіп қалады.
Жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай, әрбір күнің әр айың.
Жүргізуші: Гном.
Тойларыңыз құтты болсын, балалар!
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!
Жүргізуші:
Құрметті: ата - аналар, тәрбиеші ұстаздар, қонақтар, Жаңа жылымыз құтты болсын, еліміз тыныш, бауырымыз бүтін деніміз сау, нанымыз көп болсын, және де балаларымыз шаттық күлкіге бөлене берсін.
«Төрлет Жаңа жыл» атта ертеңгілік іс - шарамыз өз мәресіне жетті, сау болыңыздар, бүлдіршіндеріміз көп болсын, аман болсын.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету