Сайтқа кіру Тіркелу

Геометриялық пішіндер еліне саяхат

Шаттық шеңбері
Армысың, алтын Күн!
Армысың, асыл Жер!
Армысың, көк Аспан!
Армысын, құрметті қонақтар!
Армысың, жан достар!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым бос!(Шеңберде тұрып, қайталайды. Бір - біріне жалуын сыйлайды.)
Балалар, далада қандай мезгіл? Қыста неше ай бар? Қазір қай ай?
Балалар: Қыс. 3 ай – желтоқсан, қаңтар, ақпан. Ақпан айы
Жарайсыңдар, біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болады. Сендер саяхатты ұнатасыңдар ма?(ия ) Олай болса, бүгін геометриялық пішіндердің ғажайып еліне саяхат жасаймыз.(қуана келіседі)
Қандай көлікпен баратынымызды суреттен қарайық. Көлік оталу үшін, ондағы пішіндерді атау керек. (машинаның оталған дауысы шығады)
Балалар: пішіндерті атайды
Балалар, міне пішіндер қалашығына келдік, пішіндерден құралған үйлер көп екен, оның ауласына кіру үшін тапсырмаларын орындау керек.
1. Суретте неше үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек? Қай пішін көп?
Балалар: Санап, айтады
Жарайсыңдар, балалар, ауласына кірдік, бірақ, қаланың тұрғындары көрінбейді, іздеп тауып алайық, ол үшін:
2. Пішіндерден адам құрастыру керек
Балалар: Әртүрлі пішіндерден адам бейнесін құрастырады.
Балалар, бұл қалашық адамдары көңілсіз екен, себебі, олардың уақыт көрсететін сағаттары бұзылып қалыпты, жөндеуге көмектесеміз бе?
Балалар: ия
Ол үшін әуелі сандарды қайталайық.
3. Сағаттың түсіп қалған 5 - ке дейінгі
цифрларын орнына қояды.
Балалар: 1 - 10 ға дейін тура және кері санайды.
5 - ке дейінгі сандардың орнын, көршісін анықтайды
Сергіту сәті1, 2, 3, Қарлығаш боп ұш,
4, 5, 6, Аспанда ұшып қалқы.
7, 8, 9, 10, Орныңа кеп қон.
Төртбұрышты, біреуі пішін, біреуі фигура
Балалар, қала тұрғындары сендерге рахметін айтып, сендерге мынадай текшелер сыйлады, олармен ойын ойнайық.
4«Қандай текше жоқ?»
Текше мен төртбұрыштың қандай айырмашылығы, ұқсастығы бар
Төртбұрышты, біреуі пішін, біреуі фигура
Балалар, пішіндер қалашығына барып, пішіндер туралы біраз білім алдық, енді тобымызға қайтайық.
Балалар, енді көлікті қайда қою керек?
Олай болса «Гараж» ойынын ойнайық
Гаражға
Пішіндерді өз ұясына кіргізіп ойнайды
Күтілетін нәтиже
Білді: Геометриялық пішіндер, фигураларды ажыратуды, атауды, оларды пайдаланып түрлі бейнелер құрастыруды
Игерді: Шапшыңдықты, бірлесіп жұмыс жасауды
Меңгерді Пішіндерді түсі, көлемі бойынша анықтауды
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×