Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жеті лақ ертегісі желісі бойынша

Мақсаты: Балалардың көркем шығармалар арқалы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін дамыту. Ертегілермен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырату. Ертегіні мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіре отырып сөйлеу, рольге бөліп ойнау, баланың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Білім беру бөлімі: Тіл дамыту
Әдіс - тәсілі: ертегіні сахналау, өлең, диалогты сөйлеу.

Қажетті құрал: атрибуттар, үй, ағаш
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет
Дөңгелене тұрайық шаттық шеңберін құрайық.
Армысың асыл күн
Армысың көк аспан
Армысың, жер ана
Армысың, жан досым
Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым Балалар, біз қандай ертегілерді білеміз? суретін қарау
Бүгін біз, сіздермен қонақтармен бірге «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін сахналаймыз. (Кейіпкерлердің атрибуттарын киеді)
Жүргізуші: Ерте ерте заманда бір ешкі және жеті лағы болыпты. Олар орманда
өмір сүріпті. Ешкі орманнан азығын тауып, жинап әкеледі екен. Ешкі орманға
кетерінде былай дейді:
Ешкі: Лақтарым шырақтарым шұнақтарым есікті ешкімге ашпаңдар, мен сендерге шөп, сүт әкелемін
Лақтар: жарайды есікті ешкімге ашпаймыз
Жүргізуші: лақтар үйде ойнап, секіріп қала береді. Ешкінің үйде жоғын білген қасқыр, ешкінің үйіне келіп есігін қағып былай дейді.
Қасқыр: лақтарым шырақтарым, шұнақтарым анаң орманнан келді, есікті ашыңдар.
Лақтар: мә - мә есікті ашпаймыз сен біздің анамыз емессің! сенің даусың жуан, ал анамыздың дауысы жіңішке.
Жүргізуші: сөйтіп қасқырға есікті ашпайды орманнан анасы оралады.
Ешкі: лақтарым, шырақтарым қутыңдаған шұнақтарым Есікті ашыңдар, аналарың шөп, сүт әкелді.
Жүргізуші: Лақтар есікті ашады аналары үйге кіреді. Лақтар қасқыр келіп есікті ашылғанына айтады.
Ешкі: Жарайсыңдар лақтарым! мен орманға тағы кетемін, ал сендер есікті ешкімге ашпаңдар деп орманға кетеді. Ал қасқыр үйдің жанында ешкінің кеткенін көріп, тағы да келеді, даусын жіңішкелендіріп әндетеді.
Қасқыр: лақтарым шырақтарым, мен сендерге сүт, шөп әкелдім есікті ашыңдар.
Жүргізуші: Лақтар қуанып есікті ашып жіберсе ол қасқыр болады.
Қасқыр: а – а сен сендерді ұстап үйіме алып кетемін.
Жүргізуші: 6 лақты қасқыр алып кетеді ал бір лақ тығылып қалады. Орманнан ешкі оралады, үйіне келсе есік ашық лақтарын іздейді.
Ешкі: лақтарым шырақтарым қайдасыңдар
Жүргізуші: Тығылып қалған лақты тауып алады. Ол болған жайды баяндап береді.
Ешкі: жүр ендеше орман ішін аралап қасқырдан сұрайық.
Жүргізуші: Ешкі мен лақ орман ішін аралап келе жатса алдыңнан қасқыр шығады.
Ешкі: Қасқыр сен, менің лақтарымды көрдің бе?
Қасқыр: Жоқ, олар орманда ойнап жүрген болар.
Жүргізуші: сөйтіп қасқырмен ешкі келе жатса алдарынан үлкен шұңқыр кездеседі.
Қасқыр: ешкі секір,
Ешкі: жоқ, бірінші сен секір.
Жүргізуші: сөйтіп қасқыр шұңқырдан секемдеп түсіп кетеді. Ал ешкі лағымен
шұңқырды айналып өтіп, қасқырдың тығып қойған лақтарын тауып алып өз
үйлеріне оралады.
Ертегі осылай аяқталды, ролді ойнаған кейіпкерлермен таныстырылады.
Өлең айтады.
Шөре, шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.

Күтілетін нәтижелер:
Білу: Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндау.
Игеру: Тіл байлығын, сөздік қорын молайту.
Үйрену: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажырату.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету