Сайтқа кіру Тіркелу

Білім еліне саяхат

Мақсаты: Балалардың өткен сабақ туралы білімдерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасату, сөз ойлап, сөзден сөйлем құрату, буынға бөлу және тұтас оқуға жаттықтыру арқылы балалардың сөздік қорын байыту. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, логикалық ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Кеспе әліппе, суреттер, ребус схемасы, сөйлем сызбасы, атрибут - тар, текшелер
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, көрнекілік ойын, түсіндіру

Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Күндей жарқырап,
Айдай аралап
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз білім еліне саяхатқа шығамыз. Ал, ол үшін жол бойы біз көптеген сынақтардан өтуімізге тура келеді. Сендер сол сынақтардан өтуге дайынсыңдар ма?
Балалар: Дайынбыз
Тәрбиеші: Ендеше саяхатқа аттанайық
І.(Жолда «Ғалым» кездесті. Ол сабақ жүргізу тізгінін өз қолына алады)
Ғалым: Сәлеметсіңдер ме, балалар
Балалар: Сәлеметсіз бе
Ғалым: Сендердің саяхаттарың ары қарай жалғасу үшін менің тапсырмамды орындауларың керек. Орындайсыңдар ма?
Балалар: Иә, орындаймыз
Тапсырмалар:
1. Дыбыс деген не? Әріп деген не? Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді? Дауыссыздар ше?
3. Суреттерді атап дыбыстық талдау жаса (алма, шар, тау)
4. Логикалық тапсырмалар:
Ғалым: Балалар, сендер менің тапсырмамды тегіс орындадыңдар. Ары қарай
жүре берулеріңе рұқсат. Енді осылай тура жүре беріңдер алдарыңнан ақ сақалды қария шығады. Сау болыңдар
Балалар: Сау болыңыз
ІІ.(Әріптер еліне жетеді, әріптер атасы қарсы алады)
Тәрбиеші: Балалар, біз әріптер әлеміне келген сияқтымыз.
Әріптер атасы: Сәлеметсіңдер ме, балалар мен сендерді тосып жүр едім.
Балалар: Сәлеметсіз бе
Әріптер атасы: Сендер ғалым ата елінен өткендеріңе қарағанда білімдерің
зор болар,- деп ойлаймын. Менің де сендерге әзірлеген тапсырмаларым бар. Соны орындасаңдар ары қарай саяхаттарыңды жалғастыра аласыңдар.
дайынсыңдар ма?
Балалар: Иә
Тапсырмалар:
1. Ана, бала сөздерін әріп таңбаларымен жаз.
2. Ребус шешу: Қоңырау+гүл, тас+бақа, тау+шымылдық
3. Ойын: «Сөз ойла, көп ойла!»
Әріптер атасы: Менің тапсырмамды дұрыс орындап шықтыңдар. Жолдарың болсын. Сау болыңдар, балалар
Балалар: Сау болыңыз
Сергіту сәті: Сәлем көздер, ояныңдар!
Сәлем, құлақтар ояныңдар!
Сәлем, қолдар, ояныңдар!
Сәлем, аяқтар, ояныңдар!
Көздер көреді
Құлақтар естиді,
Қолдар шапалақтайды,
Аяқтар тоқылдатады.
ІІІ. (Сауаттылық еліне келіп жетеді)
Сауаттылық: Сәлеметсіңдер ме балалар, Сауаттылық дейтін ағаларың мен боламын.
Балалар: Сәлеметсіз бе
Сауаттылық: Мен сендердің келетіндеріңді біліп тосып отырмын, сендерге деген тапсырмаларым да бар. Соны орындасаңдар ары қарай жүрулеріңе рұқсат. Қалай дайынсыңдар ма?
Балалар: Иә, дайынбыз.
Тапсырмалар:
1. Адасқан буындарды тап
2. Отан, ата сөздеріне сөйлем құра.
3. Сызба бойынша жұмыс:
4. Жұмбақтар шешу: а) Аппақ дала, қара дән,
Дәнін сепкен - түсінуге жараған. (Әріптер)
ә) Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын. (Сөйлем)
Сауаттылық: Бұл жұмбақтар не туралы
Сауаттылық: Өте тамаша білім алған екенсіңдер. Осы білімдеріңді одан әрі
асырыңдар. Жолдарың болсын. Сәт сапар. Сау болыңдар.
Балалар: Сау болыңдар
IV. (Балалар жолда торда отырған қоянға кездеседі)
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар келгендерің жақсы болды. Мына тапсырмаларды орындау керек. Сонда мені тор босатады. Ал мен түкте білмеймін. Көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә
Тапсырмалар: 1. Сөйлемді жалғастыр: а) Әжем ауылдан... (келді)
ә) Орманда бұлбұл... (сайрайды)
б) Мен қызықты ертегі... (тыңдадым)
2. Қарама - қарсы сөздерді ата? Ақ - қара, биік - аласа, ыстық - суық, қыс - жаз, жас - кәрі, ұзын - қысқа, ұл - қыз, ащы - тұщы.
3. Ойын: «Иә - жоқ» ойыны
Қар: Өзі ақ - иә Алма: Тәтті - иә
Жұмсақ - иә Төртбұрышты - жоқ
Ащы - жоқ Дөңгелек - иә
Ұлпа - иә Жерде өседі - жоқ
Ып - ыстық - жоқ Балалар жақсы көреді - иә
Ериді - иә. Қыста жинайды - жоқ

Қоян: Рахмет балалар, маған көмектестіңдер. Жолдарың болсын.
Енді менде бос жүрмей, балабақшаға барамын білім аламын.
Балалар: Сау бол, қоян (кетеді)
Тәрбиеші: Міне балалар, біздің саяхатымыз аяқталып, тобымызға келдік. Кәне естеріңе түсіріңдерші саяхат кезінде бізге кімдер кездесті.
Қорытынды:
Балалар: Ғалым, Әріп ата, сауаттылық, қоян.
Тәрбиеші: Иә, біз олардың әрбір тапсырмасын орындадық. Әйтпесе бізді олар
жібермес еді. Біз ненің арқасында сынақтардан өттік? Оқу, білім бізге керек пе?
Балалар: Иә, керек
Тәрбиеші: Ендеше, осы оқу - білім туралы мақал айтайық:
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Тәрбиеші: Бүгінгі күні саяхатта кім көп жауап беріп, жол ашты мына жерде сый күтіп тұр. Әркім өзі жауап бергеніне қарай сыйлықтарын алуы керек.
(Балалар өз - өздерін бағалайды)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×