Сайтқа кіру Тіркелу

Балалардың бал мекені

«Балалардың бал мекені»
Би: «Ұлттық би»- орындайтын Аруна

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұжымдастар, бүлдіршіндер! Бүгінгі «Балалардың бал мекені» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бұл мереке баршамызға ортақ бүгін
Бізбен бірге қуаныңыз, ойнап күлің
«Жұлдыз» атты бақшамызда бүгін той
Бақшамыздың туған күні біліп қой
Балалардың көзайымы болсын қане
Тойымыздың біз ашайық шымылдығын!

Хор: «Балабақшам - Жұлдызым» әні

Жүргізуші:
Тойымыздың шымылдығын ашу үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Е. Ғ. Болатқызына беріледі.

Жүргізуші:
Бүгінгі мереке ерекше, себебі «Жұлдыз» балабақшасының 5 жылдық мерей тойымен бірге бақшамызда бірнеше жыл мәпелеп өсірген «Еркетай» тобындағы бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
(осы кезде балалар келіп екі қатарға тұра береді)

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

Жүзім: Армысыздар халайық!
Әсем әнге салайық
Айтпас бұрын ән жырды
Амандасып алайық!

Хормен тақпақ: Қатар жүрген ұл - қызбыз
Орыс, татар, қырғызбыз
Азербайжан, неміспіз,
Бәріміз де жұлдызбыз!

Би: «Орыс биі»
Ән: «Ертегілер» (Сахнада балалар мен кейіпкерлер билеп жүреді)

Залға сандық сүйреп Маша кіреді. Балаларды көріп шошиды.
Маша: Бұл менің тауып алған сандығым. Немене барлығың жиналып қалдыңдар. Ешкімге де бермеймін. Бұл жерде менсіз не болып жатыр?

Жүргізуші: Маша сен уақытылы келдің, бізбен бірге мерекені тойла.

Маша: Мен аюымсыз қалай тойлаймын.
Миша! Миша! Миша!

Аю: Тағы не бүлдірдің? Қайда кіріп кеттің? - балалармен амандасып:
- Балалар, Маша сендерді ренжіткен жоқ па? Мынау не сандық кімнен алып кеттің?

Маша: Миша, мен бұл сандықты өзім тауып алдым. Енді бұл менікі.

Аю: Жарар, енді Маша балабақшаның мерекесін бұзба, жүр кетейік.- деп Машаны аю сүйреп алып кеткісі келеді.

Маша: жоқ мен де мерекені тойлап, балалармен бірге мектепке барғым келеді. Сендер мектепке барғыларың келе ме? Балабақша туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Нұртас:
Ақ төсекке жатқызған,
Тәтті тамақ жасаған,
Бала болып ойнаған,
Күтушімізге мың алғыс.
Мейрамбек:
Білім деген алтын жол
Апарар сізді алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Жолың болсын балдырған!
Миржан:
Сүйген өз қыз, өз ұлын,
Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай, болды анамдай.
Ақмерей:
Балабақшам бесігім
Қайсысын айтып бітейін
Қабыл алшы гүлімді
Сіздерге сыйлап кетейін.
Сафуан:
Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз!

Маша: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді сандықты маған ашып беріңдерші.

Балалар: Бұл сандықты ашу үшін кілт керек.

Бақаның дауысы шығып, Бақа келеді:
Мен білемін кілттің қайда екенін. Бірақ мен айтпаймын.

Маша: айт қане.

Бақа: Ендеше менің қоятын сұрағым бар.
- 1жылда неше мезгіл бар?
- Мен қай мезгілде боламын?
- Ал қыс мезгілінде мен не істеймін
Маша жауап бере алмай балалардан көмек сұрайды.

Бақа өзінің кішкентай бақаларын шақырып, кілтті беруді сұрайды.
Бақалар: Біз ол кілтті жоғалтып алдық
Маша ренжиді.

Бақа: Маша ренжімеші
Би: «Бақалар биі»
Құлпынай теріп Аю келеді: 1, 3, 2, 5, 4...

Маша: Миша, Миша сен дұрыс санап жатқан жоқсын ғой.
Аю: Қалай санау керек, сен білесің бе?
Маша: Жоқ, мен де білмеймін. Бақшадағы құрбыларымды шақырайын олар білетін шығар.
Бес бала 1 - 5 дейін табличкаларымен шығады.
Маша: Қане құрбыларым ретімен тұра қойыңдаршы.
Балалар тұрып, тура және кері санайды, санамақтар айтады.
Маша: рахмет енді біз дұрыс санап, сандарды тани аламыз.

Би: «Шалала»
Ән: «Бала тілегі» балалардың орындауында. Қасқырлар келіп балаларды қуады 5 баланы ұстап алады.

Маша: Қасқыр ағатайлар, жіберіңдер достарымды.

Қақырлар: Біз кішкентай балаларды, қонжықтарды жақсы көреміз. Жіберетін болсақ бізге өнерлеріңді көрсетіңдер.

Диас:
Мектепке ертең барамыз
Оқимыз сауық құрамыз
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз
Айдана:
Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз
Бекзат:
Қош балалар бақшасы
Естен кетпес есімің.
Қош балалар бақшасы
Алғаш ашқан есігің.

Маша: Ал енді ұстап алған қонжықтар ды да жіберіңдер.

Қасқырлар: Ендеше жұмбақтарымызды шешіңдер. Шешуін таба алмасаңдар қонжықтарды жібермейміз.
Жануарлар туралы жұмбақтар жасырылынады.

Қасқыр: Қасқыр, аю, қоян, түлкі қандай жануарларға жатады? Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
Балалар жауап береді.

Қасқырлар: Жарайды қонжықтарды босатамыз.- деп кетеді.
Би: «Қонжықтар»
Машаның қолында мылтығы болады, ол қоянды зыр - зыр сахнада қуып жүреді.
Аю: Маша саған не болған, ол қоянды неге атпақшысың? Кішкентай қоғансыз аңдарды атуға бола ма?
Балалар: Жоқ болмайды.
Маша: балалар, сендер мені түсінбедіңдер. Бұл мылтық емес, бұл - фотоаппарат. Мен қоянды
жай ғана суретке түсіргім келген. Ал, ол болса қорқып қашып кетті
Аю: Саған қоянның суреті керек пе? Бұл істі оңай шешуге болады. Мына «Жұлдыз» б/б балалары сурет салу байқауларына қатысып жүлделі орындарға ие болған, олар саған қоянның суретін оңай салып береді.

Маша: Алақай! Алақай! Рахмет!
Сығалап тұрған қоян да келіп, қуанып рахметін айтады. Көжектерін шақырып, би билейді.
Би: «Көжектер»
Маша қоян мен көжектерді суретке түсірмекші болып, қоянның мойнындағы кілтке көзі туседі. Қоян кілтті береді. Маша қуанып кілтпен сандықты ашады.
Ішінен сайқымазақ шығады. (хлопушкалар атылады)

Сайқымазақ: Рахмет саған Маша мені бостандыққа шығардың. мені Жалмауыз кемпір қамап тастап еді. Алақай! 5 жылдық мерей тойларыңыз құтты болсын!!!
Би: «Сайқымазақ биі»
Хор: «Атамекен» бәрі.
Қонақтарға сөз беріліп, алғыс хаттар, дипломдар, сыйлықтар таратылады.
Сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×